Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010.07.23 № 26/4 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына , "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулыларына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2223 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 26 наурыздағы "Дидар", 2005 жылғы 19 наурыздағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған); "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 маусымдағы № 34/3 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-63 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдедегі № 88-89 "Дидар", 2007 жылғы 28 шілдедегі № 113 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған); "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 29 қарашадағы № 3/5 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-73 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 156 "Дидар", 2007 жылғы 22 желтоқсандағы № 190-191 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған); "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 6/9 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-83 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 15 мамырдағы № 63 "Дидар", 2008 жылғы 15 мамырдағы № 72 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған); "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 шілдедегі № 8/7 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-88 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 29 шілдедегі № 101 "Дидар", 2008 жылғы 29 шілдедегі № 113 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) енгізілген өзгерістермен келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе cөз: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен" сөздерімен толықтырылсын;
жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы:
1 тармақ "Тұрғын үй көмегін тағайындау қаланың жергілікті атқарушы органымен жүзеге асырылады (бұдан әрі – өкілетті орган)" сөйлемімен толықтырылсын;
5 тармақтағы 7 саны 12 санымен ауыстырылсын;
12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "Тұрғын үй көмегін алушы отбасыларды қайта аттестатциялау тоқсан сайын өкілетті орган әзірленген кесте бойынша жүргізіледі. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар қоса беріледі және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет және байланыс қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер ұсынылады. Коммуналдық қызметтер жартылай төленген және төленбеген жағдайда отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды";
16 тармақ "есеп айырысу кезеңінде" сөздерімен толықтырылсын;
18 тармақтың 1) тармақшасы "отбасы жағдайы туралы мәліметтер, салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру туралы куәлік" сөздерімен толықтырылсын;
18 тармақтың 3) тармақшасы "№ 4 нысанды анықтама (жалғыз басты аналар үшін келесі жылғы қайта аттестациядан өткенге дейін жылына бір рет)" сөздерімен толықтырылсын;
18.1 тармақ "Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге тұрғын үй көмегіне құқық жүргізілген жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейінгі алты ай бойы сақталады." сөйлемімен толықтырылсын;
19 тармақ "ұсынылған құжаттардың" сөздерінен кейін "өкілетті органмен" сөздерімен толықтырылсын, "құжаттарды қабылдайтын тұлғамен" сөздері "өкілетті орган уәкілімен" сөздерімен ауыстырылсын;
21 тармақтағы "және қызмет көрсетушілер коммуналдық қызметтерді қайта есептегенде" сөздері алынып тасталсын;
23 тармақтағы "тұрғын үй көмегі қызметтерімен" сөздері "өкілетті органмен" сөздерімен ауыстырылсын;
24 тармақтағы "тұрғын үй көмегі қызметі" сөздері "өкілетті орган" сөздерімен ауыстырылсын;
25 тармақтағы "тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер" және "тұрғын үй қызметін" сөздері "өкілетті органның уәкілі" және "өкілетті орган" сөздеріне сай ауыстырылсын;
26 тармақтағы 7 саны 12 санымен ауыстырылсын;
34 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "Есеп беру кезеңінде бір тоқсаннан артық кезеңге тиесілі біржолғы кіріс алған жағдайда, кіріс жиынтығында алынған кірістің барлық сомасы ескеріледі";
35 тармақ алынып тасталсын;
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Мәндиев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Е. Нәбиев |