Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.08.2018 № 29/315-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010-нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 19 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында "ережесін" деген сөз "қағидасын" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта "Ережесі" деген сөз "Қағидасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру ережесінде:
тақырыбында "Ережесі" деген сөз "Қағидасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармағында "ережесінің жобасы" деген сөздер "қағидасы" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Д.Ахметов |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ.Ержан |