Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы N 32 Қаулысы

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына және "Оралмандардың 2009 - 2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы N 690 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасы облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
      1) облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерімен бірлесіп, 2009 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және оларды орналастыру орындарында бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өздерінің тарихи отанына келе алмайтын ұлты қазақ адамдардың ұйымдасып көшіп келуін жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2009 жылғы 1 шілдеге және 2010 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есептерді ұсынсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің      
      2009 жылғы 22 қаңтардағы
      N 32 қаулысына    
      қосымша       

Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасы

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.21 № 2139 Қаулысымен.

Облыстар мен қалалардың атауы

Отбасы саны

Ақмола

1020

Ақтөбе

1000

Алматы

4000

Атырау

650

Шығыс Қазақстан

1500

Жамбыл

1950

Батыс Қазақстан

500

Қарағанды

1000

Қостанай

1000

Қызылорда

400

Маңғыстау

2500

Павлодар

750

Солтүстік Қазақстан

550

Оңтүстік Қазақстан

2800

Алматы қаласы

130

Астана қаласы

250

Жиыны:

20000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады