Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қарашадағы № 731 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 20 желтоқсанда № 6693 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесі бекітілсін.
      2. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасы м. а. 2005 жылғы 28 ақпандағы № 46 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3487 тіркелген, «Заң газетінде» 2005 жылғы 21 қазанда № 195-196 (929-930) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж.Ы. Омаров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдің м.а.                                Е. Аман

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрі м.а.
2010 жылғы 26 қарашадағы  
№ 731 бұйрығымен бекітілген 

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю үшін пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) гендік орман резерваты - гендік-селекциялық тұрғыдан алғанда бағалы өсімдіктер түрі, қосымша түрлері бар орман учаскесі;
      2) орман пайдалану - орман ресурстарын және орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөнінде заңдық және экономикалық тұрғыдан реттелген қызмет;
      3) орман пайдаланушы - Қазақстан Республикасының Орман кодексі белгілеген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген заңды немесе жеке тұлға;
      4) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю үшін жарамды алқаптарды анықтау

      3. Мемлекеттiк орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiлер белгiлейдi.
      4. Шөп шабу үшін ең алдымен осы мақсатқа жарамды мемлекеттік орман қорының құрамына енетін ауыл шаруашылық жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және ормандарды табиғи және жасанды жолмен қалпына келтіру немесе шөп шабу басталғанға дейін оларды жақсарту жөнінде басқа да шаралар жүргізу көзделмеген орман көмкермеген басқа да жерлер, сондай-ақ қайта жаңартуға арналмаған құндылығы аз алқа ағаштардың жекелеген учаскелері пайдаланылуы мүмкін.
      5. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде шөп шабу мүмкін болатын алқаптарды орман орналастырудың жоспарлау-картографиялық материалдарының, сондай-ақ түгелдеу материалдарының және ормандардың басқа да зерттеулерінің негізінде орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады.

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу мен мал жаю үшін пайдалану тәртібі

      6. Мал жаюға мемлекеттік орман қоры учаскелерінде осы Ережеге қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде мал жаю нормаларына сәйкес рұқсат етіледі, бұл ретте мал жаю үшін учаскелерді таңдау орман жайылымдықтарын маусымдық пайдалану мүмкіндіктері, жайылым айналымдары және оларға жеткілікті жүктемені ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
      7. Жайылымдық айналымы жайылымдық жерлерді неғұрлым тиімді пайдалану, олардың шығымдылығын арттыру, топырақтың эрозияға ұшырауын төмендету немесе оны болдырмау мақсатында енгізіледі.
      Жайылымдық айналымының алқабы:
      өсу кезеңінің табиғи-климаттық жағдайларын;
      жайылымдықтардың бітік өсу, оларға мал жаю деңгейін;
      эрозияға ұшырау процестерінің ықтимал мүмкіндігі және нақты байқалуы;
      жабайы өсетін шөптердің ерекше құнды тұқымдарын жинау мүмкіндігі;
      «демалыс» берудің қажеттігі, яғни жыл бойына мал жаюды, шөп шабуды толық болдырмау ескеріле отырып, белгіленеді.
      8. Орманды дала мен шоқ ағашты ормандардың оңтүстік бөлігінде алаңдарды шөп шабу үшін және оның орнын мал жаю үшін пайдаланбаған жөн. Жайылымдықтарды пайдаланудың негізгі тәсілі үш мәрте және бір мәрте мал жаюды алмастырып отыру болып табылады.
      9. Орманды даланың солтүстік бөлігінде төрт кезекті жайылымдық айналым жүзеге асырылады.
      10. Жартылай шөлейт аймақта екі танапқа екі-үш рет мал жаюды және үш танапқа бір рет мал жаюды алмастырып отыратын бес кезекті жайылымдық айналым жүзеге асырылады.
      11. Эрозияға жол бермеу немесе оның ықтимал мүмкіндігін төмендету үшін мал жаюды жайылымдық айналымының қабылданған жүйесі бойынша жүргізу қажет. Эрозияға ұшырайтын жайылымдықтарда мал жаю мөлшерін төмендету, ал тым күшті байқалған эрозиялық процестерде - мүлдем мал жаймау дұрыс болады.
      12. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабуға және мал жаюға:
      1) биосфералық және сепортер-қорықтарды, мемлекеттік табиғи орман ескерткіштерін қоса алғанда мемлекеттік табиғи қорықтардың ормандарында, гендік резерваттарды, аса құнды орман алаптарын қоса алғанда ғылыми маңызы бар орман учаскелерінде;
      2) мемлекеттік табиғи қорықтар құруға не мемлекеттік табиғи-қорық қорының, ерекше құнды табиғи және басқа да кешендердің объектілерін сақтау үшін қалдырылған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде;
      3) орман парктерінде, орман жемістері екпелерінде, қала ормандарында, жасыл аймақтардың орман паркі бөліктерінде, сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау ормандарында және курорттардың санитарлық қорғау ормандарында, мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтарында, эрозияға қарсы және субальпілік ормандарда, аса құнды орман алқаптарында, өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектілерінің жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған жолақтарында, ерекше қорғалатын орман учаскелерінде;
      4) орман дақылдары мен фито-орман мелиоративтік екпелер ұшарбасын мал бүлдіріп кету мүмкіндігіне жол бермейтіндей биіктікке жеткенге дейін солардың алқаптарында, орман тұқымы және дәрі-дәрмектік плантациялар мен учаскелерде, шырша-қарағай-балқарағай, тал, терек, жаңғақ жемісі және жеміс-жидек плантацияларында, сондай-ақ орманның табиғи жолмен қалпына келуіне жәрдемдесу жөніндегі шаралар жүргізілетін учаскелерде;
      5) жас өскін мен өркен ұшарбасын мал бүлдіріп кетуіне жол бермейтіндей биіктікке жеткенге дейін өміршең өркені дамыған табиғи жас өскіндер мен екпелерде;
      6) орманды табиғи жолмен қалпына келтіру есебімен ормандарды қалпына келтіру мақсатында ағаш кесуді жүргізу үшін белгіленген екпелерде, сондай-ақ ағашы кесілген жерлерде және табиғи жолмен қалпына келтіруге арналған басқа да орман көмкермеген алқаптарда;
      7) жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік және техникалық шикізаттарды кәсіпшілік мақсатта дайындау аймақтарында;
      8) топырағын су тез шайып және жел ұшырып кететін алқаптарда тыйым салынады.
      13. Осы Ереженің 12-тармағына сәйкес мал жаю тыйым салынған учаскелер тізбесін мемлекеттік орман қоры жерлерінің жай-күйіне қатысты болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мен орман ресурстарын дайындау шараларының жоспарларын ескере отырып, мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады.
      14. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ешкілерді арнайы бөлінген қоршалған учаскелерде ғана жаюға болады.
      15. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 39-41-баптарына сәйкес бөгеледі, шектеледі немесе тоқтатылады.

Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде шөп шабу
және мал жаю ережесіне
қосымша     

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде мал жаю нормалары

р/с

Табиғи аймақтар

Үй жануарларының түрлері

Мал жаю нормалары, 1 басқа га

1

Жартылай шөлейт
және шөлейт

Қойлар
ІҚМ
Жылқы

7,0
7,0
5,0

2

Далалы

Қойлар
ІҚМ
Жылқы

1,5-3,0
1,5-3,0
1,0-2,25

3

Таулы

Қойлар
ІҚМ
Жылқы

0,75-1,5
0,75-1,5
1,0

Об утверждении Правил сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2010 года № 731. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 декабря 2010 года № 6693. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 10-1/18

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 17.01.2012 № 10-1/18.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 4.

      В соответствии со статьей 99 Лесного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда.
      2. Признать утратившим силу приказ и.о. Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 февраля 2005 года № 46 "Об утверждении Правил сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3487, опубликованный в "Юридической газете" от 21 октября 2005 года № 195-196(929-930)).
      3. Департаменту стратегии использования природных ресурсов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (Омаров Ж.И.) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              Е. Аман

Утверждены            
приказом и.о. Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан 
от 26 ноября 2010 года № 731 

Правила
сенокошения и пастьбы скота на участках государственного
лесного фонда

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 99 Лесного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок использования лесопользователями участков государственного лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) лесной генетический резерват - участок леса с ценной в генетико-селекционном отношении частью популяции вида, подвида растений;
      2) лесопользование - юридически и экономически регламентированная деятельность по использованию лесных ресурсов и полезных свойств леса;
      3) лесопользователь - физическое или юридическое лицо, которому предоставлено право временного лесопользования в порядке, установленном Лесным Кодексом Республики Казахстан;
      4) уполномоченный орган в области лесного хозяйства - государственный орган, осуществляющий функции управления и контроля в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения.

2. Определение площадей, пригодных для сенокошения и пастьбы
скота на участках государственного лесного фонда

      3. Участки государственного лесного фонда, на которых возможно сенокошение и пастьба скота, определяются государственными лесовладельцами в соответствии с лесоустроительными проектами или планами управления особо охраняемыми природными территориями.
      4. Для сенокошения выделяются, прежде всего, пригодные для этой цели, входящие в состав государственного лесного фонда площади сельскохозяйственных угодий, а также могут использоваться прогалины и другие не покрытые лесом угодья, на которых не предусматривается естественное или искусственное возобновление леса, проведение других мероприятий по их улучшению до начала сенокошения, а также отдельные участки малоценных насаждений, не предназначенные под реконструкцию.
      5. Площади, где возможно осуществление сенокошения на участках государственного лесного фонда ежегодно уточняются лесовладельцами на основании планово-картографических материалов лесоустройства, а также материалов инвентаризации и других обследований лесов.

3. Порядок пользования участками государственного
лесного фонда для сенокошения и пастьбы скота

      6. Пастьба скота разрешается на участках государственного лесного фонда в соответствии с нормами выпаса скота на участках государственного лесного фонда, согласно приложению к настоящим Правилам, при этом выбор участков для пастьбы скота должен осуществляться с учетом возможностей сезонного использования лесных пастбищ, пастбищеоборотов и допустимой нагрузки на них.
      7. Пастбищеобороты вводятся с целью более эффективного использования пастбищных угодий, повышения их продуктивности, снижения эродированности почв или ее предотвращения.
      Площадь пастбищеоборотов устанавливается с учетом:
      природно-климатических условий вегетативного периода;
      степени выбитости, стравливания пастбищ;
      потенциальной возможности и фактического проявления эрозионных процессов;
      возможности сбора особо ценных семян дикорастущих трав;
      целесообразности предоставления "отдыха", то есть полное исключение стравливания, сенокошения в течение года.
      8. В южной части лесостепи и колочных лесов использование площадей под сенокошение и выпас скота нецелесообразно. Основным приемом эксплуатации пастбищ является чередование трехкратного и однократного стравливания.
      9. В северной части лесостепей осуществляются четырехпольные пастбищеобороты.
      10. В полупустынной зоне осуществляют пятипольные пастбищеобороты с чередованием двух-трехкратного стравливания двух полей и однократного - трех полей.
      11. Для предотвращения эрозии или снижения потенциальной ее возможности выпас скота необходимо производить по принятой системе пастбищеоборотов. На эродируемых пастбищах целесообразно снижать количество стравливаний, а при сильно развитых эрозионных процессах - не стравливать вообще.
      12. Сенокошение и пастьба скота на участках государственного лесного фонда не допускается:
      1) в лесах государственных природных заповедников, включая биосферные и заповедники-сепортеры, государственных лесных памятников природы, на участках леса, имеющих научное значение, включая генетические резерваты, особо ценные лесные массивы;
      2) на участках государственного лесного фонда, зарезервированных под создание государственных природных заповедников либо для сохранения объектов государственного природно-заповедного фонда, особо ценных природных и других комплексов;
      3) лесопарков, лесоплодовых насаждений, городских лесов, лесопарковых частей зеленых зон, лесов санитарной охраны источников водоснабжения и лесов санитарной охраны курортов, государственных защитных лесных полос, противоэрозионных и субальпийских лесов, запретных полос лесов по берегам рек, озер водохранилищ, каналов и других водных объектов, особо защитных лесных участков;
      4) на площадях лесных культур и фитолесомелиоративных насаждений до достижения ими высоты, исключающей возможность повреждения вершин скотом, на лесосеменных и лекарственных плантациях и участках, елово-сосново-пихтовых, ивовых, тополевых, орехоплодных и плодово-ягодных плантациях, а также на участках, где проводятся мероприятия по содействию естественному возобновлению леса;
      5) в естественных молодняках и насаждениях с развитым жизнеспособным подростом до достижения молодняком и подростом высоты, исключающей повреждения вершин скотом;
      6) в насаждениях, намеченных для проведения рубок леса с расчетом на восстановление леса естественным путем, а также на вырубках и других, не покрытых лесом площадях, предназначенных под естественное возобновление;
      7) в зонах промысловых заготовок плодов, ягод, грибов, лекарственного и технического сырья;
      8) на площадях с легкоразмываемыми и развеиваемыми почвами.
      13. Перечень участков, на которых в соответствии с пунктом 12 настоящих Правил не допускается пастьба скота, уточняется ежегодно государственными лесовладельцами с учетом происходящих изменений состояния земель государственного лесного фонда, а также планов мероприятий по воспроизводству лесовосстановительных работ и заготовок лесных ресурсов.
      14. Пастьба коз на участках государственного лесного фонда допускается только на специально отведенных огороженных участках.
      15. Право лесопользования на участках государственного фонда, данное для сенокошения и пастьбы скота приостанавливается, ограничивается или прекращается в соответствии со статьями 39-41 Лесного Кодекса Республики Казахстан.

Приложение          
к Правилам сенокошения и   
пастьбы скота на участках  
государственного лесного фонда

    Нормы выпаса скота на участках государственного лесного фонда

№ п/п

Природные зоны

Виды домашних
животных

Нормы выпаса скота,
га на 1 голову

1

Полупустынные
и пустынные

Овцы
Крупный рогатый
скот (КРС)
Лошади

7,0
7,0
5,0

2

Степная

Овцы
КРС
Лошади

1,5-3,0
1,5-3,0
1,0-2,25

3

Горные

Овцы
КРС
Лошади

0,75-1,5
0,75-1,5
1,0