Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 10 тамыздағы № 367 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 294 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8059 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 419 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 488 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2015 № 419 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 13-бабының 4-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысаны осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 91, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 129 бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6140 болып тіркелген, 2010 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлері жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін осы бірлескен бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      5. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге жол берілмейді.
      6. Осы бірлескен бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрінің        Экономикалық даму және
      міндетін атқарушы                   сауда министрі
      _______________ М. Орынханов        _________________ Е. Досаев
      2012 жылғы «___» ___________        2012 жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының   
2012 жылғы 10 тамыздағы № 367
және Қазақстан Республикасы 
Экономикалық даму және   
сауда министрінің     
2012 жылғы 24 қазандағы № 294
бірлескен бұйрығына     
1-қосымша          

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік
аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында тәуекелдер өлшемдерін анықтау үшін әзірленді.
      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      2) бақылау субъектілері – баланың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар.
      3. Бақылау субъектілерін тәуекел топтары бойынша жатқызу осы Өлшемдерге қосымшаға сәйкес бастапқы және кейінгі тарату жолымен жүзеге асырылады.
      Бастапқыда барлық бақылау субъектілері орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      4. Бақылау субъектілерін кейіннен тәуекел топтарына тарату жиналған баллдарға байланысты жүзеге асырылады.
      Тексеру қорытындысы бойынша бақылау субъектілері тәуекел дәрежесіне төмендегідей бөлінеді:
      1) 10-нан 19 баллға дейін қоса алғанда – тәуекел дәрежесі болмашы;
      2) 20-дан 40 баллға дейін қоса алғанда – тәуекел дәрежесі орташа;
      3) 41-ден бастап және одан жоғары – тәуекел дәрежесі жоғары.
      5. Жоспардан тыс тексерулер кезінде ұйымдарда бұзушылықтар анықталған жағдайда жиналған баллдар сомасына байланысты аталған ұйым жоғары немесе орта тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      6. Әр ұйымға бақылау ісі жүргізіледі, онда тексеруді тағайындау туралы акті, тексеру парағы, қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша қажетті мәліметтер тігіледі.

Баланың құқықтарын   
қорғау саласындағы   
жеке кәсіпкерлік аясындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемдеріне      
қосымша        

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік
аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Тәуекелдерді бағалау үшін өлшемнің атауы

Баллдар

Бар

Жоқ

Қажет емес

1.

Тәрбиеленушілер жеке істерінің болуы

20




2.

Ұйымның басшы және педагогикалық кадрлармен толықтырылуы

20




3.

Медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуы

20




4.

Құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкес болуы

10




5.

Балалардың демалуға, сауықтыруға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру

10




Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының   
2012 жылғы 10 тамыздағы № 367
және Қазақстан Республикасы 
Экономикалық даму және   
сауда министрінің     
2012 жылғы 24 қазандағы № 294
бірлескен бұйрығына     
2-қосымша          

Нысан

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік
аясындағы тексеру парағы

1. Тексеру тағайындаған орган: ______________________________________
2. Бақылау субъектісінің атауы: _____________________________________
_____________________________________________________________________
3. Бақылау субъектісінің орналасқан жері (заңды мекенжайы, телефоны,
электронды мекенжайы): ______________________________________________
_____________________________________________________________________
4. СТН (БСН) ________________________________________________________
5. Тексеруді тағайындау туралы акті: 20__ жылғы «___» _________ №____

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы қызметке қойылатын талаптар тізбесі

Бар

Жоқ

Қажет емес

1.

Тәрбиеленушілер жеке істерінің болуы (білім беру ұйымына жiберу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешiмi; туу туралы куәлiк; денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттар; білім туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшiн); баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi; ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi, ата-анасының ауруы немесе оларды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндігі жоқтығын растайтын басқа да құжаттар); аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң және басқа да жақын туыстарының бар-жоғы және олардың тұратын жерi туралы анықтама; ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктердiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтер; кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар; зейнетақы, жәрдемақы алатындардың зейнетақы кiтапшасы, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi (оларды балаға ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алатын кезде)




2.

Ұйымның басшы және педагогикалық кадрлармен толықтырылуы (ұйымға педагогикалық жұмысқа мамандығы бойынша бiлiктiлiк сипаттамасының талаптарына сәйкес келетiн және бiлiмi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттармен расталған қажеттi кәсiптiк-педагогикалық бiлiктiлiгi бар тұлғалар қабылданады. Білім беру ұйымының басшысы ұйымдастыру қабілетiне ие, жоғары педагогикалық білімi және кемiнде 5 жыл педагогикалық жұмыс стажы бар, үздiк педагогикалық қызметкерлер арасынан тағайындалады)




3.

Балалардың денсаулығын қорғауды, олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуды, алдын алу іс-шараларын жүргізудi, ұйымның санитарлық-гигиеналық жағдайын, тамақтандырудың, оның iшiнде емдәмдік тамақтандырудың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз eтeтiн штаттық медициналық персоналдың болуы




4.

Құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкес болуы




5.

Балалардың демалуға, сауықтыруға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру




Лауазымды тұлға:
________________________                 20__ жылғы «___»___________
      (Т.А.Ә.)
Тексерілетін субъектінің өкілі:
_______________________                  20__ жылғы «___»___________
      (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады