Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 15.05.2018 № 8 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Петропавл қаласы бойынша бекітілген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 27 сәуірдегі Петропавл қалалық мәслихаты IV шақыру ХV сессияның № 1 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 21 мамырдан № 13-1-154 тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырдан "Проспект СК" газетінде № 22, 2009 жылғы 29 мамырдан "Қызылжар-Нұры" газетінде № 22 жарияланған) келесі өзгерістер еңгізу:
көрсетілген шешімнің 2 тармағын шығару;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің қосымшасын жаңа редақцияда баяндау.
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күн өткенде күшіне енеді.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | С. Леонтьев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Р. Сыздықов |
№ к/к | Салық салу нысаны |
АЕК 1 ай үшін белгіленген |
1 |
Ұтыссыз ойын автоматы | 2,5 |
2 |
Боулинг (кегельбан) – | 33,2 |
3 | Карт | 2,4 |
4 | Бильярд үстелі | 9,5 |
5 |
Ұтыссыз ойын автоматы | 6,4 |
6 | Ойынды жүргізу үшін қолданылатын персоналды компьютер | 2,2 |