Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы "Елді мекендер мен Ленгір қаласының жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" 12/93-IV шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 22/158-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қаңтарда N 14-13-63 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 9/47-V Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби  аудандық мәслихатының 2012.09.28 № 9/47-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 387 бабына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Елді мекендер мен Ленгір қаласының жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 12/93-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-13-52 нөмірмен тіркелген, 2009 жылы 21 наурызда аудандық «Төлеби туы» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешімнің 1 тармағында «381, 387 баптарына сәйкес» сөздерден кейін «автотұраққа, автомобиль май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда» сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Ғ.Елібаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә.Шыңғысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады