Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2005 жылғы 28 ақпандағы N 46 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3487. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қарашадағы № 731 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.11.26 № 731 (ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесі бекітілсін.
     2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Төрағаның
     міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрлігі  
Орман және аңшылық шаруашылығы 
комитеті төрағасы міндетін   
атқарушының 2005 жылғы     
28 ақпандағы N 46 бұйрығымен 
бекітілген           

  Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
шөп шабу және мал жаю ережесі 1. Жалпы ережелер

     1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаюдың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Орман пайдаланушылар) шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану тәртібін белгілейді.

     2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     1) өртең - алқаағашын өрт жойып жіберген, ал орманның жаңа түптері әлі көтеріле қоймаған орман алқабы;
     2) гендік орман резерваты - гендік-селекциялық тұрғыдан алғанда бағалы өсімдіктер түрі, қосымша түрлері бар орман учаскесі;
     3) орман пайдалану - орман ресурстарын және орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөнінде заңдық және экономикалық тұрғыдан реттелген қызмет;
     4) орман пайдаланушы - Қазақстан Республикасының Орман кодексі белгілеген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген заңды немесе жеке тұлға;
     5) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
     6) қаша - мемлекеттік орман қорының ауыл шаруашылығы жерлерінің жайылымдық айналымында мал жаюға арналған алқап.

  2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу
және мал жаю үшін жарамды алқаптарды анықтау

     3. Шөп шабуға және мал жаюға болатын мемлекеттік орман қоры учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекітілген орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер анықтайды.

     4. Шөп шабу үшін ең алдымен осы мақсатқа жарамды мемлекеттік орман қорының құрамына енетін ауыл шаруашылық жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және ормандарды табиғи және жасанды жолмен қалпына келтіру немесе шөп шабу басталғанға дейін оларды жақсарту жөнінде басқа да шаралар жүргізу көзделмеген орман көмкермеген басқа да жерлер, сондай-ақ қайта жаңартуға арналмаған құндылығы аз алқаағаштардың жекелеген учаскелері пайдаланылуы мүмкін.

     5. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде шөп шабу мүмкін болатын алқаптарды орман орналастырудың жоспарлау-картографиялық материалдарының, сондай-ақ түгелдеу материалдарының және ормандардың басқа да зерттеулерінің негізінде орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады.

     6. Мал жаюға мемлекеттік орман қоры учаскелерінде (ормансыз, орман көмкерген және орман көмкермеген) осы Ережеге қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде мал жаю нормаларына сәйкес рұқсат етіледі, бұл ретте мал жаю үшін учаскелерді таңдау орман жайылымдықтарын маусымдық пайдалану мүмкіндіктері, жайылым айналымдары және оларға жеткілікті жүктемені ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.

     7. Жайылымдық айналымы жайылымдық жерлерді неғұрлым тиімді пайдалану, олардың шығымдылығын арттыру, топырақтың эрозияға ұшырауын төмендету немесе оны болдырмау мақсатында енгізіледі.
     Жайылымдық айналымының алқабы:
     өсу кезеңінің табиғи-климаттық жағдайларын;
     жайылымдықтардың бітік өсу, оларға мал жаю деңгейін;
     эрозияға ұшырау процестерінің ықтимал мүмкіндігі және нақты байқалуы;
     жабайы өсетін шөптердің ерекше құнды тұқымдарын жинау мүмкіндігі;
     "демалыс" берудің қажеттігі, яғни жыл бойына мал жаюды, шөп шабуды толық болдырмау ескеріле отырып, белгіленеді.

     8. Орманды дала мен шоқ ағашты ормандардың оңтүстік бөлігінде алаңдарды шөп шабу үшін және оның орнын мал жаю үшін пайдаланбаған жөн. Жайылымдықтарды пайдаланудың негізгі тәсілі үш мәрте және бір мәрте мал жаюды алмастырып отыру болып табылады.

     9. Орманды даланың солтүстік бөлігінде төрт кезекті жайылымдық айналымы ұсынылады.

     10. Жартылай шөлейт аймақта екі танапқа екі-үш рет мал жаюды және үш танапқа бір рет мал жаюды алмастырып отыратын бес кезекті жайылымдық айналымы ұсынылады.

     11. Эрозияға жол бермеу немесе оның ықтимал мүмкіндігін төмендету үшін мал жаюды жайылымдық айналымының қабылданған жүйесі бойынша жүргізу қажет. Эрозияға ұшырайтын жайылымдықтарда мал жаю мөлшерін төмендету, ал тым күшті байқалған эрозиялық процестерде - мүлдем мал жаймау дұрыс болады.

     12. Мал жаюға:
     биосфералық және сепортер-қорықтарды, мемлекеттік табиғи орман ескерткіштерін қоса алғанда мемлекеттік табиғи қорықтардың ормандарында, гендік резерваттарды, аса құнды орман алаптарын қоса алғанда ғылыми маңызы бар орман учаскелерінде;
     мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің және мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи орман резерваттарының, мемлекеттік табиғи орман аймақтарының қорық режимі аймақтарында;
     мемлекеттік табиғи қорықтар құруға не мемлекеттік табиғи-қорық қорының, ерекше құнды табиғи және басқа да кешендердің объектілерін сақтау үшін қалдырылған мемлекеттік қорық аймақтарының учаскелерінде;
     орман парктерінде, орман жемістері екпелерінде, қала ормандарында, жасыл аймақтардың орман паркі бөліктерінде, сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау ормандарында және курорттардың санитарлық қорғау ормандарында, мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтарында, эрозияға қарсы және субальпілік ормандарда, аса құнды орман алқаптарында, өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектілерінің жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған жолақтарында, ерекше қорғалатын орман учаскелерінде;
     орман дақылдары мен фито-орман мелиоративтік екпелер ұшарбасын мал бүлдіріп кету мүмкіндігіне жол бермейтіндей биіктікке жеткенге дейін солардың алқаптарында, орман тұқымы және дәрі-дәрмектік плантациялар мен учаскелерде, шырша-қарағай-балқарағай, тал, терек, жаңғақ жемісі және жеміс-жидек плантацияларында, сондай-ақ орманның табиғи жолмен қалпына келуіне жәрдемдесу жөніндегі шаралар жүргізілетін учаскелерде;
     жас өскін мен өркен ұшарбасын мал бүлдіріп кетуіне жол бермейтіндей биіктікке жеткенге дейін өміршең өркені дамыған табиғи жас өскіндер мен екпелерде;
     орманды табиғи жолмен қалпына келтіру есебімен ормандарды қалпына келтіру мақсатында ағаш кесуді жүргізу үшін белгіленген екпелерде, сондай-ақ ағашы кесілген жерлерде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесуді жүргізуді айқындайтын нормативтік құқықтық актіге сәйкес табиғи жолмен қалпына келтіруге арналған басқа да орман көмкермеген алқаптарда;
     жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік және техникалық шикізаттарды кәсіпшілік мақсатта дайындау аймақтарында;
     топырағын су тез шайып және жел ұшырып кететін алқаптарда тыйым салынады.

     13. Осы Ереженің 12-тармағына сәйкес мал жаю тыйым салынған учаскелер тізбесін мемлекеттік орман қоры жерлерінің жай-күйіне қатысты болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мен орман ресурстарын дайындау шараларының жоспарларын ескере отырып, мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады.

     14. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде бақташысыз мал жаюға ерекше жағдайларда, шалғайдағы, жол қатынасы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жол беріледі. Осындай аудандардың тізбесін облыстық атқарушы органның ұсынымы бойынша облыстық өкілді орган бекітеді.
     Ұйымдастырылған аңшылық шаруашылығы бар мемлекеттік орман қоры аумағында иттермен мал жаюға болмайды.

     15. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ешкілерді арнайы бөлінген қоршалған учаскелерде ғана жаюға болады.

     16. Мал иелері қажет болған жағдайларда мемлекеттік орман иеленушілердің нұсқауы бойынша орман дақылдарын, питомниктерді және мемлекеттік орман қорының басқа да учаскелерін сақтау мақсатында мал айдап өтетін жолдарды, сондай-ақ жайылымдықтарды қоршап қоюға міндетті.

  3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп
шабу мен мал жаю үшін пайдалану тәртібі

     17. Мемлекеттік орман қоры учаскелері шөп шабу мен мал жаю үшін қысқа мерзімді пайдалануға (1 жылға дейін пайдалану мерзіміне) және ұзақ мерзімді пайдалануға (10 жылға дейін пайдалану мерзіміне) берілуі мүмкін.

