Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012.07.24 N 02.10-07-02-542 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына сәйкес, «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысы мен «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 62 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілген оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасының саны 45 отбасы Тайынша ауданы бойынша қосымшаға сәйкес бөлінсін.
2. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық комиссияның ұсынылған құрамы бекітілсін.
3. Тайынша ауданының ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы бөліміне (келісім бойынша) келген оралмандарды қабылдау және жайғастыру, тіркеу және есепке алуды қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мыналарды қамтамасыз етсін:
1) оралмандардың әлеуметтік мәселелері мен жұмысқа орналастыруды шешу жөнінде жергілікті атқарушы органдарымен өзара әрекет етуді;
2) жаңа кәсіби мамандыққа оралмандарды кәсіби даярлау мен оқытуды және ұйымдастыруды.
5. Аудандық білім бөлімі:
1) оралмандардың мектеп жасындағы балаларын оқытумен толық қамту жөніндегі барлық шаралар қабылдансын және қажет болған жағдайда олар аудан интернаттарына орналастырылсын;
2) оралмандардың балаларын бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарына тарту жөніндегі кәсіби бағдарлау жұмысын тұрақты жүргізсін.
6. Аудандық орталық ауруханасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келген оралмандардың медициналық тегін көмекті кепілді мөлшерде алуын қамтамасыз етсін.
7. Қала мен селолық округтар әкімдеріне:
1) оралмандарды қабылдауды және жайғастыруды қамтамасыз етсін, орналастырған орындарда олардың бейімделуіне жағдай жасасын;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жұмысқа орналастыру, біліктіліктерін арттыру және жаңа кәсіпті игеру, жер телімдерін беру мәселелерін қатаң бақылауға алсын:
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілсін;
4) мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда және әлеуметтік қорғау мекемелерінде орын қажет еткендерді орналастыру жөнінде шаралар қабылдансын;
5) оралмандарға қазақ және орыс тілдерін оқуға барлық қажетті жағдайлар жасасын, оқулықтар және басқа да көрнекті құралдармен, материалдармен және жабдықтармен толық көлемде қамтамасыз етсін;
6) осы қаулының орындалуы туралы аудандық комиссия 2010 жылдың 15 қаңтарына ақпарат берілсін;
8. Аудандық комиссия қала мен селолық округтар әкімдерінің, аудандық ұйымдар басшыларының оралмандарды қабылдау және жайғастыру мәселелері бойынша есебін кезең-кезеңмен тыңдасын.
9. Ішкі саясат бөлімі облыс жұртшылығын оралмандардың қабылдау және жайғастыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жүйелі түрде хабар етуді, тақырыптық кездесулер мен хабарлар өткізуді қамтамасыз етсін.
10. Тайынша ауданының ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы бөліміне (келісім бойынша) 2010 жылдың 20 қаңтарына аудан әкімі аппаратына осы қаулының орындалуы туралы ақпарат беру ұсынылсын.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Дүйсеноваға жүктелсін.
12. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Маковский
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
29 маусымдағы № 208 қаулысына
қосымша
Оралмандар отбасыларын 2009 жылға
Тайынша ауданы бойынша бөлу
№ |
Селолық округтың атауы |
Көшіп келу квотасы |
1 |
Абай |
2 |
2 |
Алабота |
2 |
3 |
Амандық |
4 |
4 |
Кантемір |
2 |
5 |
Келлер |
8 |
6 |
Теңдік |
1 |
7 |
Тихоокеан |
1 |
8 |
Чермошнян |
3 |
9 |
Чкалов |
8 |
10 |
Тайынша қ. |
14 |
Барлығы |
45 |
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
29 маусымдағы № 208 қаулысымен
бекітілген
Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық
комиссиясының құрамы
Дүйсенова комиссия төрағасы,
Анархан Қалиқызы аудан әкімінің орынбасары
Солунина комиссия төрағасының орынбасары,
Юлия Игоревна жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Ыбыраева штаб хатшысы, жұмыспен
Салтанат Дүйсембайқызы қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы
Комиссия мүшелері:
Алданазарова аудандық білім бөлімінің
Жанар Ермекқызы бастығы
Баймағамбетов тұрмыстық-коммуналдық
Марат Шаймұратұлы шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобильдік жолдар бөлімінің
бастығының м.а.
Байқадамаов аудандық ішкі істер бөлімінің
Хайр Фахридинұлы бастығы (келісімі бойынша)
Бродовская Тайынша ауданы әділет
Ольга Анатольевна басқармасының бас маманы
(келісімі бойынша)
Горецкая «Тайыншинский вести» газеті
Нина Васильевна редакциясының бөлім меңгерушісі
(келісімі бойынша)
Еслямова ішкі саясат бөлімінің бастығы
Күлпаш Қалиқызы
Есімов көші-кон полициясы бөлімшесінің
Мұрат Әкімбекұлы бастығы (келісімі бойынша)
Жақыпова 15-ші Тайынша кәсіптік лицейдің
Бахыт Әкімбайқызы директоры (келісімі бойынша)
Қайырбеков «Тайынша ауданы бойынша
Данияр Болатұлы жылжымайтын мүлік жөніндегі
орталық» республикалық
мемлекеттік кәсіпорынның
Тайынша филиалының басқарушысы
(келісімі бойынша)
Көлбаев жер қатынастары бөлімінің
Руслан Тұрыбайұлы бастығы
Кенжегара «Солтүстік Қазақстан облысы
Молдағали Мұхаметуәлиұлы бойынша мемлекеттік
санэпидемиологиялық қадағалау»
мемлекеттік мекемесінің Тайынша
ауданы бойынша басқармасының
Бастығының м.а. (келісім бойынша)
Нұралина «Тайынша таңы» аудандық
Гүл Жәмешқызы газетінің редакторы
(келісім бойынша)
Овчаренко «Көкшетау-энерго» жауапкершілігі
Владимир Алексеевич шектеулі серіктестігі Тайынша
аудандық энерго жүйесі филиалының
директоры (келісім бойынша)
Шәріпов пошта байланысы аудандық
Қайрат Кенесұлы торабының бастығы (келісім бойынша)
Собольфельд зейнетақы төлеу жөніндегі
Тамара Владимировна мемлекеттік орталығы аудандық
бөлімшесінің директоры
(келісімі бойынша)
Төлебаев халық банкі Тайынша филиалының
Сәкен Әлімұлы басқарушысы (келісімі бойынша)
Трифонов Тайынша қаласының әкімі
Николай Николаевич
Рафальский Коммуналдық мемлекеттік
Анатолий Павлович қазыналық кәсіпорны Тайынша
аудандық ауруханасының бас
дәрігері (келісім бойынша)
Ягин Телекоммуникация бірлескен
Илья Михайлович торабының директоры
(келісім бойынша)