Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соңқолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010.06.09 N 28-4-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабы негізінде, Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді жүзеге асыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 ақпандағы № 5-8-75 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Нұсқаулықтын 1-бөлімінің 4-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«Жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұялардан шыққан Бородулиха ауданының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-ларда оқығанына ақы төлеу үшін, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және мерзімді баспасөз құралдарына жазылу үшін берілетін әлеуметтік көмектен басқа әлеуметтік көмектер бір адамға жылына бір рет беріледі»;
2) Нұсқаулықтын 2-бөлімінің 8-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«Әлеуметтік көмек мерекелік және атаулы күндер қарсаңында, мерзімдік баспасөздерге жазылу үшін, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үйлерінің ағымдық жөнделуіне көрсетілуі мүмкін»;
3) Нұсқаулықтын 3-бөлімінің 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнымен толықтырылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне осы бағытта бөлінген сомалар шегінде тұрғын үйлерді ағымдық жөндеуге».
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010.06.09 N 28-4-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Быков
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Аргумбаев