     18. Орман иеленушілер Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 36,  41-баптарына сәйкес шөп шабу мен мал жаюға жарамды мемлекеттік орман қоры учаскелерінен оларды алуға құқығы бар орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлеріне шөп шабу үшін қызмет бабындағы жер телімдерін, мал ұстайтын осы қызметкерлерге мал жаю үшін учаскелер, сондай-ақ биологиялық-техникалық іс-шаралар өткізу шеңберінде қатаң жемшөп дайындау үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін бөледі.

     19. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу мен мал жаю үшін ұзақ мерзімді пайдалануға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 32 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесіне сәйкес тендер негізінде жүзеге асырылады.
     Осы тармақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.

     20. Шөп шабу мен мал жаюға жарамды қалған алқаптар туралы мәліметтерді (осы Ереженің 19-тармағында көрсетілгендерден басқа) орман иеленушілер тендер ұйымдастырушыларға шөп шабу мен мал жаю басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей береді.

     21. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабатын және мал жаятын жерлерді бөлуге мұқтаж орман пайдаланушылар:
     ұзақ мерзімді негізде (ұзақ мерзімді орман пайдалану) тендер өткізуді ұйымдастырушыларға шөп шабу мен мал жаю үшін ұзақ мерзімді пайдалануға мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөніндегі тендерге қатысуға арналған орман иеленушілердің өтінім-лоттарды дайындауы үшін тиісті өтінімдер жібереді;
     қысқа мерзімді негізде (қысқа мерзімді пайдалану) шөп шабу мен мал жаю басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей орман пайдалану үшін учаскелер беру жөнінде өтінішпен орман иеленушілерге жүгінеді.

     22. Тендерлер өткізуді ұйымдастырушылар шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөнінде жүргізілген тендерлердің нәтижелері негізінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды, оның негізінде тендерлер өткізуді ұйымдастырушылар мен орман пайдаланушылар арасында осы учаскелерді ұзақ мерзімді пайдалану туралы шарт жасалады, оларда осы учаскелерді пайдалану жөніндегі талаптармен және тараптардың өзара қарым-қатынастарының шарттарымен қатар Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігін сақтауды айқындайтын нормативтік құқықтық актіні сақтау, оларға бөлінген шөп шабатын және мал жаятын жерлерді қорғау және олардың сапасын жақсарту шараларын жүргізу жөніндегі соңғыларының міндеттері белгіленеді.

     23. Шалғайдағы мал шаруашылығы үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін беру жөніндегі өтінім-лоттарды дайындау кезінде көршілес аудандардың, облыстардың қажеттілігін ескеру керек.

     24. Орман иеленушілер өткізілген тендерлердің нәтижелері бойынша жасалған шарттарға сәйкес және орман пайдаланғаны үшін төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде тендерлердің жеңімпаздарына орман билеттерін жыл сайын беріп тұруды және оларға шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің табиғи түрінде берілуін қамтамасыз етеді. Орман билетінде пайдалану алаңы мен орны, төлем мөлшері, шөп шабу мен мал жаюды жүргізу мерзімі мен шарттары көрсетіледі.

     25. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беру кезінде орман пайдаланушының өтініші және орманды пайдаланғаны үшін төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде орман пайдаланушыларға әрі орман билеті жазып беріледі.

     26. Берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю орман билеттерінде көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылуы тиіс.

     27. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу мен мал жаю үшін жерлерді пайдалану құқығын үшінші бір тұлғаға беруге жол берілмейді.

     28. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу мен мал жаю үшін пайдалану "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес ақы төлеу негізінде жүзеге асырылады.

     29. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Орман  кодексінің 39-41-баптарына сәйкес тоқтатыла тұруы, шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін.

                                            Мемлекеттік орман қоры
                                            учаскелерінде шөп шабу
                                            және мал жаю ережесіне
                                                   қосымша

         Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
                     мал жаю нормалары

N
р/с

Табиғи аймақтар

Үй жануарла-
рының түрлері

Мал жаю нормала-
ры, 1 басқа га

1

Жартылай шөлейт
және шөлейт

Қойлар
ІҚМ
Жылқы

7
7
5

2

Далалы

Қойлар
ІҚМ
Жылқы

1,5-3,0
1,5-3,0
1,0-2,25

3

Таулы

Қойлар
ІҚМ
Жылқы

0,75-1,5
0,75-1,5
1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады