"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 139 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6195 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 386 бұйрығымен

      Ескерту Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.08.17 № 386 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5192 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 23 мамырдағы № 77 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесінде:
      8-тармақта:
      «сырқаттанушы (жүкті) адамға» деген сөздер «сырқаттанушыға және жүктіге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұнда екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Сонымен қатар, академиялық демалыс бала күтіміне байланысты үш жылға дейін беріледі.»;
      10-тармақта:
      «білім беру ұйымының басшысы» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақта:
      «білім саласындағы өкілетті органға» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      «12. Бактериалы сары су туберкулезбен ауырған білім алушыларға академиялық демалыс емдеу нәтижесіне байланысты дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысы бойынша 1 жылдан 2 жылдық мерзімге дейін беріледі.»;
      13-тармақта:
      «Осы негізде білім беру ұйымының басшысы» деген сөзден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      13-тармақтың екінші абзацында:
      «республикалық бюджеттен қаржыландыратын білім беру ұйымы» деген сөзден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақта:
      «Осы негізде білім беру ұйымының басшысы» деген сөзден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын.
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Егер академиялық демалыстан шығу немесе академиялық демалысқа кету уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте бойынша рейтингке рұқсат алу үшін барлық оқу тапсырмаларын орындап, қажетті балдарды жинауы тиіс немесе пайда болған айырмашылықтар бойынша пәндерге жазғы семестрде жазылуы қажет.».
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Б. Жақыповқа жүктелсін.

      Министр                                         Ж. Түймебаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      _____________ Ж. Досқалиев
      2010 жыл 19 сәуір

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 124 "Об утверждении Правил предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 марта 2010 года № 139. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2010 года № 6195. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 августа 2012 года № 386

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки РК от 17.08.2012 № 386.

      В соответствии с подпунктом 17) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:
      В приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 124 "Об утверждении Правил предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5192, опубликованный в "Юридической газете" от 23 мая 2008 года № 77) внести следующие изменения и дополнения:
      в Правилах предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования, утвержденных указанным приказом:
      в пункте 8:
      слова "больному (беременной)" заменить словами "больным и беременной";
      дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "Академический отпуск также предоставляется по уходу за ребенком до трех лет.";
      в пункте 10:
      после слова "руководитель организации образования" дополнить словами "в течение трех рабочих дней";
      в пункте 11:
      после слова "уполномоченный орган в области образования" дополнить словами "в течение трех рабочих дней";
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      "12. Обучающимся, больным туберкулезом с бактеривыделением, предоставляется академический отпуск, в зависимости от исхода лечения, сроком от 1 до 2 лет по заключению ВКК.";
      в пункте 13:
      после слов "На основании этого руководитель организации образования" дополнить словами "в течение трех рабочих дней";
      в абзаце втором пункта 13:
      после слов "организация образования, финансируемая из республиканского бюджета" дополнить словами "в течение трех рабочих дней";
      в пункте 14:
      после слов "На основании этого руководитель организации образования" дополнить словами "в течение трех рабочих дней".
      дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "В случае, если дата выхода с академического отпуска или ухода в академический отпуск не совпадает с началом или окончанием академического периода, то обучающийся должен по индивидуальному графику выполнить все учебные задания и набрать баллы, необходимые для рейтинга допуска, либо записаться в летнем семестре на дисциплины, по которым образовалась разница.".
      2. Департаменту высшего и послевузовского образования (Омирбаев С.М.) представить настоящий приказ в установленном порядке на государственную регистрацию в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Жакупова А.Б.

      Министр                                    Ж. Туймебаев

      СОГЛАСОВАНО
      Министр здравоохранения
      Республики Казахстан
      __________ Ж. Доскалиев
      19 апреля 2010 г.