Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 145-бабының 1), 3), 13), 14), 22), 26), 28) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Стоматологиялық объектілерді күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Б. Құрманғалиеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Б. Садықов
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының
2010 жылғы 26 ақпандағы
№ 136 бұйрығымен бекітілген
«Стоматологиялық объектілерді күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Стоматологиялық объектілерді күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ереже (бұдан әрі – санитариялық ереже) стоматологиялық объектілерді жобалауға, ғимарат құрылысына, үй-жайларына, жабдығына, сумен жабдықтауға және кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеуге және дезинфекциялауға, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Стоматологиялық объектілердің үй-жайларын жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2. Стоматологиялық объектілердің ғимараттарын орналастыру, оларды салуға және реконструкциясына, қайта салынған, рекостукцияланған ғимараттарды пайдалануға беруге жобалық құжаттаманы бекіту нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болған жағдайда жол беріледі.
3. Стоматологиялық объектілер бөлек тұрған және жапсарлас салынған ғимараттарда, амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық ұйымдардың үй-жайларында, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жеке кіретін есігі бар бірінші қабаттарында осы санитариялық ережені сақтай отырып орналастырылады.
4. Ғимараттың жертөле үй-жайларында стоматологиялық (терапевтік, хирургиялық, ортопедиялық, балалар, ортодонтиялық) объектілердің ғимараттарын орналастыруға жол берілмейді.
Жертөле үй-жайларында персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар (киім ілетін, себезгі бөлмелері), қоймалық үй-жайлар, компрессорлық қондырғылар және желдеткіш камераларын орналастыруға жол беріледі.
5. Стоматологиялық объектілерде балаларды қабылдау үшін жеке кабинеттер бөлінеді. Ауылдық елді мекендерде хирургиялық және терапевтік кабинеттерде ересектерді және балаларды бірге қабылдауға жол беріледі.
6. Салынып және реконструкцияланатын стоматологиялық объектілердің сәулеттік-жоспарлау шешімі, негізгі және қосалқы үй-жайларының ауданы стоматологиялық объектілердің қуатына байланысты жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады.
7. Терапевтік, ортопедиялық, хирургиялық, ортодонтиялық кабинеттердің ауданы негізгі стоматологиялық креслоға 14 шаршы метр (бұдан әрі – м2) және әрқайсысына қосымша 7 м2 есебінен айқындалады. Қосымша креслода әмбебап стоматологиялық қондырғы болған жағдайда аудан 10 м2 дейін ұлғайтылады.
8. Рентген, физиотерапевт кабинеттерінің және автоклавтардың құрылғысы, оларды күтіп-ұстау және пайдалану қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
9. Стоматологиялық кабинеттердің қабырғалары, едені саңылаусыз, жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді болуы тиіс. Әрлеу материалдары қауіпсіз болуы тиіс.
10. Хирургиялық, ортопедиялық стоматологиялық кабинеттердің, тіс техникалық зертханасының негізгі үй-жайларының қабырғалары 1,8 метрден (бұдан әрі – м) төмен емес биіктікте, көп рет дезинфекциялауға жол беретін ылғалға төзімді материалдардан орындалады.
Стоматологиялық кабинеттердің (операциялық, операция алды, стерилдеу) және тіс техникалық зертханасы үй-жайларының төбесі тегіс, ылғалды жинауға және дезинфекциялауға жеңіл қол жетімді болуы тиіс.
11. Еденнің төсеніші су өткізбейтін материалдардан орындалады, тегіс, саңылауы, жарығы болмауы және негізге тығыз орналасуы тиіс. Линолеумның бір-біріне жанасатын тігістері мұқият күйдіріледі. Қабырға жанындағы линолеумның жиектері плинтустың астына жіберіледі және қабырға мен еден арасында тығыз (саңылаусыз) бекітіледі.
3. Стоматологиялық объектілерді сумен жабдықтауға, кәріздеуге, желдетуге, жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
12. Стоматологиялық объектілерде орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріз жүйелері болуы тиіс.
13. Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын су нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Стоматологиялық объектілерде тасымалданатын сумен жұмыс істеуге жол берілмейді.
14. Кабинеттер, зертханалар, қосалқы үй-жайлар салқын және ыстық сумен қамтамасыз етілуі, араластырғыш қондырғысы бар қол жууға арналған раковиналармен жабдықталуы тиіс.
15. Шынтақпен немесе аяқпен басқарылатын крандармен жабдықталған раковиналар сабын дозаторларымен немесе бір рет қолданылатын сабынмен, бір рет қолданылатын сүлгілермен қамтамасыз етіледі.
16. Жабдықтарды, медициналық құрал-саймандарды және үй-жайларды өңдеу үшін сумен жылыту жүйесінен алынған ыстық суды пайдалануға жол берілмейді.
17. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде су жылытқыштар орнатылады.
18. Елді мекенде орталықтандырылған кәріз болмаған жағдайда жергілікті кәріз орнатылады.
19. Стоматологиялық объектілердің ғимараттарында жалпы айналымды сору-сыртқа тарту желдеткіші қарастырылады. Операциялық үй-жайда тек жалпы айналымды сору желдеткіші болуы тиіс. Жазғы мезгілде фрамугалар және ашылатын терезелер алынып-салынатын металл торлармен жабылады.
20. Ауаарналары, торлар, желдеткіш камералары, желдеткіш қондырғылары және басқа да құрылғылар тазалықта сақталуы, механикалық бұзылу, тот басу іздері, герметикалық бұзылуы болмауы тиіс.
21. Сору-сыртқа тарту желдеткішінің болуына қарамастан, барлық үй-жайларда жеңіл ашылатын фрамугалар немесе таза ауа желдеткіштері, стерилдеу және дәнекерлеу орындарында механикалық жолмен іске қосылатын сыртқа тарту шкафтары; негізгі үй-жайлардағы тіс техниктерінің жұмыс орындарында және ысып жылтырататын жерлердегі әрбір ысып жылтыратушы машиналарда жергілікті шаң сорғыштар, орталықтан тебетін құю пешінің үстінде, дәнекерлейтін жердегі газ плитасының үстінде, полимеризациялық үй-жайдағы жылытқыш аспаптардың және жұмысшы үстелінің үстінде сыртқа тарту мостылары болуы тиіс.
22. Барлық үй-жайларда ауаны баптауға жол беріледі.
23. Стоматологиялық объектілердің барлық үй-жайларында мынадай табиғи жарық болуы тиіс:
1) қайта ұйымдастырылатын стоматологиялық емханалардағы стоматологиялық кабинеттердің терезелері бағдардың басқа түрлерінде тікелей күн сәулесінің түсуі есебінен жұмыс орындарына жарықтың айтарлықтай түсуін, жазғы мезгілде үй-жайлардың қатты қызуын болдырмау үшін солтүстік бағытқа бағдарлануы тиіс;
2) дұрыс бағдарланбаған жұмыс істеп тұрған стоматологиялық объектілерге жазғы мезгілде терезелерін қалқалар, маркиз, жалюздердің және басқа да құрал-жабдықтардың көмегімен көлеңкелеу ұсынылады;
3) барлық стоматологиялық кабинеттердегі және тіс техникалық зертхананың үй-жайларындағы жарық коэффициенті (терезенің әйнектелген беті ауданының еден ауданына қатынасы) 1:4-1:5 құрауы тиіс, ал қалған өндірістік үй-жайларда 1:8 төмен болмауы тиіс;
4) тіс техникалық зертханасының негізгі үй-жайларындағы тіс техниктері үстелдерінің орналасуы жұмыс орындарын сол жақтан түсетін табиғи жарықпен қамтамасыз етуі тиіс.
24. Стоматологиялық объектілердің барлық үй-жайларында осы санитариялық ережеге 1-қосымшаға сәйкес люминесцентті шамдардан немесе қыздыру шамдарынан жасалған жалпы жасанды жарық болуы тиіс. Жарық түсетін терезе ойықтары тоқсанына кемінде бір рет тазаланады.
25. Жалпы люминесцентті жарықтандыру үшін барлық стоматологиялық кабинеттерде және тіс техникалық зертханасының негізгі үй-жайларында түстің берілуін бұрмаламайтын сәулелену спектрі бар шамдар орнатылады. Жергілікті жарықтандыру шырақтары жұмыс істеп отырған дәрігердің көру аумағына түспейтіндей етіп орналастырылады.
26. Жылу жүйесі барлық жылыту кезеңінде үй-жайлардың ауасын біркелкі жылытуды қамтамасыз етуі, ауаны зиянды заттармен және иістермен ластауды болдырмауы, рұқсат етілген деңгейден артатын шуды болдырмауы, реттеуіш құрылғылары болуы және ағымдық қызмет көрсету және жөндеу үшін ыңғайлы болуы тиіс.
Аспаптардың беті тегіс, боялған, ылғалды жинауға жеңіл болуы және таза ұсталуы тиіс.
4. Стоматологиялық объектілердің жабдығына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
27. Терапевтік, ортопедиялық, ортодонтиялық және хирургиялық стоматологиялық кабинеттердегі креслолардың саны кабинет ауданына сәйкес орнатылады. Кабинеттерді биіктігі 1,5 метрге дейін арғы беті көрінбейтін қалқалармен бөлуге жол беріледі.
28. Бір жақты табиғи жарығы бар кабинеттерде стоматологиялық креслолар жарық түсетін қабырғаларға жақын бір қатарға орнатылады.
29. Негізгі үй-жайдағы тіс технигінің жұмыс орнының өлшемі 0,7 м де 1,0 м болатын арнайы тіс техникалық үстелімен және жергілікті шаң сорғышы бар электрлі тегістеуіш машинамен жабдықталады.
30. Стоматологиялық кабинеттер тығыз ауаны және суды беретін жапсарлы жүйесі бар қазіргі заманғы әмбебап қондырғылар болмаған жағдайда тығыз ауаны беру жүйесімен жабдықталуы тиіс.
31. Әмбебап стоматологиялық қондырғыларға су жеткізгіште суды беруді ажыратуға арналған вентиль құрылғысы қарастырылады.
32. Гипстеу бөлмесіндегі раковинаның ағынды суы кәрізге жіберу алдында гипстен тазартылады.
33. Әрбір стоматологиялық кабинетте стерилді материалдарға және аспаптарға арналған үстел немесе құрал-саймандарды сақтауға арналған шкаф орнатылады.
34. Стоматологиялық объектілер шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер жиынтығы бар дәрі қобдишасымен және дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етіледі.
5. Стоматологиялық объектілерде медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу және дезинфекциялау жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
35. Стоматологиялық объектілерде тері жабындары мен шырышты қабықтар бүтіндігінің бұзылуына байланысты манипуляцияларды жүргізу үшін тек бір рет қолданылатын медициналық құрал-саймандар ғана пайдаланылуы тиіс.
36. Үй-жайларды, жабдықтарды, медициналық құрал-саймандарды дезинфекциялау режимі осы санитариялық ережеге 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. Дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар пайдаланылады.
37. Медициналық құрал-саймандарды стерилдеу алдында өңдеу және стерилдеу режимдері қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
38. Стоматологиялық объектілердің барлық үй-жайлары жүйелі түрде ылғалды жиналады және дезинфекцияланады. Стоматологиялық кабинеттерді және тіс техникалық зертханасының үй-жайларын жинау мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары рұқсат еткен дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, ылғалды әдіспен күніне кемінде үш рет жүргізіледі. Ағымдық жинаудан кейін үй-жайлар одан әрі 15 минут бойы желдету арқылы 30 минут бойы кварцтеледі. Кварцтеу уақыты арнайы журналда тіркеледі. Ауқымды жинау айына кемінде бір рет және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
39. Стоматологиялық жабдық, жиһаз жинау үшін қолжетімсіз жерлерді қалдырмайтындай және жарық көздерін көлеңкелемейтіндей етіп орналастырылады.
40. Әрбір стоматологиялық кабинетте дайындалған күні көрсетілген қажетті шоғырланудағы дезинфекциялау ерітінділерге арналған таңбаланған сыйымдылық ыдыстар болуы тиіс.
41. Кабинеттердегі қажетті ақпараттық қабырға газеттері, кестелер ылғалды жинау жүргізуге болатын материалдан дайындалады.
42. Қабылдау, операциялық, хирургиялық, терапевтік, ортопедиялық және ортодонтиялық кабинеттер қабырғаға ілінетін сәулелендіргіштермен (бұдан әрі - ҚІС) немесе төбеге ілінетін сәулелендіргіштермен (бұдан әрі - ТІС): ҚІС-150 үй-жайдың 30 текше метріне (бұдан әрі – м3); ТІС-300 – 60 м3 бір сәулелендіргіш есебімен жабдықталады. Сәулелендіргіш құрамына енетін тікелей және шағылысатын әсері бар шамның бөлек іске қосылуы жүзеге асырылуы қажет.
43. Жинау мүкаммалы (шелектер, шүберек, щеткалар) таңбаланады және дәретханалар, кабинеттер мен негізгі үй-жайлар үшін бөлек қолданылады. Таңбаланған жинау мүкаммалын қатаң түрде жинау мүкаммалын сақтауға арналған үй-жайда сақтайды.
44. Дезинфекциялау құралдарын сақтау, дайындау дезинфекциялау құралдарын сақтауға және дайындауға арналған үй-жайда жүргізіледі.
45. Тістің көшірме үлгілері (бедерлеме), протездер және балауыз білікшелері бар қалыптар өлшеу алдында дезинфекциялануы тиіс. Бедерлемелерді алуға арналған қасықтар дезинфекциялануы және стерилденуі тиіс.
46. Стоматологиялық объектілердің медициналық персоналы арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
47. Кабинеттерде тамақ сақтауға және ішуге, темекі шегуге, жеке киімдерді сақтауға, арнайы киімсіз жұмыс істеуге жол берілмейді.
Барлық рәсімдер бір рет қолданылатын стерилді қолғаптармен жүргізіледі.
48. Медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
49. Медицина және техника персоналы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмысқа кірісер алдында міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтуі тиіс.
50. Әрбір қызметкердің бекітілген үлгідегі жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс.
Стоматологиялық бейінді медициналық қызметкерлері В және С гепатиттерінің маркерлері алдын ала және жыл сайынғы мерзімдік тексеруден өтуі тиіс.
6. Стоматологиялық объектілерде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
51. Ауруханаішілік инфекцияны жұқтыру жағдайы комиссия арқылы эпидемиологиялық диагностика деректері, науқаста бар қатер факторларының әсері (эндогенді факторлар, түсетін пациенттер арасында қатер тобын есепке алу), медициналық әрекет жүргізуге байланысты қатер факторлары (экзогенді факторлар) негізінде анықталуы қажет.
52. Инфекциялық аурудың, оның ішінде АІИ-дың әр жағдайына «Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен улануларды тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 706 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5908 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық мемлекеттік органына шұғыл хабарлама беріледі.
53. Медициналық объектінің персоналы жұмысқа кірісер алдында және одан әрі 6 айда кемінде 1 рет инфекциялық бақылау, АІИ-дың алдын алу, эпидемияға қарсы, дезинфекциялау және стерилизациялау режимдері мәселелері бойынша кейіннен тестілеуден өту арқылы нұсқаулықтан өтеді.
54. Медицина қызметкерлері В гепатитіне және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулер алады және жеке қорғаныш құралдарымен (антисептиктер, бетперделер, қолғаптар) қамтамасыз етіледі.
«Стоматологиялық объектілерді
күтіп-ұстауға және
пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
ережесіне 1-қосымша
Жасанды жарықтандыру кезінде жұмыс беттерін көлденең жарықтандырудың нормативтік деңгейлері
Үй-жайлардың атауы |
Жалпы жарықтандыру деңгейлері, люкс |
||
Люминесцентті шамдармен |
Қыздыру шамдарымен |
||
1. |
Дәрігерлердің емдеу кабинеттері, емшара бөлмесі, манипуляция бөлмесі, тіс техникалық зертханасының негізгі үй-жайлары |
500 |
200 |
2. |
Тіс дәрігерлерінің, бөлімше меңгерушілерінің кабинеттері, гипстеу, полимеризация бөлмелері |
400 |
200 |
3. |
Мейірбикелердің, шаруашылық бикелерінің кабинеттері, жуу орындары |
300 |
150 |
4. |
Құю бөлмесі, дәнекерлеу бөлмесі, тістерді рентгенге түсіру кабинеттері, хирургиялық құрал-саймандарды стерилдеуге дайындау үй-жайлары |
200 |
100 |
5. |
Тіркеу, қабылдау бөлмелері, дәліздер, стерилдеу-автоклав бөлмесі, стерилді емес материалдарды қабылдауға және сақтауға арналған үй-жай, стерилді материалдарды сақтау қоймасы |
150 |
75 |
6. |
Баспалдақ торлары, тамбурлар |
100 |
50 |
7. |
Дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған үй-жай |
- |
30 |
8. |
Санитариялық торап үй-жайлары |
75 |
30 |
«Стоматологиялық объектілерді
күтіп-ұстауға және
пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
ережесіне 2-қосымша
Стоматологиялық объектілерге арналған дезинфекциялау режимдері
Объектілердің атауы |
Дезинфекциялау әдісі |
Дезинфекциялау режимдері |
Дезинфекция жүргізу жағдайы |
||||
Дезинфекциялаушы агент |
Шоғырлану |
Экспозиция (минутпен) |
Қолданылатын жабдық |
||||
1. |
Тексеруге қолданылатын металлдан және әйнектен жасалған стоматологиялық құрал-саймандар |
Ауамен |
Құрғақ ыстық ауа |
1200С |
45 |
Ауа стерилизаторы |
Дезинфекция қаптамасыз жүргізілуі тиіс (науаларда) |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
Шыны және Пластиктен жасалған жабық ыдыстар |
Бұйымды ерітіндіге толық батырып қою |
||||
2. |
Бор машиналарға және турбиналарға кигізілетін стоматологиялық ұштықтар |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
Шыныдан жасалған немесе эмальмен қапталған ыдыстар |
Ұштықтардың сыртқы беттерін және борға арналған каналдарын дезинфекциялау ерітіндісіне малынған шүберекпен мұқият 2 рет сүрту |
||
3. |
Стоматологиялық айналар |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
Ерітіндісі бар шыны ыдыс |
Суда толық жуа отырып ерітіндіге батырып қою |
||
4 |
Айналатын құрал-саймандар (тіс борлары, стоматологиялық дискілер, диск ұстағыштар және т.б.) |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
Шыныдан жасалған жабық ыдыс |
Ерітіндіге толық батырып қою |
||
Ауамен |
Құрғақ ыстық ауа |
1200С |
45 |
Ауа стерилизаторы |
Дезинфекция қаптамасыз жүргізілуі тиіс (науаларда) |
||
5. |
Медициналық термометрлер |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
Ерітіндісі бар шыны ыдыс |
Ерітіндіге толық батырып қою |
||
6. |
Пластмассадан, резеңкеден жасалған құрал-саймандар және бұйымдар (клеенкалы материалдар) |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
Эмалы бүлінбеген ыдыс |
Ерітіндіге батырып қою |
||
7. |
Лакпен боялған жабыны бар медициналық аспаптар, аппараттар, жабдықтар |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
Эмалы бүлінбеген ыдыс |
15 минут сайын 2 рет сүрту |
||
8. |
Альгинат, силикон материалдардан, полиэфирлі шайырдан жасалған стоматологиялық бедерлемелер, металл, керамика, пластмасса және басқалардан дайындалған тіс протездерінің қалыптары |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
Эмалы бүлінбеген ыдыс |
Ерітіндіге толық батырып қою |
||
9. |
Стоматологиялық аспирациялық жүйелер, түкіргіштер және амальгамосепараторлар |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
Эмалы бүлінбеген ыдыс |
Жұмыс күнінің соңында жүйені бір рет толтыру |
||
10. |
Жинау материалдары |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
Эмалы бүлінбеген жабылатын ыдыстар |
Кейіннен жуу және кептіру арқылы дезинфекциялық ерітінділердің біріне батырып қою |
||
11. |
Санитарлық-техникалық жабдық (раковиналар, крандар) |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
15 минут сайын 2 рет сүрту |
|||
12. |
Үй-жайлар, жабдықтау заттары |
Химиялық |
Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы дезинфекциялау |
15 минут сайын 2 рет сүрту |
Ескертпе: Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген басқа да дезинфекциялау құралдарын қолдануға жол беріледі.