Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010.04.16 N 28/5-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148–ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV Шемонаиха аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-71 тіркелген, «Уба – Информ» газетінің 2008 жылғы 7 наурыздағы № 10 санында жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Жалпы жағдай» 1-бөлімінің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерін тұтыну төлемдеріне арналған ұйғарынды шығындардың шекті үлесі отбасының жиынтық табысының 10 % мөлшерінде белгіленеді».
«Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлімінің 19-тармағы келесі абзацпен толықтырылсын:
Тұрғын үй көмегін тағайындауға үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі шектеулер есепке алынады:
1) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген жағдайда, ерлі-зайыптылардың екеулерінің де табыстары есепке алынады және тұрғын үй көмегі туралы өтініш беруші зайыбының мекенжайы бойынша тағайындалады;
2) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбының тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш бермеген болса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
3) өтініш берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, оның ата-анасы басқа мекенжайда тіркелсе, өтініш беруші баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы ұсынады.
«Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарының шығындарын өтеу тәртібі» 8-бөлімінің 3-тармақшасындағы «ортақ» деген сөзден кейін «мүлігі» деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы С. Буднецкая
Шемонаиха аудандық
мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов