Бородулиха ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 6-4-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 шілдеде N 2618 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 21-8-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 21-8-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      
      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 Заңының 56, 789-баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағы 15)-тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуіне жеке тұлғалардың санаты анықталсын:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      3) зейнеткерлік жасындағы тұлғалар, сонымен қатар зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;
      4) мүгедектер және мүгедек бала бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
      5) саясы қуғын-сүргін құрбандары;
      6) көп балалы отбасылар, бірге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендерді қосқанда) төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар;
      7) «Алтын алқа» «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Аналық Даңқ» орденімен марапатталған көп бабалы аналар;
      8) жетім балалар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар, жоғары оқу орындарында оқып жатқан балалар үйінің түлектері;
      9) онкологиялық және туберкулездің түрлі түрлері аурулармен ауратын азаматтар;
      10) өмірдің қиын жағдайына ұшыраған азаматтар (өрт, табиғи зілзалалар).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 28.06.2013 № 15-6-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қосымша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуіне қажетті құжаттар тізбесі анықталсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) мекенжайы растайтын құжат;
      4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 28.06.2013 № 15-6-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5) отбасы табыстары туралы мәліметтер;
      6) әлеуметтік көмек алуға өтініш берушінің дәрежесін растайтын құжат;
      7) қиын (төтенше) жағдай болған кезде қосымша әлеуметтік көмек алу мәртебесін растайтын тиісті уәкілетті орган беретін акті;
      8) емделуге нақты қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығындарды растайтын құжаттар немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша емделуге денсаулық сақтау органдарының жолдамасы;
      9) құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде тапсырылады, салыстырып тексеруден кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      3. Қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихат шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                      К. Әпенов
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                          У. Майжанов

      Шығыс Қазақстан облысы
      Бородулиха аудандық мәслихаттың
      2012 жылғы 13 шілдегі
      № 6-4-V шешіміне қосымша

      Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Бородулиха аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 10 ақпанда № 5-8-75 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған);
      2) «Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер еңгізу туралы» Бородулиха аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 17-9-IV шешімінің 4)5) тармақшалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 28 сәуірде № 5-8-87 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 19 сәуірдегі № 33-34 (6626-6430) санында жарияланған);
      3) «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бородулиха аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 қазандағы № 20-4-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 23 қазанда № 5-8-95 санымен тіркелген аудандық «Пульс района» газетінің, 2009 жылғы 30 қазандағы № 50 (6312) санында жарияланған);
      4) «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бородулиха аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 17 шілдедегі № 18-15-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 19 тамызда № 5-8-92 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 41 (6303) санында жарияланған);
      5) «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV шешімге толықтырулар енгізу туралы» Бородулиха аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 22-6-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 18 қаңтарда № 5-8-102 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4 (6324) санында жарияланған);
      6) «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV шешімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Бородулиха аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-2-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 6 сәуірде № 5-8-107 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 17 (6337) санында жарияланған);
      7) «Бородулиха аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Бородулиха аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 9 маусымдағы № 28-4-IV шешімі қосымшасының 1)3)4)5)-тармақшалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 8 шілдеде № 5-8-116 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 31 (6351) санында жарияланған);
      8) «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV шешімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Бородулиха аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 33-10-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 13 қаңтарда № 5-8-125 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2011 жылғы 21 қаңтар № 6 (6403) санында жарияланған).
      9) «Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерге төлеген шығындарын өтеу үшін материалдық көмек беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Бородулиха аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-11-IV шешімі (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 10 ақпанда № 5-8-76 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады