Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № 19/168-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қарашада № 2410 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 29/315-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.08.2018 № 29/315-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010-нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 19 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасында:

      "2. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну тәртібі" бөлімінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағы жыл сайын бес адамға дейін берілуі мүмкін. Егер көрсетілген атақ ағымдағы жылы берілмеген жағдайда, онда ол келесі жылға көшірілуі мүмкін.";

      4-тармақта "1 айдан" деген сөздер "он күннен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ш.Жамалбек
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады