Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.08.2018 № 29/315-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 26.06.2013 № 14/123-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса тіркелген "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 26.06.2013 № 14/123-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының | |
төрағасы | Ж. Әйменов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Ә. Досболов |
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 17/215-IV шешімімен бекітілген |
"Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы
Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 26.06.2013 № 14/123-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 26.06.2013 № 14/123-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру еңбек сіңірген азаматтардың жемісті қызметін, қабілеттерін, дарындылығы мен бастамаларын қоғам болып мойындап, оларды моральдық тұрғыдан ынталандырудың маңызды бір түрі болып табылады. Азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың облысты экономикалық және әлеуметтік дамытудағы күш-жігерін көтермелеуге, өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік пен халықтар арасындағы достықты нығайту рухында тәрбиелеуге шақырады.
3. "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға қосқан үлкен үлесі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістігі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, рухани және интеллектуалды әлеуетті дамытудағы, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту, облысты мекендейтін халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмысы, өндіріс саласындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғары жетістіктері, қайырымдылық пен мейірбандық қызметтер жасауда облыс алдында айрықша сіңірген еңбегі үшін беріледі.
4. "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы азаматтарға көзі тірісінде беріледі.
Ескерту. 1-тарау 4-тармақпен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.06.2014 № 28/219-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.
Ескерту. 1-тарау 5-тармақпен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.06.2014 № 28/219-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну тәртібі
6. "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағы жыл сайын жиырма бес адамға дейін берілуі мүмкін. Егер көрсетілген атақ ағымдағы жылы берілмеген жағдайда, онда ол келесі жылға көшірілуі мүмкін.
Сонымен қатар, облыс әкімінің ұсынысымен "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы мерейтой күндері қарсаңында берілуі мүмкін.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.06.2017 № 13/149-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беру еңбек ұжымдарының, қалалық және аудандық мәслихаттардың, қала және аудан әкімдерінің, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің бастамалары бойынша жүзеге асырылады.
Еңбек ұжымдарының, қалалық және аудандық мәслихаттардың, қала және аудан әкімдерінің, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қолдаухаттары тиісті қалалық, аудандық мәслихаттарға немесе әкімдіктерге жіберіледі.
Қолдаухатқа тиiстi басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сiңiрген еңбектерi көрсетiледi. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшiрмесi, кандидаттың айрықша сiңiрген еңбегiн растайтын құжаттарының көшiрмелерi, өмiрбаяндық мәлiметтерi, соттылық жөніндегі мәліметтер, 2,5х3,5 және 9х12 көлемдегi суретi қоса тiгiледi.
Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырылмайды.
Сол, бір кандидатқа қолдаухат өкiлетті органдардың шақырылымы кезеңiнде екi реттен артық енгiзiлмейдi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.06.2014 № 28/219-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Аудандар мен қалалардың әкімдері, мәслихаттары "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі келіп түскен құжаттарды қарап, атақты нақты тұлғаға беру жөніндегі тиісті ұсыныстарды қолдаухатпен бірге және оған қоса тiркелетiн құжаттарымен облыс әкiміне жолдайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.06.2014 № 28/219-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыныс облыстық мәслихатқа облыс әкімімен аталған мәселені облыстық мәслихаттың сессиясында қарауға дейін он күннен кешіктірмей енгізіледі.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.10.2013 № 19/168-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).10 "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді облыстық мәслихат қабылдайды.
11 "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беру мәселелері бойынша құжаттарды жүргізу мен есепке алуды, облыстық бюджеттің есебінен куәлігі мен төс белгісін жасауды облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.
12 "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" туралы куәлікке облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың хатшысы қол қояды.
13 "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" куәлігі мен төс белгіні облыс әкімі, мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.
14 "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім облыстық газет беттерінде жарияланып, телерадио хабарларынан беріледі.
Ескерту. 2-тарауға өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.06.2014 № 28/219-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну тәртібі
Ескерту. 3-тарауға өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.06.2014 № 28/219-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағы жылына бір рет беріледі. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағы жыл сайын әрбір қала, аудан бойынша он адамға дейін-ақ берілуі мүмкін.
16. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру еңбек ұжымдары, саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер, сондай-ақ ауылдық округтер (қаладағы аудан) әкімдерінің бастамасы бойынша, жергілікті қоғамдастық жиналыстарының (жиындарының) шешімдері негізінде жүзеге асырылады.
Қолдаухатқа тиiстi басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сiңiрген еңбектерi көрсетiледi. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшiрмесi, кандидаттың айрықша сiңiрген еңбегiн растайтын құжаттарының көшiрмелерi, өмiрбаяндық мәлiметтерi, соттылық жөніндегі мәліметтер, 2,5х3,5 және 9х12 көлемдегi суретi қоса тiгiледi.
Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырылмайды.
Сол, бір кандидатқа қолдаухат өкiлетті органдардың шақырылымы кезеңiнде екi реттен артық енгiзiлмейдi.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.06.2014 № 28/219-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).17. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы қолдаухат оған қоса тіркелетін құжаттарымен бірге тиісті қалалық, аудандық әкімдікке жіберіледі.
18. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыныс тиісті қалалық, аудандық мәслихаттарға қала, аудан әкімімен аталған мәселені қалалық, аудандық мәслихаттың сессиясында қарауға дейін 1 айдан кешіктірмей енгізіледі.
19. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді қалалық, аудандық мәслихат қабылдайды.
20. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру мәселелері бойынша құжаттарды жүргізу мен есепке алуды, қалалық, аудандық бюджеттің есебінен куәлігі мен төс белгісін жасауды қала, аудан әкімі аппараты жүзеге асырады.
21. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" туралы куәлікке қала, аудан әкімі мен қалалық, аудандық мәслихаттың хатшысы қол қояды.
22. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" куәлігі мен төс белгіні қаланың, ауданның әкімі, мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.
23. "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім жергілікті мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланып, телерадио хабарларынан беріледі.
4. Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағынан айыру және қалпына келтіру
Ескерту. Қағида 4-тараумен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.06.2014 № 28/219-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24. "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы берілген тұлға, аталған тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, оған атақ беру туралы ұсыныс енгізген облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынымы негізінде, тиісті мәслихат шешімі бойынша ол атақтан айрылады.
25. Осы Қағиданың 24 тармағында көзделген негіздер бойынша "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағынан айырылған тұлға, қайталап аталған атақ беруге ұсыныла алмайды.
26. Заңсыз сотталған және сот шешімі бойынша толық ақталған азаматтарға "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы тиісті әкімнің ұсынысы негізінде тиісті мәслихаттың шешімімен қалпына келтіріледі.