Петропавл қаласы бойынша бекітілген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 мамырда N 13-1-154 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 15.05.2018 № 8 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV ЗРК Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабы 2-тармағына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаменті" ММ-нің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № УНА 02-1-11/000228 хаты негізінде, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес қызметтің жеке түрлері бойынша бекітілген салық ставкалары белгіленсін.

      2. алынып тасталды - Солтүстік қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2009.12.25 N 16 Шешімімен

      3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күн өткенде күшіне енеді.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы С. Худяков
      Қалалық мәслихат хатшысы Р. Сыздықов


  Петропавл қалалық мәслихаттың
2009 жылғы 27 сәуірдегі
IV шақырылған кезектен тыс
XV сессиясының № 1 шешiмiне
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2009.12.25 N 16 Шешімімен

№ к/к

Салық салу нысаны

АЕК 1 ай үшін белгіленген салық мөлшерлемесі

1

Ұтыссыз ойын автоматы
(1 ойыншымен)

2,5

2

Боулинг (кегельбан) –
ойын жолы

33,2

3

Карт

2,4

4

Бильярд үстелі

9,5

5

Ұтыссыз ойын автоматы
(1 ойыншыдан артық)

6,4

6

Ойынды жүргізу үшін қолданылатын персоналды компьютер

2,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады