Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-12-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 ақпанда N 5-8-75 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 6-4-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соңқолданысқа енгізіледі).
      
      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді, мәтін бойынша "тәртібі" сөзі  алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
      Ескерту. Атауга өзгерту енгізілді, мәтін бойынша "Әлеуметтік төлемдерді", "әлеуметтік төлемдердің", "әлеуметтік төлемдер", "әлеуметтік төлемақының", "әлеуметтік төлемақы" сөздері "әлеуметтік көмек", "әлеуметтік көмекті", "әлеуметтік көмектің" сөздерімен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.10.21 N 20-4-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабы негізінде Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.07.17 N 18-15-IV; 2009.10.21 N 20-4-IV; 2010.06.09 N 28-4-IV (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      1. Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді көрсету бойынша нұсқаулық (қосымша берілген) бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.10.21 N 20-4-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз)
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                 Қ. Галиев
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                       Б. Аргумбаев

Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына
      әлеуметтік көмек беруді көрсету бойынша
НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 20 бабына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.10.21 N 20-4-IV, 2010.06.09 N 28-4-IV (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

1. Жалпы ережелері

      1. Әлеуметтік көмек алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының, Бородулиха ауданында тұратын және осында тіркелген оралмандардың құқығы бар.
      2. Әлеуметтік көмекті облыстық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      3. Әлеуметтік көмек «ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әкімгері болып табылатын 451007000332 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасына сәйкес беріледі.
      4. Жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұялардан шыққан Бородулиха ауданының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-ларда оқығанына ақы төлеу үшін, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және мерзімді баспасөз құралдарына жазылу үшін берілетін әлеуметтік көмектен басқа әлеуметтік көмектер бір адамға жылына бір рет беріледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.10.21 N 20-4-IV; 2009.12.25 N 22-6-IV (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

2. Әлеуметтік көмекті тағайындау

      5. Әлеуметтік көмек жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарға (отбасыларға) және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген, кәсіби даярлауға немесе қайта даярлауға жіберілген жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардан шыққан жұмыссыздарға беріледі. Жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарға (отбасыларға) және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардан шыққан жұмыссыздарға жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен азаматтар (отбасылар) жатады (жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы № 31-Ө бұйрығымен бекітілген Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің ережесі негізінде жүргізіледі).
      6. Әлеуметтік көмек бақытсыз жағдайлар, табиғат апаттары, аурудың ауыр түрі салдарынан және басқа себептермен отбасылары ауыр материалдық жағдайларға душар болған азаматтарға беріледі.
      1) «Бородулиха ауданының МБ» МКҚК тізіміне сәйкес, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан, түберкүлезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек көрсету.
      Ескерту. 6-тармақ 1-тармақшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық маслихатының 2009.07.17 N 18-15-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      7. Әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоғарғы оқу орындарында оқығаны үшін ақы төлеу аз қамтылған отбасылардан шыққандарға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға сәйкес ағымдағы жылы Бородулиха ауданының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне көрсетіледі. Аз қамтылған отбасылардан шыққан жалпы білім беретін мектеп түлектеріне азаматтың жан басына шаққандағы орташа табысы сәйкес жылдың ағымдағы тоқсанына арналып облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтар (отбасылар) жатады.
      1) Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден кемінде белгіленген мөлшерде балл жинаған, жалпы білім беретін мектептердің аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан түлектерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетілуі мүмкін;
      2) Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде көп балл жинаған түлектер арасында іріктеу жүргізіледі;
      Түлектердің баллдары тең болған жағдайда, жан басына шаққандағы орташа табысы төмен отбасыларынан шыққан түлектердің құқықтары басым;
      3) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық маслихатының 2010.03.17 N 25-2-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз);
      4) Әлеуметтк көмек алуға қажетті құжаттар тізбесі:
      - өтініш;
      - жеке куәлік көшірмесі;
      - салық төлеушілерді тіркеу нөмірінің көшірмесі;
      - ӘЖК (әлеуметтік жеке код) көшірмесі;
      - сәйкес селолық округтің учаскелік комиссиясымен толтырылатын және селолық округ әкімімен бекітілетін, жалпы білім беретін мектептердің аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын тексеру актісі. Әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда, әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, жоғары оқу орынында оқу кезеңінде диплом алғанға дейін бір рет толтырылады;
      - отбасы мүшелерінің табысы туралы (отбасының жұмысқа жарамды (жұмыс істейтін) мүшелерінің еңбекақысы туралы анықтама, отбасының жұмыс істемейтін мүшелерінің еңбек кітапшаларының көшірмесі, (зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға) зейнетақының немесе жәрдемақының мөлшері көрсетілген зейнетақы куәлігінің көшірмесі) мәліметтер;
      - қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау туралы шешім;
      - ҰБТ сертификаты;
      - білім туралы атестаттың көшірмесі
      Ескерту. 4-тармақшаға өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.10.21 N 20-4-IV; 2010.03.17 N 25-2-IV (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      5) Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келесі табыс түрлерінен басқа барлық табыс түрлері есептеледі:
      - мемлекеттік атаулы әлуметтік көмек;
      - 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы;
      - тұрғын-үй көмегі;
      - бала тууына байланысты төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы;
      - асырап алушылардың табыстары асырап алушылардың табыстарына қосылмайды;
      Жиынтық табысты есептеу өтініш берушінің алған табыстары туралы мәліметі негізінде жүргізіледі.
      Қосалқы шаруашылықтан, үй маңындағы учаскеден, бақшадан түсетін табыс, бір тоқсанында бес айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде есептеледі.
      Құжат бойынша расталған табыстар түріне еңбек қызметінің табыстары, зейнетақы, жәрдемақы және алимент жатады.
      Отбасының жан басына шаққандағы айлық орташа табысы, өткен тоқсандағы отбасының жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық маслихатының 2009.07.17 N 18-15-IV; 2010.03.17 N 25-2-IV (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      8. Әлеуметтік көмек мерекелік және атаулы күндер қарсаңында, мерзімдік баспасөздерге жазылу үшін, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үйлерінің ағымдық жөнделуіне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуге көрсетілуі мүмкін.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық маслихатының 2009.12.25 N 22-6-IV, 2010.12.28 N 33-10-IV (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      9. 5 және 6 тармақтарда көрсетілген тұлғаларға берілетін әлеуметтік көмек төмендегі құжаттарды тапсырған жағдайда Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жөніндегі аудандық комиссияның отырысында қаралады:
      5-тармақты көрсетілген адамдар үшін:
      - көмек көрсету туралы өтініш;
      - жекебас куәлігінің көшірмесі;
      - СТН көшірмесі;
      - ӘЖК (әлеуметтік жеке код) көшірмесі;
      - азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      - отбасының өткен тоқсандағы жиынтық табысы туралы мәлімет;
      - жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен кәсіби оқуға немесе қайта даярлау курсына жіберілген жұмыссыз арасындағы шарт;
      6-тармақта көрсетілген адамдар үшін (табыстар ескерілмейді):
      - көмек көрсету туралы өтініш;
      - азаматтың материалдық көмекке мұқтаждығын растайтын басқа да құжаттар (жазатайым оқиға туралы құжат, ауырғандығы туралы медициналық анықтама, өрт туралы акт, емделуге жіберілгендігі туралы жолдама, селолық, кенттік әкімдіктің учаскелік комиссиясымен толтырылған тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық ведмствоаралық комиссияның актісі т.б.)
      Құжаттардың тұпнұсқасы мен көшірмесінің сәйкестігі өтініш беруші тұратын аумақтағы селолық, кенттік әкімдіктің маманымен куәландырылады.
      6-тармақта көрсетілген адамдар көмекке мұқтаждығын растайтын құжаттарды тапсырмаған немесе толық тапсырмаған кезде уәкілетті орган көмекке мұқтаждығын растайтын құжаттарды сұратуға құқылы, құжаттарды тапсырмаған жағдайда әлеуметтік көмек бөлу жөніндегі аудандық комиссияның шешімімен көмекке мұқтаждығын растайтын құжаттарды тапсырмағандығына байланысты көмек көрсетуден бас тартылады.
      Әрбір түскен өтініш, көмек сұрап өтініш жазған азаматтың тұрғылықты жеріне сапарға шығумен және өтініш беруші тұратын аумақтағы жергілікті өзін-өзі басқарушы комитет өкілінің қатысуымен немесе әлеуметтік кқмекті бөлу жөніндегі аудандық комиссияның тапсырмасы бойынша селолық, кенттік округтің учаскелік комиссясының өтініш берушінің үйіне тексеру жүргізу арқылы қаралады. Тексеру қорытындысы бойынша аудандық комиссияға беру үшін отбасының әлеуметтік картасы толтырылады. Өтініш беруші тұрмыстық жағдайын тексертуден бас тартқан жағдайда аудандық комиссия материалдық көмектен бас тарту туралы шешім шығарады.
      Өтінішті қарау қорытындысы бойынша әлеуметтік көмекті бөлу немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Комиссия бекітіліген құрамдағы комиссия мүшелерінің 70% немесе одан көп мүшесі қатысқан кезде шешім шығаруға құқылы.
      Бағдарлама бойынша ақшалай қаражат болмаса, әлеуметтік көмек алу құқығы болмаса, әлеуметтік көмек ұсыну Ережесінде өтініш беруші көрсеткен мақсатқа ақшалай қаражат қаралмаса уәкілетті орган сәйкес түсініктемелермен өтініш берушіге хат арқылы жауап береді.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.10.21 N 20-4-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан караңыз).
      10. 7-тармақта көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда материалдық көмек көрсету және Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-ғы оқуын төлеу үшін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жоғары оқу орындарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссияның шешімі бойынша ұсынылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық маслихатының 2010.03.17 N 25-2-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      11. 8-тармақта көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек:
      - мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы бөлімшесі ұсынған көмек алушылар санаттарының базасына сәйкес, аудан әкімдігінің қаулысы негізінде қоғамдық ұйымдардың, ардагерлер кеңесінің ұсынысы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінеді;
      - мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы бөлімшесі ұсынған көмек алушылар санаттарының базасына сәйкес, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1,2 дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар көп балалы аналарға облыстық бюджеттен бөлінеді.

3. Әлеуметтік көмектің мөлшері және төлеу

      12. Әлеуметтік көмек бөлу жөніндегі аудандық комиссия мен материалдық көмек көрсету және Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-ғы оқуын төлеу үшін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жоғары оқу орындарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссияның шешімі, аудан әкімдігінің қаулысы негізінде уәкілетті орган азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша тізім-ведомостін жасайды және төлеуге береді.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық маслихатының 2010.03.17 N 25-2-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      13. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер арқылы азаматтардың жеке шоттарына аудару арқылы төленеді. Әлеуметтік көмекті төлеу мен шарттары уәкілетті орган мен екінші деңгейдегі банктер арасында жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
      14. Әлеуметтік көмек төлемақы түрінде келесі мөлшерлерде белгіленеді:
      1) өтініш бойынша материалдық көмек:
      - жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларына) – Он мың теңге;
      - жұмыстылық және әлеуметтік бөлімінде тіркелген, кәсіптік оқуға немесе қайта даярлауға жіберілген аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жұмыссыздарға – Он мың теңге;
      - оқыс жағдайлар кезінде – Он бес мың теңге;
      - аурулардың ауыр түрлерімен ауыратындарға – Он бес мың теңге;
      - өрт болған жағдайда - өрт туралы актіде көрсетілген шығын сомасының 20 пайызы, бірақ 70 есептік көрсеткіштен артық емес;
      - комиссия шешімі бойынша әрбір нақты жағдайға байланысты – зіл-залалық аппаттарда, операциялық емдеулерге әлеуметтік көмек;
      - өтініші негізінде – қиын материалдық жағдайға тап болған отбасына - селолық округтердің әкімдіктерінің негізінде - Жиырма мың теңге;
      - халықтың әлеуметтік табысы аз отбасыларынан шыққан түберкүлезбен ауыратын азаматтарға қосымша тағамға – Жиырма мың теңге.
      2) мерекелік және белгілі күндер қарсаңында, қоғамдық ұйымдар мен ардагерлер кеңесінің ұсынысы бойынша, соның ішінде:
      - «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1,2 дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналарға – 10000 теңге (он мың теңге)
      - кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар көп балалы аналарға – 10000 теңге (он мың теңге);
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне осы бағытта бөлінген сомалар шегінде тұрғын үйлерді ағымдық жөндеуге;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жерлеу сомасы 20000 теңге (жиырма мың теңге) мөлшерінде.
      3) мерзімдік баспасөздерге жазылу үшін әлеуметтік көмектің мөлшері баспасөз құны мөлшерінде белгіленеді;
      4) Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-ғы оқуын төлеу үшін ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жоғары оқу орындарының түлектеріне оқу, стипендия және жатаханада тұру құнына сәйкес.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық маслихатының 2009.07.17 N 18-15-IV, 2009.12.25 N 22-6-IV; 2010.03.17 N 25-2-IV, 2010.12.28 N 33-10-IV (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

4. Әлеуметтік көмекті төлеуге бөлінген қаражаттың
нысаналы пайдаланылуын бақылау

      15. Әлеуметтік көмекті төлеуге жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау, қаржы бөлімімен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады