2009 жылдың көктемінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 137 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 22 мамырда N 7-5-89 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы""Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" N 543 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңақала аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі 2009 жылдың сәуір–маусым айларында әскерге шақырудан кейінге қалдыру немесе шақырудан босату құқықтары жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырсын және оларды белгіленген мерзімде әскерге жөнелтуді қамтамасыз етсін.
      2. Қоса беріліп отырған төмендегілер бекітілсін:
      1) 1-қосымшаға сәйкес аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы;
      2) 2-қосымшаға сәйкес аудандық дәрігерлік комиссиясының құрамы;
      3) 3-қосымшаға сәйкес әскери қызметке шақыру кестесі.
      3. Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, әскерге шақырушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу кезеңінде Жаңақала аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде 3 адам бөлсін.
      4. "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, қаржы, ішкі істер бөлімдері аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне осы шешімді жүзеге асыру барысында көмек көрсетсін.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З. Ж. Сисенғалиға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 17 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

     Аудан әкімі

1-қосымша
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2009 жылғы N 137 қаулысымен
бекітілген

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы

      Комиссия төрағасы:
      1. Габдуллин Абай Мустафаұлы     – аудандық қорғаныс
                                         істері жөніндегі
                                         бөлімі бастығы

      Комиссия төрағасының орынбасары:
      2. Танзенов Елжас Жұпмағамбетұлы – аудандық ішкі
                                         саясат бөлімінің
                                         бастығы

      Комиссия хатшысы:
      Жаданова Ажар Мажитқызы          – аудандық орталық
                                         ауруханасының
                                         медбикесі

      Комиссия мүшелері:
      3. Нургалиев Файл Темиршарипович – аудандық ішкі істер
                                         бөлімі бастығының
                                         қызмет жөніндегі
                                         орынбасары

      4. Ишанова Алма Еслямқызы        – аудандық орталық
                                         ауруханасының
                                         терапевт дәрігері

      5. Қайыржанов Марат Құмарғалиұлы – аудандық қорғаныс
                                         істері жөніндегі
                                         бөлімінің келісім
                                         шарт бойынша әскери
                                         қызметкерлерді
                                         жинақтау және
                                         әскерге шақыру
                                         бөлімшесінің бастығы

2-қосымша
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2009 жылғы N 137 қаулысымен
бекітілген

Аудандық дәрігерлік комиссияның
құрамы

      1. Ишанова Алма Еслямқызы - аудандық орталық ауруханасының терапевт дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы
      2. Бисенгалиев Умбетияр Аюпұлы - оташы дәрігер
      3. Ерғали Светлана Мержаққызы - стоматолог, оталоринголог

      4. Хамзина Клара Бакытжановна - терапевт
      5. Рахимова Сауле Рахымқызы - окулист
      6. Кожағалиева Сұлуғаным Қабесқызы - невролог
      7. Мұқашева Разия Төлегенқызы - дерматовенеролог
      8. Курманалиева Айман Октябрятовна - рентгенолог
      9. Жаданова Ажар Мәжитқызы - медбике, комиссия хатшысы
      10. Жумабаева Ақмарал - медбике
      11. Биляшева Жамал - медбике
      12. Мендіғалиева Қарлығаш - лаборант
      13. Кулымжанова Гулбаршын - медбике
      14. Алиев Берік Серікұлы - психиатр

3-қосымша
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2009 жылғы N 137 қаулысымен
бекітілген
 

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі

N

Ауылдық округтердің атауы

Жеткізу уақыты

Көктемгі мезгіл

1

Жаңақазан

01.04.2009 ж.

2

Қызылоба

01.04.2009 ж.

3

Мастексай

01.04.2009 ж.

4

Пятимар

02.04.2009 ж.

5

Жаңажол

03.04.2009 ж.

6

Бірлік

06.04.2009 ж.

7

Мендешев

06.04.2009 ж.

8

Көпжасар

07.04.2009 ж.

9

Жаңақала

08.04.2009 ж.

09.04.2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады