Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 08.04.2013 N 02.09.01-05/374 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 20-бабы 1-тармағына, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру Ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруы туралы» аудан әкімінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 75 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 75 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылы 4 мамырда № 13-5-92 тіркелген, «Новости Приишимья» 2009 жылғы 9 мамырдағы № 19 газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шақыру комиссиясының құрамына: Василий Иванович Симиков, Серік Ешімбайұлы Ташетов енгізілсін;
шақыру комиссиясының құрамынан: Бақытжан Серікұлы Бекиш, Айдар Жұмабекұлы Қалижанов шығарылсын.
2. Комиссия келесі құрамда бекітілсін:
Ғабдуллин «Ғабит Мүсірепов атындағы
Дулат Бекейұлы ауданның Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, комиссия
төрағасы
Симиков аудан әкімі аппаратының
Василий Иванович азаматтық қорғаныс және
төтенше жағдайлар жөніндегі
жетекші маман, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Ташетов Ғабит Мүсірепов атындағы
Серік Ешімбайұлы ауданның ішкі істері бөлімі
бастығының қызмет жөніндегі
орынбасары
Селезень Қазақстан Республикасының
Алексей Николаевич денсаулық сақтау Министрлігінің
Солтүстік Қазақстан облыс
әкімдігінің Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданның «Орталық
аудандық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның
ұйымдастыру-әдіскерлік
бөлімінің меңгерушісі,
дәрігерлік комиссияның
төрағасы;
Бейкель Қазақстан Республикасының
Светлана Николаевна денсаулық сақтау Министрлігінің
Солтүстік Қазақстан облыс
әкімдігінің Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданның «Орталық
аудандық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның
емхананың дерматовенерологиялық
бөлімшенің кабинет медбикесі,
комиссия хатшысы.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов