Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексерулер бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 1 наурыздағы N 91 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 11 наурыздағы N 129 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6140 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 10 тамыздағы № 367 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 294 Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2012.08.10 № 367 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.10.24 № 294 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тексерулер бойынша тексеру парағының нысаны;
      3) білім беруді басқару органдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тексерулер бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің директорлары, білім басқармаларының бастықтары осы бірлескен бұйрықтың зерделенуін және талаптардың орындалуын ұйымдастырсын.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі      Экономика және бюджеттік
      __________ Ж. Түймебаев        жоспарлау министрі
      2010 жылғы 1 наурыз            ______________ Б. Сұлтанов
                                     2010 жылғы 11 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 1 наурыздағы № 91
және Қазақстан Республикасы 
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау министрінің   
2010 жылғы 11 наурыздағы № 129
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі білім беруді басқару органдарын және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарын тексеруді жоспарлау мақсатында тәуекел дәрежелеріне бөлу үшін әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде төмендегі ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға (бұдан әрі – жетім балалар) отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқықтарын іске асыруға, әлеуметтік жәрдемақылар, білім, арнаулы әлеуметтік қызметтер, тұрғын үй алуға, жетім балаларға арналған ұйымдарда тұруға, тәрбиеленуге және жан-жақты дамуына кедергі келтіретін жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі;
      2) бақылау субъектілері – жетім балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар.
      3. Жетім балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында тәуекел дәрежелеріне бөлу жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары үшін критерийлердің (1-қосымша) және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар үшін критерийлердің негізінде (2-қосымша), аталған критерийлерде көрсетілген балдардың жиынтық сомасын ескере отырып жүргізіледі.
      Бұл ретте, жетім балалардың құқықтарын қорғау қызметін жүргізетін ұйымдар тәуекел дәрежесі бойынша төмендегідей бөлінеді:
      1) 10-нан 40 балға дейін – тәуекел дәрежесі жоғары;
      2) 41-ден 70 балға дейін – тәуекел дәрежесі орташа;
      3) 71-ден 100 балға дейін – тәуекел дәрежесі төмен.
      4. Жоспардан тыс тексерулер кезінде ұйымдарда олқылықтар анықталған кезде, олқылықтар критерийлеріне сәйкес аталған ұйым жоғары немесе орта тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      5. Әрбір ұйымға бақылау ісі жүргізіледі, онда тексеруді белгілеу туралы акті, тексеру бойынша тексеру парағы, негізгі қызметтің көрсеткіштері бойынша қажетті мәліметтер тігіледі.

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған   
балалардың құқықтары мен 
мүдделерін қорғау саласында
тәуекел дәрежесін бағалау 
критерийлеріне 1-қосымша  

Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары үшін критерийлер

Тәуекелді бағалау үшін критерийдің атауы

Көрсеткіштің жалпы үлесі (баллмен)

Тәуекелді бағалау үшін шекті көрсеткіштер

1.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауды ұйымдастыру

15

Тексерілетін елді мекендегі жалпы балалар санынан жетім балалардың 1%-дан жоғары анықталуы – 15 балл
1%-дан төмен анықтау – 7,5 балл анықтаудың болмауы – 0 балл

2.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруды ұйымдастыру

25

Отбасына 70%-дан жоғары орналастыру – 25 балл
отбасы үлігісіндегі мекемелерге 20%-дан жоғары орналастыру – 12,5 балл
мекемелерге 30%-дан жоғары орналастыру – 0,02 балл

3.

Жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың (алғашқы, өңірлік) есебін жүргізу, есепке қою үшін балалар туралы құжаттар ресімдеу, есепке қою үшін мәліметтер жіберу бойынша жұмыс

20

Уақтылы – 20 балл
мерзімдердің бұзылуы – 10 балл
есептің болмауы – 0 балл

4.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үйді бекіту, сақтау және қайтару

20

40%-дан жоғары орындау – 20 балл
40%-дан төмен орындау – 10 балл
жоқ – 0 балл

5.

Жетім балалар туралы мәліметтерді есепке (алғашқы, өңірлік, орталықтандырылған) қою үшін мәліметтер жіберу

20

Уақтылы – 20 балл
мерзімдердің бұзылуы (20 күннен 30 күнге дейін) – 10 балл
есептің болмауы (30 күннен көп) – 0 балл

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған    
балалардың құқықтары мен   
мүдделерін қорғау саласында 
тәуекел дәрежесін бағалау  
критерийлеріне 2-қосымша   

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар үшін критерийлер

Тәуекелді бағалау үшін критерийдің атауы

Көрсеткіштің жалпы үлесі (баллмен)

Тәуекелді бағалау үшін шекті көрсеткіштер

1.

Тәрбиеленушілердің мәртебесін анықтау (тәрбиеленушіге одан әрі жәрдемақылар мен жеңілдіктер ресімдеу үшін ата-аналарын іздеу, ата-аналық құқықтарынан айыру, құқықтарын шектеу, оларды хабарсыз кетті, қайтыс болды деп тану)

18

80%-дан жоғары анықтау – 18 балл
20-80% анықтау – 7,5 балл
20%-дан төмен анықтау – 0,02 балл

2.

Тәрбиеленушіге тұрғын үйді бекіту, сақтау және қайтару бойынша жұмыс

10

40%-дан жоғары бекіту – 10 балл
40%-дан төмен бекіту – 5 балл
жоқ – 0 балл

3.

Баланы отбасына орналастыру (қорғаншылық, (қамқоршылық), патронат, бала асырап алу)

20

40%-дан жоғары орналастыру – 20 балл
40%-дан төмен орналастыру – 7,5 балл
жоқ – 0 балл

4.

Тәрбиеленушілердің жеке істерін жүргізу (туу туралы куәлікті, жеке куәлікті, ӘЖК, СТН, жеке есеп-шоттарын, медициналық карталарды және т.б. ресімдеу)

10

40%-дан жоғары орындау – 10 балл
40%-дан төмен орындау – 4 балл
жоқ – 0 балл

5.

Тәрбиеленушіні асырап-бағу үшін шығыстар

7

Қаражатты тиімді пайдалану – 7 балл
тиімсіз пайдалану – 0 балл

6.

Ұйымның материалдық-техникалық базасы

5

Жаңа – 5 балл
ескірген, бірақ жұмыс істейді – 3,5 балл
ескірген – 0,01 балл

7.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (құқық бұзушылықтың алдын алу, қосымша білім беру бойынша жұмыс және т.б.)

10

Қамтылуы 80%-дан астам – 10 балл
қамтылуы 20-80% – 5 балл
қамтылуы 20%-дан төмен – 0,01 балл

8.

Тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыс

10

Көпбейінділік – 10 балл
жеткіліксіз – 5 балл
жоқ – 0 балл

9.

Асырап алынуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа беруге жататын балалар туралы мәліметтер ұсыну

10

Уақтылығы 80%-дан жоғары – 10 балл
уақтылы емес – 5 балл
жоқ – 0 балл

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 1 наурыздағы № 91
және Қазақстан Республикасы 
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау министрінің   
2010 жылғы 11 наурыздағы № 129
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тексерулер бойынша тексеру парағы

1. Тексеруді белгілеген орган:___________________________________
2. Бақылау субъектісінің атауы:__________________________________
_________________________________________________________________
3. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы, телефоны, электронды мекенжайы): __________________________________________
_________________________________________________________________
4. СТН (БСН) ____________________________________________________
5. Тексеруді белгілеу туралы акті 20__ жылғы «___» _________ № __

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы қызметке қойылатын талаптар

О

ОЖ

ҚО

ҚТЖ

1

Тәрбиеленушілердің жеке істерінде қажетті құжаттардың болуы





2

Баланың жинақ ақшаларының, жинақ ақшаларының шығысын және жинақталуын растайтын құжаттардың болуы





3

Баланың мәртебесін анықтау жөніндегі жұмыстың жүргізілуі (тәрбиеленушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттардың болуы)





4

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу (тәрбиеленушілердің тұрғын үйлерін бекіту және сақтау, тұрғын үймен қамтамасыз ету)





5

Ұйымдардың тәрбиеленушілеріне мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылар төлеу жұмысын жүргізу





6

Тәрбиеленушілерді оқыту мәселесі бойынша мектептермен өзара әрекеттесу





7

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тиімді тамақтанумен, киім-кешекпен және аяқ киіммен, жұмсақ, қатты мүкәммалмен қамтамасыз ету





8

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім беру ұйымдарын бітірушілерді еңбекке орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету





9

Тәрбиеленушілердің мүдделерін ескере отырып тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру





10

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың демалуын және сауығуын ұйымдастыру





11

Ұйымның кадрлық құрамы, кадрлармен қамтамасыз етілуі. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру





12

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, профилактикалық шаралардың жүргізілуі





13

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, жарақтандырылуы және жабдықталуы





Ескертпе: О – олқылықтар бар
         ОЖ – олқылықтар жоқ
         ҚО – қайталанған олқылық
        ҚТЖ — қайта тексеру кезінде жойылды

Лауазымды тұлға:
_______________________________            20__ жылғы «___»________              (Т.А.Ә.)

