Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.04.14 N 93 қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 288
қаулысына
(2005 жылғы 29 желтоқсан Солтүстік Қазақстан өңірлік мемлекеттік тіркеу тізілімінің бөлімшесінде N 1608 тіркелді, 2006 жылғы 6 қаңтар "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2006 жылғы 6 қаңтар "Северный Казахстан" газетінде жарияланды), "Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 288 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 28 наурыздағы N 56
қаулысымен
енгізілген өзгерістермен (2006 жылғы 14 сәуір Солтүстік Қазақстан өңірлік мемлекеттік тіркеу тізілімінің бөлімшесінде N 1618 тіркелді, 2006 жылғы 1 мамыр N 51 "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2006 жылғы 28 сәуір N 50 "Северный Казахстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 тармақта "департамент" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
4 тармақта "облыс әкімінің орынбасары Ж.Ы. Омаровқа" деген сөздер "облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К. Мырзалинға" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың және қаржыландырудың ережесінде:
2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамтамсыз ету және сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері таратылады.";
8 тармақтың 4) тармақшасында "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Біләлов