Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.04.13 № 24-03/184 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2011.04.25 N 111 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес су қорын пайдалану және cу алуды немесе жер үстiндегi ағын суды реттеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектілерге арналған тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (Орман А.О.):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырлуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Ә. Оразаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Экономика және бюджеттік
министрінінің м.а. жоспарлау министрі
______________ Е. Аман _____________ Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 18 ақпандағы № 100
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 25 ақпандағы № 102
бірлескен бұйрығына 1-қосымша
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Осы су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері (әрі қарай - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес, бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен су объектілерінен су алуға байланысты қызметтерді жүзеге асыратын бастапқы су пайдаланушыларды тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін дайындалды.
2. Осы Критерийлерде келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел – халықтың экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуінің азаюы, қоршаған ортаға келтірілетін зиянның, салаларының, су объектілерінің ластануының, қоқымдануының және сарқылуының пайда болуы, бөлінген лимиттерге сәйкес су ресурстарын алуға арналған су пайдаланушылардың құқығының бұзылуының және су пайдаланушылардың қызметінің нәтижесінде келтірілетін зиянның ықтималдығы;
2) бақылау субъекті – өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткiзу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын, сонымен қатар, шаруашылықтың әртүрлi салаларын сумен қамтамасыз ету үшiн тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстiндегi ағын суды реттеу жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бастапқы су пайдаланушылар).
3. Бақылау субъектілерін тәуекел салдарының дәрежелеріне жатқызу бастапқы кезеңде – объективтік критерийлер және келесі жатқызуларда – субъективтік критерийлер негізінде жүргізіледі.
4. Бастапқы жатқызу кезінде, барлық бақылау субъектілері, су объектілерінің стратегиялық маңызына және су алу көлеміне байланысты тәуекелдің үш дәрежесіне жіктеледі:
жоғары дәрежеге - ерекше стратегиялық маңызды су шаруашылығы құрылыстарының тізіміне жатқызылған объектілерді пайдаланатын бақылау субъектілері жатады;
орта дәрежеге - тәулігіне 5 мың текше метрден жоғары су алуды жүзеге асыратын, 10 миллион текше метрден жоғары көлемдегі су қоймаларын пайдаланатын бақылау субъектілері жатады;
төмен дәрежеге - тәулігіне 5 мың текше метрден аспайтын су алуды жүзеге асыратын, 10 миллион текше метрден аспайтын көлемдегі су қоймаларын пайдаланатын бақылау субъектілері жатады.
5. Осы Критерийлердің 4-тармағының екінші абзацында келтірілген бақылау субъектілері сумен қамтамасыз етудің өзекті стратегиялық желілері ретінде кейін, келесі жатқызуларда бұдан төмен тәуекел дәрежелеріне ауыстырылмайды.
6. Келесі жатқызуларда, тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлеріне (1 және 2-қосымшалар) сәйкес, жиналған балдарға байланысты, бақылау субъектілері келесідей жіктеледі:
жоғары тәуекел дәрежесіне - 45 және одан жоғары бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
орта тәуекел дәрежесіне - 30-дан бастап 45-ке дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
төмен тәуекел дәрежесіне - 30-дан аз бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады.
7. Бір тәуекелдік деңгейдегі бақылау субъектілерін тексеруді басымды жоспарлау үшін мыналар негіз болады:
су қоймасының ең жоғарғы көлемі;
су алудың ең жоғарғы көлемі;
гидравликалық, гидроаккумуляциялық және жылу электрстанцияларының гидротехникалық құрылыстарының ең жоғарғы күші;
мелиорация жүйелері қызмет көрсететін суғару және құрғатудың ең үлкен алаңы.
Су қорын пайдалану және қорғау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалаудың критерийлеріне
1-қосымша
Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері
Бұзушылық түрлері |
Бұзушылық деңгейі |
Балы |
су объектiлерiн өз бетiнше басып алу, өз бетiнше су пайдалану, су пайдалану құқығын қайта табыстау |
Өрескел |
40 |
лимиттердi бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды өз бетiнше жүргiзу |
40 |
|
су объектiлерiнен өндiрiлген немесе бөлiнген жер асты және жер үстi суларын қырсыздықпен пайдалану |
40 |
|
өзендердiң және басқа да су айдындарының жай-күйiне әсер ететiн ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi өз бетiнше салу |
35 |
|
өз бетiнше су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу |
30 |
|
сулардың және оларды пайдаланудың бастапқы есебiн жүргiзу ережесiнiң бұзылуы |
Маңызды |
25 |
жер үстi және жер асты суларының, ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң ластануы, қоқыстануы және сарқылуы |
20 |
|
су жиналымдарында олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстарды туғызатын су қорғау режимiнiң бұзылуы |
20 |
|
судың ластануын және қоқыстануын немесе олардың зиянды әсерiн болғызбайтын құрылыстары мен қондырғылары жоқ кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi пайдалануға беру |
15 |
|
судың ластануынан, қоқыстануынан және сарқылуынан қорғауды, сондай-ақ су режимiнiң жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитарлық және басқа да iс-шаралардың жүргiзiлмеуi |
15 |
|
сулардың және оларды пайдаланудың бастапқы есебiн жүргiзу ережесiнiң бұзылуы |
маңызы төмен |
10 |
сулардың және оларды пайдаланудың бастапқы есебiн жүргiзу ережесiнiң бұзылуы |
5 |
|
мемлекеттiк су кадастрының есебi мен есептiлiгi деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау |
5 |
|
су ресурстарын оларды кешендi пайдалану, экология мен су бөлу мүдделерiнде реттеуге кедергi жасау |
5 |
Су қорын пайдалану және қорғау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалаудың критерийлеріне
2-қосымша
Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері
№ |
Параметрлердің атауы |
Балдар |
|
1 |
Анықталған бұзушылықтардың дәрежесі және саны |
Анықталған бұзушылықтардың негізінде есептеледі |
|
2 |
Бассейндік кеңестердің, Бассейндік келісімдердің ұсынымдары мен ұсыныстарының орындалуы |
орындалмады |
мерзімі өткеннен кейін орындалды |
30 |
20 |
||
3 |
Барлығы: |
1 мен 2 қатарларының жиынтығы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 18 ақпандағы № 100
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 25 ақпандағы № 102
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Су алуды немесе жер үстiндегi ағын суды реттеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектілерге арналған тексеру парағы
Органның атауы ___________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акті ___________________________________
(№, күні)
Субъектің атауы __________________________________________________
__________________________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы ____________________________________________
__________________________________________________________________
Талаптар |
иә |
жоқ |
қажет етілмейді |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Су ресурстарын ұтымды пайдаланылады, судың ысырабын қысқартуға шаралар қолданылған |
|||
2 |
Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарайды, оларға зиян келтiрiлуiне жол берілмеген |
|||
3 |
Белгiленген су пайдалану лимиттерi, рұқсат етiлген көлемдерi мен режимдерi сақталған |
|||
4 |
Басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуына жол берілмеген |
|||
5 |
Судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұсталады, олардың пайдаланылу сапасы жақсартылған |
|||
6 |
Су ресурстарын пайдалануды есепке алу жүргізілуде |
|||
7 |
Су шаруашылығы құрылыстарының су тарту, су жiберу мен сарқынды және коллекторлық суларды ағызу құрылыстарын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықталған |
|||
8 |
Су қорғау iс-шараларын жүзеге асырылуда |
|||
9 |
Арнайы су пайдалануға рұқсатта белгiленген су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгiленген мерзiмде толық көлемiнде орындалуда |
|||
10 |
Белгiленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол берілмеген |
|||
11 |
Су объектiсiн пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттiк органдарға уақтылы ұсынылады |
|||
12 |
Су үнемдеушi технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың айналымдық және қайталама жүйелерiн енгiзуге шаралар қолданылған |
|||
13 |
Жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол берілмеген |
|||
14 |
Су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiнiң сақталуы қамтамасыз етілген |
|||
15 |
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi негiздемесi мен шешiмiнсiз ауыз су сапасындағы суды өндiрiстiк және басқа мұқтаждарға пайдалануға жол берілмеген |
|||
16 |
Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында өнеркәсiп қауiпсiздiгiнiң талаптары сақталған |
|||
17 |
Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етілген |
|||
18 |
Барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарланады |
|||
19 |
Су объектiлерiне зиян келтiрiлуiн болғызбау жөнiнде шаралар қолданылған |
|||
20 |
Су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы төленуi жүзеге асырылуда |
|||
21 |
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезiнде экологиялық pұқсaт алынған |
|||
22 |
Су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының тиiстi техникалық жай-күйiн, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етілген |
|||
23 |
Шартқа сәйкес су пайдаланушылар белгiленген мерзiмде сумен қамтамасыз етілген |
|||
24 |
Су пайдаланушылармен келiсiм бойынша су бөлетiн орындарда cу өлшеу аспаптары орнатылған |
|||
25 |
Су объектiлерiнiң ластануын, қоқыстануын және сарқылуын, судың зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар қолданылған |
|||
26 |
Гидромелиорациялық жүйенiң, су шаруашылығы құрылысының паспорты бар |
|||
27 |
Жеке және заңды тұлғалардың балансындағы гидрогеологиялық ұңғымалар, соның iшiнде өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар консервациялау құрылғыларымен жабдықталған немесе жойылған |
|||
28 |
Бұрғылау және басқа да кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде жеке және заңды тұлғалар суы бар жиектердi ашса, олар өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықталған |
|||
29 |
Жер асты суларының су алу құрылыстарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының санитарлық қорғау аймағы мен олардың мониторингi ұйымдастырылған |
|||
30 |
Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерiндегi жер учаскелерiнде жеке және заңды тұлғалармен шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптар сақталған |
Инспекцияның лауазымды тұлғалары:
_______________________ _______________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Аты-жөні)
_______________________ _______________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Аты-жөні)
Мемлекеттік бақылау субъектісінің жетекшісі, жеке кәсіпкер:
____________________________________________ ___________________
(Аты-жөні, лауазымы) (қолы)