Тексерілетін субъектінің атауы:
_______________________________            20__ жылғы «___»________              (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 1 наурыздағы № 91
және Қазақстан Республикасы 
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау министрінің   
2010 жылғы 11 наурыздағы № 129
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Білім беруді басқару органдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тексерулер бойынша тексеру парағы

1. Тексеруді белгілеген орган: _________________________________
2. Бақылау субъектісінің атауы:_________________________________
________________________________________________________________
3. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы, телефоны, электронды мекенжайы): _________________________________________
________________________________________________________________
4. СТН (БСН) ___________________________________________________
5. Тексеруді белгілеу туралы акті 20__ жылғы «___» ________ № __

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы қызметке қойылатын талаптар

О

ОЖ

ҚО

ҚТЖ

1

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды алғашқы және өңірлік есепке қоюдың болуы





2

Бала мәртебесін растайтын құжаттардың (баланың суреті бар сауалнамасы; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; баланы балалар мекемесіне белгілеу туралы әкімдіктің қаулысы; ата-аналарды, туыстарды іздестіру жөніндегі сұраулар; сауалнамаларда көрсетілген мекенжайларға бару туралы актілер; ата-аналардың жоқтығын растайтын құжаттар (ата-аналық құқығынан айыру туралы сот шешiмі, № 4 нысандағы анықтама, қайтыс болуы туралы куәлік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор әзірлеген тастанды немесе әдейі тасталған балаға актілер, ата-аналардың баланы асырап алуға келісетіндігі туралы нотариалды расталған өтініші, есім беру туралы акті, егер денсаулық сақтау қызметкерлерімен жасалса) болуы





3

Патронат тәрбиесіндегі, қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балаларды есепке қою (жеке істерге ресімделген), (жергілікті атқарушы органдардың қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу туралы шешімінің, патронатқа беру туралы шарттың, туу туралы куәліктің, денсаулық жағдайы туралы медициналық құжаттардың, білімі туралы құжаттардың, қамқоршылар есептерінің болуы )





4

Қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандарының қорғаншылықта, патронатта тәрбиеленіп жатқан балаларға бару туралы таңбасы бар журналды жүргізу





5

Қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандарының қазақстандық азаматтар отбасыларында тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға баруы туралы актілердің болуы





6

Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыларды төлеу мәселесі жөніндегі істердің жай-күйі; тұрғын үй алаңының сақталуы, жеңілдікті кезекте тұруы, жәрдемақы алу үшін ата-аналарды хабарсыз кетті деп танылуы, тұрғын үйді қайтару жөніндегі шағымдардың саны





7

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың демалуын және сауығуын ұйымдастыру, еңбекке орналастыру





8

Балаларды қазақстандық және шетел азаматтарының асырап алуы жөніндегі істердің жай-күйі; (сот шешімдерінің, тізімдердің болуы, олардың бала асырап алудан кейінгі есеп берулерді ұсыну жөніндегі есеп берулермен, деректер банкімен сәйкес келуі)





9

Бала асырап алушы, қамқоршы, патронат тәрбиеші болуға үмітркерлерді есепке қою; шетелдік азаматтарды есепке алу журналы, бала асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілігі





Ескертпе: О – олқылықтар бар
         ОЖ – олқылықтар жоқ
         ҚО – қайта тексеру кезінде жойылды

Лауазымды тұлға:
_______________________________            20__ жылғы «___»________              (Т.А.Ә.)

Тексерілетін субъектінің атауы:
_______________________________            20__ жылғы «___»________              (Т.А.Ә.)

Об утверждении критериев оценки степени риска и форм проверочных листов по проверкам в области охраны прав и защиты интересов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Совместный приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 марта 2010 года № 91 и Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 11 марта 2010 года № 129. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 марта 2010 года № 6140. Утратил силу совместным приказом и.о. Министра образования Республики Казахстан от 10 августа 2012 года № 367 и Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 24 октября 2012 года № 294

      Сноска. Утратил силу совместным приказом и.о. Министра образования РК от 10.08.2012 № 367 и Министра экономического развития и торговли РК от 24.10.2012 № 294 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие совместного приказа см. п. 5.

      В целях реализации пункта 2 статьи 38 Закона Республики Казахстан "О частном предпринимательстве" ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) критерии оценки степени риска в области охраны прав и защиты интересов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;
      2) форму проверочного листа по проверкам в области охраны прав и защиты интересов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей в организациях для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;
      3) форму проверочного листа по проверкам в области охраны прав и защиты интересов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, в органах управления образования.
      2. Комитету по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан (Шер Р.П.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) официальное опубликование настоящего приказа и его размещение на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан.
      3. Директорам департаментов по защите прав детей, начальникам управлений образования областей, городов Астаны, Алматы организовать изучение и выполнение требований настоящего совместного приказа.
      4. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на Вице-министра образования и науки Республики Казахстан Сарыбекова М.Н.
      5. Настоящий совместный приказ вступает в силу со дня государственной регистрации и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки Министр экономики и
      Республики Казахстан бюджетного планирования
      Республики Казахстан
      _____________ Ж. Туймебаев ___________ Б. Султанов
      1 марта 2010 года 11 марта 2010 года

Утверждены
совместным приказом
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 1 марта 2010 года № 91
и Министра экономики и
бюджетного планирования
Республики Казахстан
от 11 марта 2010 года № 129

Критерии
оценки степени риска в области охраны прав и защиты интересов
детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

      1. Критерии оценки степени риска в области охраны прав и защиты интересов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей (далее - Критерии), разработаны для отнесения органов управления образованием и организаций для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей (далее - организации) системы образования, здравоохранения, труда и социальной защиты населения, к степеням риска с целью планирования проверок.
      2. В настоящих Критериях используются следующие понятия:
      1) риск - вероятность возникновения условий, препятствующих детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей (далее - дети-сироты), реализовать свои права жить и воспитываться в семье, на получение социальных пособий, образования, специальных социальных услуг, жилья, на проживание, воспитание и всестороннее развитие в организациях для детей-сирот;
      2) субъекты контроля - физические и юридические лица, осуществляющие деятельность по охране прав и защиты интересов детей-сирот.
      3. Отнесение к степеням риска в области охраны прав и защиты интересов детей осуществляется на основании критериев для органов управления образованием местных исполнительных органов (приложение 1) и критериев для организаций для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей (приложение 2), с учетом суммы набранных баллов, указанных в данных критериях.
      При этом организации, осуществляющие деятельность по защите прав детей-сирот, распределяются по степеням риска следующим образом, набравшие:
      1) от 10 до 40 баллов относятся к высокой степени риска;
      2) от 41 до 70 к средней степени риска;
      3) от 71 до 100 к незначительной степени риска.
      4. В случае выявления по внеплановым проверкам нарушений в организациях, в зависимости от критериев нарушений данная организация переводится в высокую или среднюю степень риска.
      5. На каждую организацию ведется наблюдательное дело, в котором подшиваются акт о назначении проверки, проверочный лист по проверке, необходимые сведения по основным показателям деятельности.

Приложение 1
к Критериям оценки
степени риска в области
охраны прав и защиты
интересов детей-сирот и
детей, оставшихся без
попечения родителей

       Критерии для органов управления образованием
      местных исполнительных органов

Наименование критерия
для оценки рисков
Доля общего
показателя
(в баллах)
Предельные показатели
для определения
степени риска

1.

Организация работы по выявлению детей, оставшихся без попечения родителей

15

Выявление более 1 %
детей-сирот от общего
количества детей
проверяемого
населенного пункта –
15 баллов
выявление менее 1 % –
7,5 баллов
отсутствие выявления –
0 баллов

2.

Организация работы по
устройству детей-сирот и
детей, оставшихся без
попечения родителей

25

Устройство в семью
более 70 % – 25 баллов
в учреждения семейного
типа более 20 % – 12,5
баллов
в учреждения более 30 %
– 0,02 балла

3.

Ведение учета (первич-
ного, регионального)
детей-сирот и детей,
оставшихся без попечения
родителей, работа по
оформлению документов,
направлений, сведений о
детях для постановки на
учет

20

Своевременное – 20
баллов
нарушение сроков – 10
баллов
отсутствие учета – 0
баллов

4.

Закрепление, сохранение
и возврат жилья
детей-сирот и детей,
оставшихся без попечения
родителей

20

Соблюдение более 40 %
– 20 баллов
соблюдение менее 40 %
– 10 баллов
отсутствие – 0 баллов

5.

Направление сведений о
детях-сиротах для
постановки на учет
(первичный, региональ-
ный, централизованный)

20

Своевременное – 20
баллов
нарушение сроков (от
20 до 30 дней) – 10
баллов
отсутствие учета
(более 30 дней) – 0
баллов

Приложение 2
к Критериям оценки
степени риска в области
охраны прав и защиты
интересов детей-сирот и
детей, оставшихся без
попечения родителей

      Критерии для организаций для детей-сирот и детей,
      оставшихся без попечения родителей

Наименование критерия
для оценки рисков
Доля от
общего
показателя
(в баллах)
Предельные показатели
для определения
степени риска

1.

Определение статуса
воспитанников (розыск,
лишение прав,
ограничение в правах
родителей, признание их
без вести пропавшими,
умершими для дальнейшего
оформления пособия и
льгот воспитаннику)

18

Определение более 80 %
– 18 баллов
определение 20-80 %
– 7,5 баллов
определение менее 20 %
– 0,02 баллов

2.

Работа по закреплению,
сохранению и возврату
жилья воспитанника

10

Закрепление более 40 %
– 10 баллов
закрепление менее 40 %
– 5 баллов
отсутствие – 0 баллов

3.

Устройство ребенка в
семью (опека
(попечительство),
патронат, усыновление
(удочерение))

20

Устройство более 40 %
– 20 баллов
устройство менее 40 %
– 7,5 баллов
отсутствие – 0 баллов

4.

Ведение личных дел
воспитанников
(оформление свидетель-
ства о рождении,
удостоверения личности,
СИК, РНН, личные счета,
медицинские карты и
т.д.)

10

Соблюдение более 40 %
– 10 баллов
соблюдение менее 40 %
– 4 балла
отсутствие – 0 баллов

5.

Расходы на содержание
воспитанника

7

Рациональное
использование средств
– 7 баллов
нерациональное
использование – 0 баллов

6.

Материально-техническая
база организации

5

Новая – 5 баллов
устаревшая в рабочем
состоянии – 3,5 баллов
устаревшая – 0,01
балла

7.

Организация
воспитательной работы
(работа по профилактике
правонарушений,
дополнительное
образование и т.д.)

10

Охват более 80 %
– 10 баллов
охват 20–80 %
– 5 баллов
охват менее 20 %
– 0,01 балла

8.

Работа по социальной
адаптации воспитанников

10

Многопрофильность
– 10 баллов
недостаточная
– 5 баллов
отсутствие – 0 баллов

9.

Представление сведений о
детях, подлежащих
усыновлению
(удочерению), передаче
под опеку
(попечительство),
патронат

10

Своевременное
(более 80 %) – 10 баллов
несвоевременное
– 5 баллов
отсутствие – 0 баллов

Утверждены
совместным приказом
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 1 марта 2010 года № 91
Министра экономики и
бюджетного планирования
Республики Казахстан
от 11 марта 2010 года № 129

Форма

       Проверочный лист по проверкам в области охраны прав и защиты
      интересов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения
      родителей, в организациях для детей-сирот и детей,
      оставшихся без попечения родителей

      1. Орган, назначивший проверку: ___________________________________
      2. Наименование субъекта контроля: ________________________________
      ___________________________________________________________________
      3.Местонахождение организации образования (юридический адрес,
      телефон, электронный адрес): ______________________________________
      ___________________________________________________________________
      4. РНН (БИН): _____________________________________________________
      5. Акт о назначении проверки: "___" _______ 20__ года № _____

Перечень требований к деятельности
в области охраны прав и защиты
интересов детей-сирот и детей,
оставшихся без попечения родителей
Н ОН ПН УПП

1

Наличие необходимых документов в личных
делах воспитанников





2

Наличие сбережений ребенка, документов,
подтверждающих расходы сбережений и
накопление средств





3

Проведение работы по определению статуса
ребенка (наличие документов,
подтверждающих социальный статус
воспитанника)





4

Проведение работы по обеспечению жильем
детей-сирот и детей, оставшихся без
попечения родителей (закрепление и
сохранение жилья за воспитанниками,
обеспечение жильем)





5

Проведение работы по выплате пособий по
инвалидности, по утере кормильца
воспитанникам организации





6

Взаимодействие со школами по вопросу
обучения воспитанников





7

Обеспечение детей-сирот и детей,
оставшихся без попечения родителей,
рациональным питанием, одеждой и обувью,
мягким, жестким инвентарем





8

Трудоустройство и обеспечение жильем
выпускников организаций образования из
числа детей-сирот и детей, оставшихся
без попечения родителей





9

Организация воспитательной работы с
учетом интересов воспитанников





10

Организация отдыха и оздоровления
детей-сирот и детей, оставшихся без
попечения родителей, обеспечение их
занятости





11

Кадровый состав организации,
обеспеченность кадрами. Повышение
квалификации педагогических кадров





12

Наличие медицинского обслуживания,
проведение профилактических мероприятий





13

Материально-техническое обеспечение,
оснащение и оборудование





Примечание: Н - имеются нарушения
ОН - отсутствуют нарушения
ПН - повторное нарушение
УПП - устранение при повторной проверке

Должностное лицо:
________________________ "_____" ________ 20__ года
      (Ф.И.О.)

Представитель проверяемого субъекта:
_______________________ "_____" ________ 20__ года (Ф.И.О.)

Утверждены
совместным приказом
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 1 марта 2010 года № 91
Министра экономики и
бюджетного планирования
Республики Казахстан
от 11 марта 2010 года № 129

Форма

       Проверочный лист по проверкам в области охраны прав и защиты
      интересов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения
      родителей, в органах управления образования

      1. Орган, назначивший проверку: __________________________________
      2. Наименование субъекта контроля: _______________________________
      __________________________________________________________________
      3. Местонахождение организации образования (юридический адрес,
      телефон, электронный адрес): _____________________________________
      __________________________________________________________________
      4. РНН (БИН): ____________________________________________________
      5. Акт о назначении проверки: "___" _____ 20__ года № _____

Перечень требований к деятельности
в области охраны прав и защиты
интересов детей-сирот и детей,
оставшихся без попечения родителей
Н ОН ПН УПП

1

Наличие первичного и регионального учета
детей-сирот и детей, оставшихся без
попечения родителей





2

Наличие документов, подтверждающих
статус ребенка (анкета ребенка с
фотографией; копия свидетельства о
рождении ребенка; постановление акимата
об определении ребенка в детское
учреждение; запросы по розыску
родителей, родственников, акты о
посещении адресов, указанных в анкетах,
документы, подтверждающие отсутствие
родителей (решение суда о лишении
родительских прав, справка — форма № 4,
свидетельство о смерти, акты на
брошенного ребенка или о подкидывании,
составленные инспектором отдела по делам
несовершеннолетних управления внутренних
дел, нотариально заверенное заявление
родителей о согласии на усыновление
(удочерение) ребенка, акт о присвоении
имени, если это произведено работниками
здравоохранения)





3

Учет детей, находящихся на патронатном
воспитании, под опекой (попечительством)
(оформленные в личные дела), (наличие
документов: решение местных
исполнительных органов о назначении
опеки, попечительства, договора о
передаче на патронат, наличие
свидетельства о рождении, медицинские
документы о состоянии здоровья,
документы об образовании, отчеты
опекунов)





4

Ведение журнала с отметкой о посещении
детей, находящихся под опекой,
патронатом, специалистами органов опеки
и попечительства





5

Наличие актов посещения специалистами
органов опеки и попечительства
детей-сирот и детей, оставшихся без
попечения родителей, воспитывающихся в
семьях казахстанских граждан





6

Наличие дел по вопросам выплаты пособий
по инвалидности, по утере кормильца;
сохранению жилой площади, постановке на
льготную очередь, признанию родителей
безвестно отсутствующими для получения
пособия





7

Организация отдыха и оздоровления
детей-сирот и детей, оставшихся без
попечения родителей, трудоустройство





8

Наличие дел по усыновлению (удочерению)
казахстанскими и иностранными гражданами
детей (наличие решения судов, списков,
их соответствие с отчетами, банк данных
по предоставлению постусыновительных
отчетов)





9

Учет кандидатов в усыновители
(удочерители), опекуны, патронатные
воспитатели; журналы учета иностранных
граждан и граждан Республики Казахстан,
желающих усыновить (удочерить) ребенка;





Примечание: Н - имеются нарушения
ОН - отсутствуют нарушения
ПН - повторное нарушение
УПП - устранение при повторной проверке

Должностное лицо:
________________________ "_____" ________ 20__ года
      (Ф.И.О.)

Представитель проверяемого субъекта:
_______________________ "_____" ________ 20__ года
      (Ф.И.О.)