2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруы туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 75 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 мамырда N 13-5-92 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі N 02.09.01-05/374 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 08.04.2013 N 02.09.01-05/374 хаты)

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 1920 баптарына сәйкес және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығы мен «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру Ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.
      3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас дәрігері Қаныш Болатұлы Бижановқа ұсынылсын (келісім бойынша):
      Әскерге шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін қажетті құрамда тәжірибелі дәрігер мамандары және орта дәрігерлер қызметкерлер мен қамтамасыз етсін;
      Аудандағы емдеу мекемесінде әскерге шақырылушыларды стационарлық тексеруден өткізу үшін орын қарастырылсын;
      Шақыру учаскесін қажетті аспаптармен, дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін.
      4. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Наталья Геннадьевна Дышкантқа Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылуды өткізу үшін, бюджетте қаралған қажетті қаражатты уақытылы бөлінуді қамтамасыз етсін.
      5. Селолық округтердің әкімдері персоналдық әскерге шақыру қағазында көрсетілген мерзімінде әскери шақырылушыларды шақыру комиссиясына келуін және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуін қамтамасыз етсін.
      6. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Дулат Бекейұлы Ғабдуллинға (келісім бойынша):
      Әскерге шақырылу кестесін әзірлесін және бекіту үшін ұсынсын; Әскерге шақырудың қорытындысы туралы аудан әкіміне әскери шақыру аяқталған соң ақпарат берсін.
      7. Әскерге шақыру комиссияларының мүшелеріне медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай-ақ қызмет көрсету персонал адамдарына осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталады.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     Аудан әкімі                                 М. Тасмағанбетов

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 3 сәуірдегі № 75 қаулысына
қосымша

Аудандық әскерге шақыру комиссияның құрамы

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2009.09.22 N 230 Қаулысымен

Ғабдуллин
Дулат Бекейұлы

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы, комиссия төрағасы

Симиков Василий Иванович

аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші маман, комиссия төрағасының орынбасары

Комисся мүшелері

Ташетов Серік Ешімбайұлы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары

Селезень Алексей Николаевич

Қазақстан Республикасының деңсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның емханалық жұмысы бойынша бас дәрігер орынбасарының міндетін атқарушы, дәрігерлік комиссия төрағасы

Бейкель Светлана Николаевна

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның аға медбикесі, комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады