Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 28/219-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 шілдеде № 2718 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 29/315-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.08.2018 № 29/315-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010-нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 19 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасында:

      1-тарау "Жалпы ережелер" мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:

      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы азаматтарға көзі тірісінде беріледі.

      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.";

      2-тарауда "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну тәртібі":

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тармақтарды нөмірлеу тиісінше 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 цифрларымен ауыстырылсын;

      7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қолдаухатқа тиiстi басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сiңiрген еңбектерi көрсетiледi. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшiрмесi, кандидаттың айрықша сiңiрген еңбегiн растайтын құжаттарының көшiрмелерi, өмiрбаяндық мәлiметтерi, соттылық жөніндегі мәліметтер, 2,5х3,5 және 9х12 көлемдегi суретi қоса тiгiледi.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Аудандар мен қалалардың әкімдері, мәслихаттары "Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі келіп түскен құжаттарды қарап, атақты нақты тұлғаға беру жөніндегі тиісті ұсыныстарды қолдаухатпен бірге және оған қоса тiркелетiн құжаттарымен облыс әкiміне жолдайды.";

      3 тараудағы "Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну тәртібі":

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тармақтарды нөмірлеу тиісінше 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 цифрларымен ауыстырылсын;

      16 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қолдаухатқа тиiстi басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сiңiрген еңбектерi көрсетiледi. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшiрмесi, кандидаттың айрықша сiңiрген еңбегiн растайтын құжаттарының көшiрмелерi, өмiрбаяндық мәлiметтерi, соттылық жөніндегі мәліметтер, 2,5х3,5 және 9х12 көлемдегi суретi қоса тiгiледi.";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4. "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағынан айыру және қалпына келтіру".

      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы берілген тұлға, аталған тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, оған атақ беру туралы ұсыныс енгізген облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынымы негізінде, тиісті мәслихат шешімі бойынша ол атақтан айрылады.

      25. Осы Қағиданың 24 тармағында көзделген негіздер бойынша "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағынан айырылған тұлға, қайталап аталған атақ беруге ұсыныла алмайды.

      26. Заңсыз сотталған және сот шешімі бойынша толық ақталған азаматтарға "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы тиісті әкімнің ұсынысы негізінде тиісті мәслихаттың шешімімен қалпына келтіріледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Л.Тәшімов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады