Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.12.21 № 649 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңының 10-2-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д. Үсенова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 140 бұйрығымен бекітілген
Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы «Банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін (бұдан әрі - Тізілім) анықтайды.
1. Конкурстық іс жүргізу кезінде кредиторлар талаптарының
тізілімін қалыптастыру, қарау және бекіту
1. Конкурстық басқарушы банкрот рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Тізілім қалыптастырады.
2. Тізілімге даусыз, сондай-ақ дәлелді деп танылған кредиторлардың талаптары енгізіледі.
Борышкерден ақшаны өндiрiп алу туралы заңды күшiне енген соттың шешiмi немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады.
Банкроттық рәсiмдерiн енгiзгеннен кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
3. Борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыруды жариялау және кредиторлар талабының мәлімдеуі негізінде Заңның 36-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес, тағайындалған күннен бастап тиісті баспасөз басылымдарында он күннен аспайтын мерзiмде конкурстық басқарушы қамтамасыз етеді.
4. Кредиторлардың борышкерге талаптары борышкердi банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мәлiмделінеді және Заңның 71-бабының 1-тармағының екінші тармақшасында көрсетілген ақпараттарды қамтуы тиіс.
5. Уақтылы мәлімделінген кредиторлар талаптары конкурстық басқарушымен алған күннен бастап бір ай мерзімде қарастырылады, және олармен танылған талаптар қалыптастырылатын Тізілімге енгізіледі.
6. Шешім қабылданған күннен кейінгі күні конкурстық басқарушы жазбаша түрде кредиторлар талаптарын қарастыру нәтижесі туралы әр кредиторды хабардар етеді.
Хабарламада кредиторлар талаптарын қараудың аяқтау мерзімі, бекіту үшін уәкілетті органға қалыптастырылған Тізілімді тапсыру, кредитордың талаптары енгізілген сома мен кезегі, жіберілген күні көрсетіледі. Кредиторлардың талаптары толық көлемде немесе бөлігінде талаптарды танымау жағдайында, танылмау себептері көрсетіледі.
Тізілім борышкердің балансына кредиторлық берешекті шешу негізінде қалыптастырылмайды. Тізілімді бекіту кезінде тиісті кезекті тізілім талаптарына енгізу үшін негіз болып табылатын кредиторлардың арызы міндетті түрде қажет.
7. Кредиторлар мен конкурстық басқарушылар арасында оны Тізілімге енгізу туралы не олардың талаптарының сомасы туралы пайда болатын келіспеушіліктер тиісті кредитордың арызы бойынша сотта қаралады. Заңды күшіне енген сот шешімі талапты Тізілімге енгізуге негіз болып табылады.
8. Тізілімге олар ертеде сотқа өтініш жасаған кредиторлардың талаптары енгізіледі, егер олар Заңның 71-бабының 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген талаптарға жауап берсе.
9. Кредиторлар өзіне берешек сомасы мен осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүдде), борышкер тарапынан міндеттемелерді орындамаумен немесе тиісінше орындамаумен келтірілген шығындарды, айып төлеуді (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын борышкерге қойылатын талаптарды көрсетеді.
10. Сыйақы (мүдде) сомасы соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдау кезінде анықталады.
11. Шығындар, айып төлеу (айыппұлдар, өсімпұлдар) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкерді банкрот деп тану және оны тарату кезінде анықталады.
12. Ең алдымен жалақыдан және (немесе) басқа да алименттер табыстарынан ұсталатын төлемдер бойынша талаптар енгізіледі, сондай-ақ олардың алдында тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірген залал үшін таратылатын банкрот жауапкершілік тартады.
Заңның 77-бабына сәйкес борышкердің банкроттық рәсімдері шеңберінде төленетін төлемақы мөлшерін айқындау азаматқа жетпіс жасқа толғанға дейiн, бiрақ он жылдан кем емес уақытта төлеуге тиісті мерзімді төлемдерді (борышкердi банкрот деп таныған күнгі мөлшерде) капиталға айналдыру жолымен жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпістен асса, онда тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жыл болады.
Денсаулығына залал келтіргенге дейінгі және ай сайын жауапты тұлға төлеп отырған азаматтың жоғалтқан жалақысын (табысын) немесе оның бөлігін өтеуді мерзімді төлемдер деп түсінуге болады.
Капиталға айналдыру кезінде заңнамамен көрсетілген басқа да залалдарды өтеу бойынша төлемдер (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмек сатып алуға, санатарлық-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындар және басқа да шығындар) есепке алынбайды.
Заңның 77-бабында көзделген тәртіпте анықталған капиталға айналдырылған төлемдер (өтемақылар) сомасы индекстеуге, сондай-ақ азаматқа белгілеген мүгедектік топтың өзгертілуіне байланысты көбейту немесе азайту жағына қайта қарауға жатпайды.
Тізілімнің бірінші кезеңіне өткен кезеңдер үшін жоғалған табыстың (кірістің) ай сайынғы төлемдері бойынша қарызы, егер мұндай қарыз бар болса немесе сот шешімімен борышкерді банкрот деп танылған сәтте анықталса енгізіледі.
Егер тарату рәсімі жүргізу кезінде сот шешімімен таратылатын борышкер өзінің қызметкеріне келтірген залал (атап айтқанда кәсіптік ауру анықталса) үшін жауапты деп танылған жағдайда, Заңның 77-бабында көрсетілген капиталға айналдыру жолымен азаматтың арызы негізінде тарату рәсімі аяқталғанға дейін ай сайын жоғалтқан табысының сомасы белгіленіп, төленіп отырады.
Бірінші кезектегі кредиторлар талаптарын өтеу кезінде алименттерді қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналары бойынша сомалар зейнетақымен қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес олардың дербес шотына аударылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына көрсетілген сомаларды аудару осы табыстар төленетін сол кезектің құрамында жүргізілуі тиіс.
13. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі есеп айырысулар, екінші кезекте жүргізіледі, Заңның 78-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда:
1) егер кредиторға банкроттық туралы өндірістік iс қозғалғанға дейін еңбекақы мен өтемақы төлеу бойынша бiр жыл ішінде жалақы сомасы бұрынғы жалақымен салыстырғанда жоғары болған жағдайда қызметкердi жалақысын көтеру нәтижесiнде пайда болған, бiр жылдан бастап банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi кезде есептелген еңбегiне ақы мен өтем төлеу жөнiндегi кредиторлар талаптарының ұлғайған сомасы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде бесiншi кезек құрамында ескерiледi.
Осы ереже лауазымдық жалақы немесе тарифтік ставка жалғыз және сол лауазым немесе мамандықты еңбекақы мөлшеріне немесе тарифтік мөлшерлемесіне, сонымен қатар жеке еңбек шартында көрсетілген жалақы сомасы көтерілген кезде қолданылады;
2) егер кредитормен еңбек қатынастары кезінде банкрот туралы іс жүргізуді бастағанға дейін бір жыл уақыт кезеңінде жалақы және өтем төлемдерін төлеу банкрот туралы іс жүргізуді қозғағанға дейінгі алдыңғы жылы талап бойынша орташа айлық жалақыдан аспайтын мөлшерде төленеді;
Осындай кредиторлар берешек сомасы банкроттық туралы іс жүргізуді қозғағанға дейін борышкерге он екі ай орташа айлық лауазымдық еңбекақы мөлшерінің немесе ұқсас лауазымдар мен мамандықтардың тарифтік мөлшерлемесімен есептелінеді.
Осындай кредиторлар ұлғайтылған сомасы лауазымды еңбекақы мөлшерінің немесе тарифтік мөлшерлемесі кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде бесiншi кезек құрамында ескерiледi.
Екінші кезекте кредиторлар талабын өтеу кезінде жалақы мен өтем төлемдері, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектерді зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру заңнамаларына сәйкес азаматтардың дербес шотына аударылады.
Көрсетілген сомаларды аудару, сонымен қатар еңбекақыдан ұсталған табыс салығының сомасы осы кірістер көрсетілген кезекте жүзеге асырылады.
Мекемені таратуға байланысты қызметкерді жұмыстан босатылуына байланысты демалыс жәрдемақылары мен өтем төлемдерін есептеу конкурстық іс жүргізу кезінде жүзеге асырылады және осы төлемдер конкурстық басқарушының әкімшілік шығындарына жатады. Еңбек қатынастары бойынша осы төлемдерден есептелген жеке табыс салығының сомасы бюджетке әкімшілік шығындар есебінен аударылуы керек.
14. Үшiншi кезектегi кредиторлар талаптарын қанағаттандыру таратылған мекемені кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме бойынша талаптар айқындалған сомасы бойынша ескерiледi.
Үшiншi кезектегi кредиторлар талаптарын қарастырған кезде кепiлмен қамтамасыз етiлген бөлiгiндегi мiндеттеме бойынша берешек ескерiледi. Кепiлмен қамтамасыз етiлмеген бөлiгiндегi мiндеттемелер бойынша берешек кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде бесiншi кезектегi талаптар құрамында ескерiледi.
Конкурстық басқарушы кепiлмен қамтамасыз етiлген кредиторды кезекке енгізудің негізін тексереді. Осы негіздерге тиісті түрде ресімделінген және белгіленген азаматтық заңнамада көрсетілген тәртіпте тиісті уәкілетті органда тіркелген кепіл шарты, сондай-ақ кепіл ретінде көрсетілген конкурстық массаны құрамында мүліктің бар болуы табылады.
Конкурстық массаның құрамында кепiлдік мүлік болмаған жағдайда, кредит берушінің талаптары жалпы бесінші кезекте ескерілетін болады.
15. Төртінші кезекте салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтелетін болады.
Төртінші кезектегі салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша талаптардың сомасы анықталған жағдайда банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалған кезде пайда болған айыппұлдар мен өсім төлемдерін қоспағанда, борышкердің берешегі ескерiледi.
16. Бесiншi кезекте Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес басқа да кредит берушілермен есептесу жүргізіледі.
Бесiншi кезектегi талаптардың құрамына енетiн талаптардың сомасын анықтаған кезде кредиторлардың азаматтық-құқықтық мiндеттемелерi бойынша талаптары, оның iшiнде кредиторларға тиесiлi сыйақы (мүдде), Заңның 78-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтем ақы төлеу жөнiндегi кредит берушілердің талаптары, сонымен қатар Заңның 79-бабының 3-тармағына және 80-бабының 3-тармағындабелгіленген басқа да кезектегі кредиторлардың талаптары ескерiледi.
Бесiншi кезектегi кредиторлардың шығындарды өтеуі мен тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмақылар) өндiрiп алу жөнiндегi талаптары жеке есепке алынады және қарыздар мен есептелетiн сыйақы (мүдде) өтелгеннен кейiн қанағаттандырылуға жатады.
17. Тұрақсыздық айыбын (өсiмақылар, айыппұлдар) есептеу мен берешекті барлық түрі бойынша сыйақы борышкерді сот шешімі бойынша оны банкрот немесе таратылды деп танығаны туралы шешім қабылданған сәттен бастап тоқтатылады.
18. Қалыптасқан Тізілімді және оның талқылау қорытындысын (кредиторға жіберілген хабарлама) конкурстық басқарушы (1 және 2-қосымша) борышкерді банкрот деп танылғаны туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төрт ай ішінде бекіту үшін уәкілетті органға беруі тиіс.
19. Тізілімді растайтын құжаттарға мыналар кіреді:
1) бірінші кезек бойынша:
алимент бойынша – арыз, берешегінің бар болуы туралы анықтама, берешегінің бар екендігін растайтын бухгалтерлік құжаттар, бар болған жағдайда - сот шешімі;
азаматтардың талаптары бойынша өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтар капиталға айналдыру жолымен тиісті мерзімді төлем – арыз, медико-әлеуметтік сарапшы комиссиясының қорытындысы, қолайсыз жағдайлар туралы акт (заңды күшіне енген сот шешімі бар болған жағдайда, қажеті жоқ), берешегінің бар екендігі туралы анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, зейнетақы шартының көшірмесі (зейнеткерлерді қоспағанда), әлеуметтік жеке кодының немесе жеке сәйкестендірілген нөмірі (зейнеткерлерді қоспағанда), берешегінің бар екендігін растайтын бухгалтерлік құжаттар, берешек және капиталға айналдыру бойынша есеп айырылысу, бар болған жағдайда сот шешімі;
2) екінші кезек бойынша:
арыз, берешегінің бар екендігі туралы анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, зейнетақы шартының көшірмесі (зейнеткерлерді қоспағанда), әлеуметтік жеке кодының немесе жеке сәйкестендірілген нөмірі (зейнеткерлерді қоспағанда), берешегінің бар екендігін растайтын бухгалтерлік құжаттар, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген азаматтарға еңбекақы және өтемақы бойынша берешегімен есеп айырылысу, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеу, табыс салығы, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударылымдар бойынша, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы, бар болған жағдайда сот шешімі;
3) үшінші кезек бойынша:
арыз, тиісінше ресімделген кепіл шарттары, борышкердің қарызын мойындауы (қамтамасыз етілген соманы қамтитын таратылған мекемені кепіл мүлкімен қамтамасыз етілген міндеттемелерді растайтын салыстыру актілері және басқа да құжаттар), түгендеу тізімі, бар болған жағдайда сот шешімі;
4) төртінші кезек бойынша:
арыз, салыстыру актілері, бар болған жағдайда сот шешімі;
5) бесінші кезек бойынша:
арыз, шарттар, істелген жұмыстарды, қызметтерді, жеткізудің актілері, бухгалтерлік құжаттар, сыйақы, борышкердің міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауынан шыққан шығындар, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімақылар) және басқа да борышкердің берешегін тану туралы (талапты негізін және сомасын растайтын салыстыру актілері) айып санкциялары, бар болған жағдайда сот шешімі;
20. Кредиторлар талаптарының сомасын және негізін растайтын құжаттар түпнұсқада немесе құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері беріледі.
Әр кезекке конкурстық басқарушы хронологиялық тәртіп және қисынды жүйелілік бойынша алғашқы жазбасын және артық нұсқаларын қоспағанда, құжаттарды тігетін жеке іс арнайды.
Әрбір істі атауында (титул парағы) кезек атауы және қысқаша түрде мазмұнын және іс құжаттарының тізімін қамтиды.
Әр іс нөмірленеді, тігіледі және кейінгі жақ бетінде борышкердің мөрімен (жоқ болған жағдайда – конкурстық басқарушы - жеке кәсіпкердің мөрімен) куәландырылады және оған конкурстық басқарушы қол қояды. Іс істің бірінші бетінде тұратын тізімдемені қосқанда 250 беттен көп болмауы керек. Құжаттар көлемі үлкен болған жағдайда, беттеріне дербес нөмерлері қойылған жеке іс ретінде томдар жасалынады. Томдардан тұратын (оларды реттік нөмірлері көрсетілген) істің атауында (кезекті атауы көрсетілген) осы томның ерекшеліктерін сипаттайтын ақпараттар болады.
21. Конкурстық басқарушы уәкілетті органға осы Ереженің 20-тармағына сәйкес ресімделген арызды, Тізілімді, оларды талқылаудың қорытындысын (кредиторларға жіберілген хабарламаларды) және қабылдап алу-беру актісі бойынша құжаттарды жібереді.
Тізілім уәкілетті органның ескертулері және кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болмаған жағдайда құжаттарды берген уақыттан бастап бір аптаның ішінде бекітіледі.
Осы Ережеде көрсетілген талаптарды қамтымайтын құжаттар уәкілетті органның басшысының шешімімен 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың сәйкессіздігін пысықтау үшін кері қайтарылады.
Қайта ұсынылған Тізілім уәкілетті органның ескертулері және кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болмаған жағдайда құжаттарды берген уақыттан бастап бір аптаның ішінде бекітіледі.
22. Тізілімді бекіту туралы уәкілетті органның бұйрығы (3-қосымша) екі данада жасалынады, оның бір данасы конкурстық басқарушыда, ал екінші данасы уәкілетті органда сақталады.
Тізілімді бекіту туралы бұйрық шыққаннан кейін, уәкілетті органның жауапты тұлғасы және конкурстық басқарушы Тізілімнің әр бетіне қол қояды. Тізілімнің бір данасы уәкілетті органда, ал екінші данасы конкурстық басқарушыға беріледі.
23. Тізілімді бекіткеннен кейін уәкілетті орган конкурстық басқарушының берген құжаттарын қабылдап алу-беру актісі бойынша кері қайтарады.
24. Кредитордың жағынан қарсылықтар болған жағдайда дау Заңның 72-бабының 3-тармағында көрсетілген тәртіппен қаралады.
25. Бекітілген Тізілімге өзгертулер мен толықтырулар Заңның 10-бабының 4-тармағында және 76-бабының 4-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде енгізіледі. Осы жағдайда Тізілімге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту алғашқысына ұқсас (1, 2 және 3-қосымшалар).
26. Барлық кредиторлармен есеп айырылысу біткенге дейін мәлімделінген бірінші және екінші кезектегі кредиторлардың талабы Тізілімге енгізілуге жатады және тиісті кезектегі кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатылады. Осындай тәртіппен басқа да кезектегі уақытында мәлімделінген қанағаттандыру туралы сот шешімі бар, бірақ конкурстық басқарушымен танылмаған кредиторларды талаптары енгізілуге жатады.
Заңның 71-бабының 1-тармағында көрсетілген мерзім өтіп кеткеннен кейін басқа да кредиторлардың талаптары Тізілімге енгізіледі және уақытында мәлімделінген кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін ғана қанағаттандырылады.
27. Жоқ борышкердің Тізілімін қалыптастыру және бекіту кезінде конкурстық басқарушы немесе уәкілетті орган Тізілімді кредиторлардың мәлімделінген талаптары және растайтын құжаттар бойынша және Заңның 94, 95-баптарымен белгіленген тәртіпте қалыптастырылады.
Уәкілетті органның бұйрығы осы Ереженің 21 және 22-тармақтарында белгіленген тәртіпте және мерзімде шығарылады.
28. Жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізуді қозғаусыз және уәкілетті органға тарату рәсімін өткізу туралы тапсырмасыз мекемені тарату туралы сот шешімін шығару кезінде, уәкілетті орган Тізілімді осы Ереженің 5-16-тармақтарына сәйкес қалыптастырады.
2. Астық қабылдау кәсiпорнының банкрот деп танылған кездегі
Тізілімді қалыптастырудың ерекшеліктері
29. Өтініштерді қарастыру, қалыптастыру және уәкілетті органға астық қабылдау кәсiпорнының Тізілімін бекіту үшін жіберу осы Ереженің 30-тармағындағы кезектерінің ерекшеліктерін есепке ала отырып осы Ереженің 5-26-тармақтарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
30. Астық қабылдау кәсіпорнының кредиторлар талаптары мынадай кезекпен қанағаттандырылады:
1) бiрiншi кезекте өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн таратылушы астық қабылдау кәсiпорны алдында жауапкершілікте болатын азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушi адамдармен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi бар астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi жоқ астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
5) бесiншi кезекте кредиторлардың таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер жөнiндегi талаптары қанағаттандырылады;
6) алтыншы кезекте бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;
7) жетiншi кезекте заң актiлерiне сәйкес басқа кредит берушілермен есеп айырысу жүргiзiледi.
3. Мақта өңдеу ұйымын банкрот деп танылған кездегі
Тізілімді қалыптастырудың ерекшеліктері
31. Өтініштерді қарастыру, қалыптастыру және уәкілетті органға астық өңдеу ұйымының Тізілімін бекіту үшін жіберу осы Ереженің 32-тармағындағы кезектерінің ерекшеліктерін ескере отырып, осы Ереженің 5-26-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
32. Мақта өңдеу ұйымы кредит берушілерінің талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:
1) бірінші кезекте өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін таратылатын мақта өңдеу ұйымы жауапты болатын азаматтардың талаптары тиісті мерзімдік төлемақылардың капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбекақы, жалақыдан ұсталған алименттерді және міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ, авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі берешектер төлемі бойынша есеп айырысу жүргізіледі;
3) үшінші кезекте кепілдік туралы мәліметтері бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуге байланысты мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының жүргізілген төлемдер бойынша болашақтағы талаптары қанағаттандырылады;
4) төртінші кезекте кепілдік туралы мәліметтері жоқ мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
5) бесінші кезекте таратылатын мақта өңдеу ұйымының мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады;
6) алтыншы кезекте салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі;
7) жетінші кезекте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да кредит берушілермен есеп айырысу жүргізіледі.
