Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.04.14 N 93 қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 17) тармақшасына сәйкес, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңы 7 бабы 5-4) тармақшасы, 18-1 бабы негiзiнде облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстiк Қазақстан облысында әлеуметтiк жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың қоса берiлген Ережесi (iлгерiде - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы Ереженi iске асыру жөнiнде ұйымдастыру және әдiстемелiк жұмыс жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы
N 237
3. Аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдiктерi көрсетiлген Ереженi iске асыру үшiн қажеттi жағдайлар жасасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бірінші орынбасары М.К. Мырзалинға жүктелсiн.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы
N 237
5. "Солтүстiк Қазақстан облысында мүгедектер үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесiн бекiту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 11 шiлдедегi N 177 қаулысының (2005 жылғы 28 шiлдедегi тiркеу N 1593, 2005 жылғы 3 тамыздағы "Солтүстiк Қазақстан" газетi, 2005 жылғы 3 тамыздағы "Северный Казахстан" газетi) күшi жойылды деп танылсын.
Облыс әкiмi
Солтүстiк Қазақстан
облысы әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 288 қаулысымен бекiтiлген
Солтүстiк Қазақстан облысында әлеуметтiк жұмыс
орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесi
Солтүстiк Қазақстан облысында әлеуметтiк жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың осы ережесi (iлгерiде - Ереже) халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың тәртiбiн анықтайды, әлеуметтiк жұмыс орындарын ашатын және ұсынатын жұмыс берушiлермен есеп-айырысудың негiзгi шарттары мен жүйесiн реттейдi.
1. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар:
1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс берушiлердiң халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн, жергiлiктi атқарушы органдарымен шарт негiзiнде ашатын, жұмыс берушiлердiң олардың еңбегiн төлеуге жұмсаған шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
2) нысаналы топтар - жұмысқа тұруға қиыншылық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды талап ететiн тұлғалардың топтары.
Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте тұратын нысаналы топтарды жыл сайын анықтау және оларды әлеуметтiк қорғау арқылы халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамтамсыз ету және сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері таратылады.
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы
N 237
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырудың
және оларға жұмысқа орналастыру тәртiбi
3. Жұмыс берушiлер халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн, осы жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлердiң еңбекақысы жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iшiнара төленетiн жағдайларда әлеуметтiк жұмыс орындарын ашады және (немесе) ұсынады.
4. Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе ашу арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшелiктерi бар:
1) нысаналы топтар үшiн арнайы тағайындалған;
2) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипат алады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
5. Нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға және (немесе) ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілерді іріктеуді уәкілетті орган жұмыссыздың еңбегіне мейлінше жоғары жалақы ұсынатын жұмыс берушіні айқындау мақсатында конкурстық негізде жүргізеді.
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Солтүстік Қазақстан облысы Әкімдігінің 2006 жылғы 28 наурыздағы
N 56
қаулысымен.
6. Жұмыс берушi әлеуметтiк жұмыс орындарын ашуды және (немесе) ұсынуды жергiлiктi атқарушы органдармен шарт негiзiнде жүзеге асырады.
7. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбегiне ақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарының мерзiмi мен қаржыландыру көздерi қарастырылады.
8. Уәкiлеттi орган:
1) халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседi және олардың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi;
2) халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды олардың келiсiмiмен әлеуметтiк жұмыс орындарына жiбередi;
3) жұмысқа жiберiлген жұмыссыздар саны, жұмыс берушiлер тiзбесi және әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлердiң жалақысын төлеуге жергiлiктi бюджет қаражатынан аударылған өтемақылар мөлшерi туралы мәлiметтердi есеп беруден кейiнгi айдың бесiне дейiн Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына ай сайын ұсынады.
Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы
N 237
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың
көздерi мен шарттары
9. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi: жұмыс берушiлердiң және жергiлiктi бюджет қаражаттары болып табылады.
10. Жұмыс берушiнiң әлеуметтiк жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың еңбегiне ақы төлеуге жұмсалған шығыстары жергiлiктi бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiлеген жалақының ең төменгi мөлшерiнен елу пайыз мөлшерiнде алты ай iшiнде iшiнара өтеледi.
11. Уәкiлеттi орган жұмыссызды жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрық үзiндiсiнiң бекiтiлген көшiрмесiн және жұмыс уақытын есепке алу табелiн алғаннан кейiн бюджеттiк қаражатты жұмыс берушiнiң есеп шотына немесе жұмыссыздың жеке есеп шотына аударады.
12. Жұмыс берушi ай сайын қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтiк жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздың еңбегiне ақы төлеудi жүзеге асырады.
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ашу
мен қаржыландырудың тәртiбiн бақылау
13. Мемлекеттiк органдар заңнамада белгiленген тәртiппен халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ашу мен қаржыландырудың тәртiбiн бақылауды жүзеге асырады.