Кеден органдары жүргізетін тексерулер бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 ақпандағы № 37 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 45 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6065 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 601 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 8 Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.11.30 № 601 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2011.01.17 № 8 Бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Кеден органдары жүргізетін тексерулер бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық 2010 жылдың 3 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                             Б. Жәмішев

      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі                         Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің       
2010 жылғы 3 ақпандағы  
№ 37 және         
Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің   
2010 жылғы 10 ақпандағы 
№ 45 бірлескен бұйрығымен
бекітілді         

Нысан

Кеден органдарымен жүргізілетін тексерулер бойынша
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған, кеден органы ___________________________
________________________________________________________________
Нұсқама ________________________________________________________
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының атауы _________________
________________________________________________________________
Заңды мекенжайы ________________________________________________
Банк реквизиттері ______________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

Талаптар

1

Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тасымалдау кезінде декларациялау

2

Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу

3

Есептеу дұрыстығы және бюджетке уақытылы енгізу:
кедендік баж;

кедендік алым;

алым;

қосылған құнға салынатын салық;

акциз

4

Ұсынылған тарифтік жеңілдіктердің талаптарын сақтау

5

Кедендік төлемдер салудан босату үшін құжаттар ұсынудың тәртібін сақтау

6

Тауарлардың импортын қосылған құн салығынан босатудың тәртібін сақтау

7

Тауарлардың кодын декларанттың декларациялау кезінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс көрсетуі

8

Шартты шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын мақсатты пайдалану

9

Мәлімделген кеден құнына таңдау әдісі мен құрылымын қолданудың дұрыстығы

10

Тарифсіз реттеу шараларын сақтау

11

Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты есеп пен есептілікті жүргізу тәртібін сақтау

12

Импортталатын тауарларға есепке алу әдісімен қосымша құн салығын төлеудің тәртібін сақтау

13

Тауарлардың шыққан жері туралы сертификатты ұсынудың талаптарын сақтау

14

Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде ұсынылған мәліметтердің анықтығы және құжаттардың дұрыстығы

15

Белгіленген мерзімде ұлттық және шетел валютасын репатриациялау (қайтару) талаптарын орындау

16

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тауарлар мен көлік құралдарын әкету кезінде оларға қойылатын талаптарды сақтау

17

Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің шарттарын сақтау

18

Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге қызметке жататын бухгалтерлік құжаттарды жүргізудің шынайылығы

19

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен қаржы лизингіне мүлікті беру шарттарын сақтау

Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
_______________________ _________________________ _______________
     (қызметі)                  (Т.А.Ә.)                (қолы)

_______________________ _________________________ _______________
     (қызметі)                  (Т.А.Ә.)                (қолы)

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы:
_______________________ _________________________ _______________
     (қызметі)                  (Т.А.Ә.)                (қолы)

Об утверждении формы проверочного листа по проверкам проводимым таможенными органами

Совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 февраля 2010 года № 37 и Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 10 февраля 2010 года № 45. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2010 года № 6065. Утратил силу совместным приказом Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2010 года № 601 и Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 17 января 2011 года № 8

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра финансов РК  от 30.11.2010 № 601 и Министра экономического развития и торговли РК от 17.01.2011 № 8.
 
      В соответствии со статьей 38 Закона Республики Казахстан "О частном предпринимательстве" ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемую форму проверочного листа по проводимым проверкам таможенными органами.
      2. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан (Карбузов К-К.Ж.):
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его официальное опубликование;
      3) обеспечить размещение настоящего приказа на Интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Вице-министра финансов Республики Казахстан Даленова Р.Е.
      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      5. Настоящий приказ вводится в действие с 3 февраля 2010 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов               Министр экономики и
      Республики Казахстан           бюджетного планирования
                                     Республики Казахстан
      _______________Б. Жамишев      _____________Б. Султанов
      "___"________2010 года         10 февраля 2010 года

Утверждена         
совместным приказом    
Министра финансов     
Республики Казахстан    
от 3 февраля 2010 года № 37 и
Министра экономики и    
бюджетного планирования  
Республики Казахстан    
от 10 февраля 2010 года № 45

Форма

Проверочный лист по проводимым проверкам таможенными органами

Таможенный орган, назначивший проверку ______________________________
_____________________________________________________________________
Предписание _________________________________________________________
Наименование участника внешнеэкономической деятельности _____________
_____________________________________________________________________
РНН (БИН) ___________________________________________________________
Юридический адрес ___________________________________________________
Банковские реквизиты ________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Требования

1

Декларирование товаров и транспортных средств при их перемещении
через таможенную границу Республики Казахстан

2

Таможенное оформление товаров и транспортных средств

3

Правильность исчисления и своевременность внесения в бюджет:
таможенной пошлины;

таможенного сбора;

сбора;

налога на добавленную стоимость;

акциза

4

Соблюдение условий предоставления тарифных преференций

5

Соблюдение условий освобождения от обложения таможенными
платежами

6

Соблюдение порядка освобождения от налога на добавленную
стоимость импорта товаров

7

Достоверность указания кода товара в соответствии с Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности при их
декларировании декларантом

8

Целевое использование условно выпущенных товаров и транспортных
средств

9

Правильность применения выбранного метода и структуры заявленной
таможенной стоимости

10

Соблюдение мер нетарифного регулирования

11

Соблюдение порядка ведения учета и отчетности в отношении
товаров и транспортных средств, находящихся под таможенным
контролем

12

Соблюдение порядка уплаты налога на добавленную стоимость на
импортируемые товары методом зачета

13

Соблюдение условий представления сертификата о происхождении
товара

14

Достоверность сведений и подлинность документов, представленных
при таможенном оформлении товаров и транспортных средств

15

Выполнение требования репатриации национальной и иностранной
валюты в установленный срок

16

Соблюдение требований, предъявляемых к товарам и транспортным
средствам при их вывозе за пределы таможенной территории
Республики Казахстан

17

Соблюдение условий обеспечения уплаты таможенных платежей и
налогов

18

Достоверность ведения бухгалтерской документации, относящейся к
внешнеэкономической и иной деятельности в сфере таможенного дела

19

Соблюдение условий передачи имущества в финансовый лизинг
участниками внешнеэкономической деятельности

Должностные лица осуществляющие проверку:
_____________________ _____________________ _____________________
     (должность)                (Ф.И.О.)               (подпись)
_____________________ _____________________ _____________________
     (должность)                (Ф.И.О.)               (подпись)

Участник внешнеэкономической деятельности:
_____________________ _____________________ _____________________
     (должность)                (Ф.И.О.)            (дата, подпись)