4. Оңалту рәсімі кезінде Тізілімді қалыптастыру,
қарау және бекіту
33. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың қызығушылығын қамтамасыз ету мақсатында банкрот рәсімінде оңалтушы басқарушысымен Тізілім қалыптастырылады.
34. Оңалту рәсімін енгізгеннен кейін дәлелді деп танылған кредиторлардың талаптарын оңалтушы басқарушысы жүзеге асырады.
35. Шығындардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсім) және басқа да айыппұл санкцияларының сомасы оңалту рәсімін енгізген кезде анықталады.
36. Мәлімдемелерді қарастыру, қалыптастыру және уәкілетті органға Тізілімді бекітуге жіберуді оңалтушы басқарушысы осы Ереженің 5-26-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
37. Оңалту рәсімін (оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енгенге дейін) енгізгенге дейін пайда болған кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру еңбекақыдан ұстап қалған немесе басқа да алимент төлемдерін қоспағанда, сондай-ақ тоқтата тұрмайтын төлем рухани залал келтіргені үшін өтемді есептемегенде, азаматтың өмiрiне және денсаулығына залал келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтар талаптары бойынша Тізілімді бекіткеннен кейін жүзеге асырылады.
38. Тізілімді бекіткеннен кейін оңалтушы басқарушысы 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде уәкілетті органға кредиторлардың алдындағы берешегін өтеу бойынша оңалту жоспарына өзгерістер енгізу туралы өтініш жібереді.
5. Қорытынды ереже
39. Уәкілетті орган Тізілімді бекіткен және қарастырылған кезде конкурстық және оңалтушы басқарушыларымен берілген кредиторлық берешекті растайтын құжаттарды басшылыққа алады.
Кредиторлар талаптары тізілімін
қалыптастыру ережесінің
1-қосымшасы
нысаны
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті
(Өңіраралық департамент
және оның филиалы)
Өтініш
______________________________ сотының «___» __________ 20__ ж. шешімімен (анықтамасымен) ___________________________________ банкрот
(атауы/борышкерді А.Т.Ә)
деп танылды және конкурстық іс жүргізу туралы іс қозғалды (оңалту рәсімі қолданылған).
Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңының 10-2-бабының 14) тармақшасына және 73-бабына сәйкес, __________________________ кредиторлардың талаптарының тізілімін
(атауы/борышкерді А.Т.Ә)
бекітуге, сонымен қатар ақпарат үшін қосымша құжаттарды ұсынамын.
Қосымшасы:
1. Кезек бөліндісінде түсіндірумен бірге кредит берушілердің талаптары тізілімі 2 данада, әрқайсысы ____ бетте.
2. Берешекті растайтын құжаттар (сот шешімі, салыстыру актілері, шарттар және т.б.) ____ бетте.
3. Жиыны ______ істер бауланған, менің қолыммен және мөріммен куәландырылған.
4. Өзгелері ____ бетте.
Конкурстық (оңалтушы)
басқарушы
__________________________ _____________ _______________________
(атауы/борышкерді А.Т.Ә) (қолы) (Т.А.Ә)
М.О.
Кредиторлар талаптары тізілімін
қалыптастыру ережесінің
2-қосымшасы
нысаны
Кредиторлар талаптарының тізілімі
___________________________________________________
(атауы/таратылған (оңалтылатын) борышкерді Т.А.Ә.)
р\с № |
Кезегі, Т.А.Ә/кредит берушінің атауы |
Талап етілген берешек сомасы (теңге) |
Конкурстық (оңалтушы) басқарушының шешімі |
Қабылданған шешім бойынша конкурстық (оңалтушы) басқарушының негіздемесі |
Ескерту |
|
Танылған және тізілімге енгізілген сома (теңге) |
Танылмаған (қабылданбаған) сома, (теңге) |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
Бірінші кезек |
|||||
1.1 |
Азаматтардың өмiрiне және денсаулығына залал келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтардың талаптары |
|||||
1.1.1 |
||||||
... |
||||||
Жиыны: |
||||||
1.2 |
Еңбекақыдан және (немесе) өзге де алимент төлемдерінен ұсталғандар |
|||||
1.2.1 |
||||||
... |
||||||
Жиыны: |
||||||
Бірінші кезек бойынша жиыны: |
||||||
2. |
Екінші кезек |
|||||
2.1 |
Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтарға еңбекақы және өтемақы, сондай-ақ, авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі берешектер төлемі бойынша есеп айырысу |
|||||
2.1.1 |
||||||
... |
||||||
Жиыны: |
||||||
2.2 |
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектер |
|||||
2.2.1 |
||||||
... |
||||||
Жиыны: |
||||||
2.3 |
Жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек |
|||||
2.3.1 |
||||||
... |
||||||
Жиыны: |
||||||
2.4 |
Жалақыдан ұсталған табыс салығы бойынша берешек |
|||||
2.4.1 |
||||||
... |
||||||
Жиыны: |
||||||
Екінші кезек бойынша жиыны: |
||||||
3. |
Үшінші кезек: |
|||||
3.1 |
||||||
... |
||||||
Үшінші кезек бойынша жиыны: |
||||||
4. |
Төртінші кезек: |
|||||
4.1 |
||||||
... |
||||||
Төртінші кезек бойынша жиыны: |
||||||
5. |
Бесінші кезек: |
|||||
5.1 |
Негізгі төлемдер, сыйақылар (мүдделер) |
|||||
5.1.1 |
||||||
... |
||||||
Жиыны: |
||||||
5.2 |
Залалдар, тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар, өсімақылар) |
|||||
5.2.1 |
||||||
... |
||||||
Жиыны: |
||||||
Бесінші кезек бойынша жиыны: |
||||||
6. |
Мерзімі өтіп кеткеннен кейін мәлімделінген талаптар (бірінші және екінші кезектегі кредит берушілерді қоспағанда) |
|||||
6.1 |
||||||
... |
||||||
Жиыны: |
||||||
Тізілім бойынша жиыны: |
Конкурстық (оңалтушылық)
басқарушы
____________________________ _______ _______________________
(атауы/борышкерді Т.А.Ә.) (қолы) (Т.А.Ә)
Бас бухгалтер
(осындай лауазым болған жағдайда)
____________________________ _______ _______________________
(атауы/борышкерді Т.А.Ә.) (қолы) (Т.А.Ә)
М.О.
Кредиторлар талаптары тізілімін
қалыптастыру ережесінің
3-қосымшасы
нысаны
Бұйрық
Кредиторлар талаптары
тізілімін бекіту туралы
________________________ сотының «___» __________ 20__ ж. шешімімен ______________________ банкрот деп танылды және конкурстық іс жүргізу
(атауы/борышкерді А.Т.Ә)
туралы іс қозғалды (оңалту рәсімі қолданылған).
Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңының 10-2-бабының 14-тармағына және ______________________________________
(атауы/борышкерді А.Т.Ә)
конкурстық (оңалтушы) басқарушысы ___________________________________ (конкурстық (оңалтушы) басқарушыны Т.А.Ә.)
кредиторлар талаптары тізілімін бекіту туралы өтінішіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. __________________________________ кредиторлар талаптарының
(атауы/борышкерді А.Т.Ә)
тізілімі бекітілсін:
- бірінші кезекте - ______________ теңге;
- екінші кезекте - _______________ теңге;
- үшінші кезекте - _______________ теңге;
- төртінші кезекте - _____________ теңге;
- бесінші кезекте - ______________ теңге.
Тізілім бойынша барлығы: _____________________ теңге.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә, лауазымды тұлғаның лауазымы)
жүктелсін.
Төраға
(Департамент бастығы,
Филиал басшысы) ______________ _____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)