Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010.04.16 N 28/5-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
Ескерту. Атауында және шешімнің барлық мәтінінде "Нұсқаулық" деген сөз "Ереже" деген сөзбен ауыстырылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008.07.11 № 10/3-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97-бабына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009.07.24 № 20/6-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
1. Қоса беріліп отырған тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ереже бекітілсін (бұдан былай - Ереже).
2. «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2005 жылғы 18 қаңтардағы № 13/II-III шешімі (Шығыс Қазақстан облысы әділет Департаментінің Шемонаиха ауданы әділет басқармасымен 2005 жылғы 25 қарашада тіркелген, тіркеу нөмірі 5-19-12, 2006 жылғы 13 қаңтарда № 2 «ЛЗ Сегодня» газетінде жарияланған «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 13/II-III шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2005 жылғы 16 қарашадағы № 20/II-III шешіміне енгізілген толықтырулармен Шығыс Қазақстан облысы әділет Департаментімен 2005 жылғы 14 наурызда тіркелген шешімі, тіркеу нөмірі 2220, 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 13 «ЛЗ Сегодня» газетінде жарияланды) өз күшін жойды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ф. Макаров
Шемонаиха аудандық
мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-IV
шешімімен бекітілді
Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін
көрсету жөніндегі Ереже
1. Жалпы жағдай
1. Тұрмысы төмен отбасыларға үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді қолдануға көмек көрсетіледі (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі). Осы Ереженің 4 тармағына сәйкес, тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар қалалық телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы және кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғын үй көмегін алуға құқылы.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008.06.19 № 9/4-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет беріледі.
3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір түрі болып табылады.
4. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға тұрмыстық-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін, тұрғын үй көмегін тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсатқа шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
5. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерін тұтыну төлемдеріне арналған ұйғарынды шығындардың шекті үлесі отбасының жиынтық табысының 10 % мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009.12.25 № 23/3-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
6. Тұрғын үй көмегін есептеуге шығындар төлемі, коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамту, канализация, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару) мен
әлеуметтік нормалар және қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефонға абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес анықталады.
7. Телефон үшін абоненттік тарифтердің көтерілуіне өтемақы төлемінің тәртібі «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
8. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
9. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын ұй көмегін алу құқығынан айырылады.
10. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ тіркелмеген адамдары бар отбасылар тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішінде 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындар, 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналар; өзін-өзі жұмыспен қамтыған (өздігінен жұмыс істейтін) тұлғалар; мүгедектік топтары жоқ, туберкулезбен, наркологиялық, онкологиялық аурумен ауратындар ретінде тіркеуде тұрған азаматтар; жүктілік мерзімі 8 аптадан кем емес әйелдер кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008.04.15 № 8/4-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
11. Жұмыссыздар ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
12. Алынып тасталды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009.10.23 № 21/7-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
13. Тұрғын үй көмегіне қайта өтініш білдірген тұрғын үй көмегін алушыларды тіркеу, тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі әзірлеген кесте бойынша тоқсан сайын жүргізіледі.
Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі. Алдыңғы тоқсанның коммуналдық тоқсанның бөлігі төленсе немесе төленбесе тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009.07.24 № 20/6-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
14. Егерде, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет нормативтері және тарифтері нақты заң тәртібімен анықталмаса, белгіленген коммуналдық қызметті тұтыну нормативтерінен арттырылмай, шығын өтемі нақты шығындар бойынша жүргізіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы немесе ақырғы тоқсанның нақты шығындары бойынша қызметтерді пайдалану нормативтері арттырылмай, есептеу құралдарының көрсеткіштері негізінде, толық көлемде көрсетілгенде анықталады.
15. Егер отбасындағы жан басына шаққандағы жиынтық кірісі кедейлік шегінен төмен болса, онда коммуналдық қызмет және тұрғын үйді қамту төлеміне тұрғын үй көмегін анықтау кезінде жиынтық кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріндегі белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір айлық есептік көрсеткішке (кемиді)түзетіледі.
16. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасылардың құқықтарын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріндегі белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір айлық есептік көрсеткішке (кемиді)түзетіледі.
17. Орталықтандырылған жылыту жүйесі бар жеке үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынады.
18. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту маусымында жылу мен ыстық су қосылған және пәтерлері жергілікті жылыту құралдары арқылы жылыйтын пәтер иелеріне тағайындалады. электр қуатының төлемі жылыту мен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушілердің тарифтеріне сәйкес, төлеміне эквивалентті есептеледі.
19. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер және алушы отбасылар оны ресімдеу үшін келесі құжаттарды ұсынады: шарт-өтініш, жеке басын куәландыратын құжат (тоқсан сайын түпнұсқасын, жылына бір рет өзгерістер болған жағдайда көшірмесін әкелу), азаматтарды тіркеу кітабы (тоқсан сайын түпнұсқасын, жылына бір рет өзгерістер болған жағдайда көшірмесін әкелу), үйдің немесе пәтердің төлқұжаты (тоқсан сайын), үйді иелену құқығын куәландыратын құжат (жылдағы келесі тіркеу дейін жылына бір рет немесе қандай да бір өзгерістер болған жағдайда көшірмесін әкелу), немесе жалға алу шарты; кірісі және басқа да анықталған кірісі туралы құжаттар (алдыңғы тоқсандағы тоқсан сайын); коммуналдық қызметті төлеу жөніндегі түбіртектің түпнұсқалары мен көшірмелері (алдыңғы тоқсандағы); жоғалған түбіртектердің орнына коммуналдық қызметтен салыстыру кесімі немесе анықтама; жұмыссыз деп танылғаны туралы анықтама (тоқсан сайын); қосалқы шаруашылығының барлығы туралы анықталған мәліметтер немесе кенттік әкімдіктің тексеру кесімі (жылына бір рет немесе өзгерістер болған жағдайда әкелу); отбасылық жағдайы туралы құжаттар (туу, неке, некесін бұзғандығы туралы немесе жұбайының қайтыс болғандығы туралы куәліктердің көшірмелері).
Тұрғын үй көмегін тағайындауға үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі шектеулер есепке алынады:
1) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген жағдайда, ерлі-зайыптылардың екеулерінің де табыстары есепке алынады және тұрғын үй көмегі туралы өтініш беруші зайыбының мекенжайы бойынша тағайындалады;
2) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбының тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш бермеген болса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
3) өтініш берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, оның ата-анасы басқа мекенжайда тіркелсе, өтініш беруші баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы ұсынады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгертулер енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009.07.24 № 20/6-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.12.25 № 23/3-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
20. Тапсырылған құжаттар қаралғаннан кейін отбасының мәліметтері мен коммуналдық төлемдері көрсетілетін шарт-өтініш жасалады. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлғаның және құжаттарды қабылдайтын қолдары қойылады.
21. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін ұсынудың негізі болып табылады.
22. Электрмен, газбен, жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тұрғын үйді ұстауға және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның газға берген түбіртектері, анықтамалары бойынша, тоқсанның орта есебі бойынша есептеледі.
23. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы тіркеу белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (науқастануына, басқа жаққа емделуге курортқа, шипажайға кетуіне, туыстарының қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009.10.23 № 21/7-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
24. Тұрғын үй көмегі қызметі жасаған кестеге сәйкес тоқсан сайынғы тіркеуден өтетін тұрғын үй көмегін алушы отбасылар, құжаттарды рәсімделу уақытына қарамастан тоқсанға көмекті алады. Ағымдағы тоқсан ішінде кестеге сәйкес тіркеуден өтпеген отбасыларға тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап төленеді.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009.07.24 № 20/6-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
25. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй көмегі қызметіне өз тұрғын үйінің меншік түрінің, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, мәртебесінің өзгеруі туралы хабарлауы қажет.
26. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пай да болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары туралы және отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлерін растайтын қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй көмегі қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) заңсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда -сот тәртібімен.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
27. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалға берушінің) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау тұжырымы:
П = МСПЖ - (t х д);
П - тұрғын үй көмегінің мөлшері;
МСПЖ - тұрғын үйге төленетін ең жоғарғы әлеуметтік төлем;
t - тұрғын үй төлеміне шығындар нормативі (-10%);
д - отбасының жиынтық табыстары.
4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың
(отбасылардың) кіріс жиынтығын есептеу
28. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтың (отбасының) жиынтық табысын белгілеуге тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті органмен жүргізіледі.
29. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде отбасы мүшелерінің өтініш беру кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу және бала туғандағы берілетін 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы жәрдемақыны, есептеу кезінде белгіленген күн көріс деңгейінен төмен жалпы сомада көрсетілген ақшалай және табиғи түрде берілген қайырымдылық көмекті, отбасыға төтенше жағдайлар салдарынан мүліктері мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мақсатында берілген материалдық көмек; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілген табиғи көмектің түрлері дәрі-дәрмектік препараттар түрінде, шипажайлық-курорттық емделу түрінде, мүгедектерге бөлінген протездік-ортопедиялық құралдар (әзірлеу және жөндеу), жылжымалы құралдары (кресло-арбалар) және сауықтырудың басқа да құралдары, білім беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру білім беру ұйымында көрсетілген тегін тамақтандыру және көмек көрсету; халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамалық кесімдерде белгіленген оралмандардың тұрғылықты жерге келу бойынша жол ақысын және мүліктерін (оның ішінде малдарын) жеткізу жөніндегі шығындарын өтеуге, келген жерінен үй сатып алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге бір жолғы төлемдерден басқа кірістің барлық түрі есепке алынады. Отбасының табысында алынған шағын несиелердің сомалары есептелмейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008.04.15 № 8/4-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
30. Ауылдық жердің тұрғындары үшін ірі қара мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылығынан табыс (саяжай учаскесін, аулалық учаскелерден, бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады. Ал екі және одан да көп бас ірі қара мал болса, онда бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептелінеді.
31. Қала тұрғындары үшін ірі қара мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылығынан табыс (саяжай учаскесін, аулалық учаскелерден, бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсандағы екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептелінеді. Ал екі және одан да көп бас ірі қара мал болса, онда төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептелінеді.
32. Жиынтық табысын есептегенде өнімді жасқа жетпеген үй малы есепке алынбайды. Кәсіпкерлік қызметтен, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
33. Құжат бойынша расталған табыстар түріне еңбекпен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден, МЗТОдан төленген бір жолғы төлемдер жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егерде төлеуші:
1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);
2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторийлерінде (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен жағдайларда (анықтама ұсынылғанда).
Ескерту. 33-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008.04.15 № 8/4-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
34. Отбасы құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын тіркеу және құжаттандыру Ережелеріне сәйкес ішкі істер органының жергілікті жер бойынша тіркеген тұлғалары есептелінеді.
Жиынтық табыс осы мекенжайда тіркелген отбасының барлық мүшелерінің және басқа да тұлғалардың жалпы табысын қосу жолымен есептелінеді.
35. Отбасының жан басына шаққандағы бір айлық орташа табысы отбасының бір тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы анықталады.
36. Өтініш берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.
5. Өздері жылытатын жеке меншік құрылыстарында тұратын
тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін
ұсыну тәртібі
37. Өздері жылытатын жеке меншік құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегі үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалға алу келісім-шарты болғанда беріледі.
38. Өздері жылытатын жеке меншік құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмір шығынының әлеуметтік нормасы бір үйге 5000 кг-нан аспайтын жалпы аумағы 1 м2 -қа 129,8 кг есептелінеді.
39. Өтіп бара жатқан тоқсанға тұрғын үй көмегін есептеуге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментінің ұсынған тоқсанның соңғы айы жағдайына аудан, қала бойынша көмір құнының орташа бағасы қолданылады.
40. Өздері жылытатын жеке меншік құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалент деп есептеу керек. Отынды сатып алу туралы түбіртек болмаса, өтініш жазылып, тұрғын үй көмегі жөніндегі мамандармен акт жасалады.
41. Көмірді сатып алу маусымдығына байланысты болғандықтан, тұрғын үйге көмірдің барлық әлеуметтік шығын нормасы (көмірдің құны) өтініш берген тоқсандағы үш айға есептелінеді.
42. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде жеке меншік үйлерде тұратын отбасының орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептеледі.
43. Электрмен, газбен, жылумен, сумен қамту, канализация, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға төленген шығындар түбіртек бойынша орташа тоқсандық есебінен алынады.
44. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде отбасы алынған көмірдің салмағын және ағымдағы жылдың қай уақытында алынса да бағасы көрсетілген түбіртек (анықтама) ұсынуы тиіс.
6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландырылуы және төлемі
Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмекті қоса алғанда тұрғын үй көмегі бюджет қаржысы есебінен көрсетіледі. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін жөндеуге көмекті қоса алғанда тұрғын үй көмегін төлеу екінші дәрежелі банктер арқылы жүзеге асырылады, «Қазпочта» акционерлік қоғамы, алушының жеке шотына аудару жолымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008.06.19 № 9/4-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
7. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде коммуналдық қызметтің
пайдалану нормасы және шығындар мөлшері
1. Аумақ нормалары:
1) жалғыз тұратын азаматтар үшін - 30 шаршы метрден артық емес;
2) екі адамнан тұратын отбасына - 30 шаршы метр;
3) үш адамнан тұратын отбасына - 45 шаршы метр;
4) төрт адамнан тұратын отбасына - 60 шаршы метр;
5) бес адамнан тұратын отбасына - 75 шаршы метр.
2. Тұрғын үйді қамту шығындары - 1 шаршы метрге 19,9 теңге.
3. Бір адамға айына газ нормасының шығыны - 5,5 кг.
4. Электр қуатын пайдалану нормасы:
а) бір адам тұрса - 72 кВт;
ә) екі адам тұрса (әр біреуіне) - 57 кВт;
б) үш және одан да көп адам тұрса (әр біреуіне) - 50 кВт.
5. Сумен қамту, жылумен қамту, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, тұрғын үйді ұстау шығындары жөніндегі тарифтерін және оларды қолдану нормативтерін әлеуетті жеткізушілер ұсынады.
8. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне
күрделі жөндеу жұмыстарының шығындарын өтеу тәртібі
Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне толық жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар, осы Нұсқаулықтың 19-тармағында қарастырылған құжаттардан басқа, анықталған үлгідегі өтініш келесі құжаттармен қосымша тапсырылады:
1) кондоминиумның ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге нысаналы алымдар төлеудің түбіртегі (көшірмесі);
2) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге нысаналы алымдар мөлшерін анықтайтын пәтер иелерінің жалпы жиналысының шешімінен үзінді (көшірмесі);
3) тұрғын үй иесі, кондоминиум және жөндеу жұмыстарын жүргізуші ұйым арасындағы кондоминиумның ортақ мүлігі мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын орындауға жасалған шарт (көшірмесі);
4) кондоминиумның ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігі туралы қабылдау-тапсыру кесімі (көшірмесі).
Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне толық жөндеу жұмыстарына тұрғын үй көмегі жалпы жиналыста осы мақсатқа белгіленген шығындардың 100 пайызы мөлшерінде жүргізіледі. Кондоминиум объектісінің органы нысаналы алымдардың және шығындалған қаражаттың сомаларын анықтауға жауапты.
Ескерту. Ереже 8-бөліммен толықтырылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008.06.19 № 9/4-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгеріс енгізілді 2009.12.25 № 23/3-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.