"Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын және "Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысын іске асыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 62 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 14 сәуірде N 1703 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2015 жылғы 1 шілдедегі N 1.14-7/1840 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 01.07.2015 N 1.14-7/1840 хаты).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына сәйкес, "Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын және "Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысын орындау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға белгіленген оралмандар отбасының көшіп келу квотасы Петропавл қаласы мен облыс аудандарына 1-ші қосымшыға сәйкес бөлінсін.
      2. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі облыстық оралмандар комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрамы 2-ші қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне (келісім бойынша) мыналарды қамтамасыз ету ұсынылсын:
      келген оралмандарды қабылдау және жайғастыру, тіркеу және есепке алуды;
      Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте жәрдемақы және өтемақы төлеуді.
      4. Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мыналарды қамтамасыз етсін:
      оралмандардың әлеуметтік мәселелерін және жұмысқа орналастыруды шешу жөнінде аудандар мен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарымен өзара әрекет етуді;
      оралмандарды кәсіптік даярлауды және жаңа мамандықтарға оқытуды ұйымдастыруды.
      5. Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы:
      оралмандардың мектеп жасындағы балаларын оқумен толық қамту жөнінде шаралар қабылдасын және қажет болғанда оларды облыстың интернаттарына орналастырсын;
      оралмандардың балаларын техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға (кәсіби лицейлер, колледждер, училищелер) оқытуға тарту жөніндегі кәсіптік бағдарлау жұмысын ұдайы жүргізсін.
      6. Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес көшіп келетін оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуын қамтамасыз етсін.
      7. Айыртау, Есіл, Жамбыл, Тайынша аудандарының әкімдері Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасымен бірлесе отырып, оралмандарға арналып салынған тұрғын үйлердің уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етсін.
      8. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімі:
      оралмандарды қабылдауды және жайғастыруды қамтамасыз етсін, қоныстандырылған жерлерінде олардың бейімделуіне жағдай жасасын;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес оралмандарды жұмысқа орналастыру, біліктілігін арттыру және жаңа мамандық игеру, жер учаскелерін беру мәселелерін қатаң бақылауға алсын;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетсін;
      мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда және әлеуметтік қорғау мекемелерінде орын қажетсінетіндерге орын беру жөнінде шаралар қабылдасын;
      оралмандардға мемлекеттік және орыс тілдерін оқуға барлық қажетті жағдай жасасын, оларды оқулықтармен және басқа да көрнекті құралдармен, материалдармен және құрал-жабдықпен толық көлемде қамтамасыз етсін;
      осы қаулының орындалуы туралы Комиссияны 2010 жылдың 15 қаңтарына дейін хабардар етсін.
      9. Комиссия аудандар мен Петропавл қаласы әкімінің, облыстың атқарушы органдары басшыларының оралмандарды қабылдау және жайғастыру мәселелері жөніндегі ақпараттарын кезең-кезеңмен тыңдап отырсын.
      10. Ішкі саясат басқармасы облыс жұртшылығын оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жүйелі түрде хабардар етуді, тақырыптық кездесулер өткізуді және хабарлар беруді қамтамасыз етсін.
      11. Көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне (келісім бойынша) облыс әкімі аппаратына осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты 2010 жылдың 20 қаңтарына дейін беру ұсынылсын.
      12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
      13. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Біләлов

  Облыс әкімдігінің
2009 жылғы 18 наурыздағы
№ 62 қаулысына
№ 1 қосымша

2009 жылы оралмандар отбасыларын Петропавл қаласы
және облыс аудандары бойынша бөлу

Р/с №
қала/аудандар
Отбасы саны
1
Петропавл қаласы
35
2
Айыртау
45
3
Ақжар
45
4
Аққайың
35
5
Есіл
35
6
Жамбыл
45
7
Мағжан Жұмабаев
45
8
Қызылжар
35
9
Мамлют
35
10
Ғабит Мүсірепов
35
11
Тайынша
45
12
Тимирязев
35
13
Уәлиханов
45
14
Шал ақын
35
Барлығы:
550

  Облысы әкімдігінің
2009 жылғы 18 наурыздағы
№ 62 қаулысына
№ 2 қосымша

Оралмандарды қабылдау және
жайғастыру жөніндегі облыстық комиссиясының
құрамы

Смаилов
Жанболат Амангелдіұлы
Облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы
Рамазанов
Нұрлан Қажымұратұлы
Көші-қон комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Бимақов Аманжол Нүркенұлы
Көші-қон комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Есімов Болат Ғафизұлы
Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының бастығы
Байжүнісов Ерік Әбенұлы
Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Сақыпкереев Асқар Жоламанұлы
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы
Әбілмәжінов
Темірғали Текебасұлы
Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының бастығы
Әмрин Кемеңгер Қожахметұлы
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры (келісім бойынша)
Қасымов Сәрсенбай Орынбайұлы
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Көші-қон қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті Солтүстік Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)
Жанділдин Ерлік Борисұлы
Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады