Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 249 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6235 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiліп отырған аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ереже бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қарашадағы «Балық шаруашылығы ұйымдарында қорықшылық  қызмет туралы үлгi ережені бекіту туралы» № 107 «а»-п бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3237 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюлеттенінде жарияланған, 2005 ж., № 1, 10-құжат);
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 16 қарашадағы «Аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметi туралы типтiк ереженi бекiту туралы» № 243 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3260 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 7 қазанда № 121-122 (746) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданылысқа енгізіледі.

      Министр                                            А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2010 жылғы 12 сәуірдегі  
№ 249 бұйрығымен      
бекітілген         

Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық
қызметі туралы үлгі ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ереже (бұдан әрi – үлгi Ереже) Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметiнiң (бұдан әрі – қорықшылық қызмет) мәртебесi мен өкiлеттiлiгiн айқындайды.
      2. Қорықшылық қызмет бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту қызметін жүзеге асыратын аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
      3. Қорықшылық қызмет аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің бұйрығымен құрылады және тiкелей осы субъектілердің басшысына немесе оның орынбасарына бағынады.
      4. Қорықшылық қызметке аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлерi, олардың бiрлестiктерi (аңшылар бiрлестiктерiн қоса алғанда): басшылары, аға саятшылар, саятшылар, ихтиологтар, аға қорықшылар, қорықшылар жатады.
      5. Қорықшылық қызметтi аңшылық шаруашылығы субъектілері өз қаражаты есебiнен аңшылық шаруашылығын жүргiзу шартында көзделген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында Аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесіне сәйкес белгіленген штат санында құрады.
      6. Қорықшылық қызметi қызметкерлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына, осы үлгі Ережеге және лауазымдық нұсқауларға негiзделедi.
      7. Қорықшылық қызметi қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулары тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесімен (бұдан әрi – аумақтық бөлімше) келiсу бойынша аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерімен әзiрленедi және бекiтiледi.
      8. Аңшылық шаруашылығының қорықшылық қызметіне он сегiз жасқа толған, атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқығы бар және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмаған адамдар қабылданады.
      9. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің басшылары аға қорықшыларды, қорықшыларды, саятшыларды, ихтиологтарды жұмысқа қабылдағаннан кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) тиісті ақпаратты (қызметтік куәлік нөмірлері бар қызметкерлердің тізімі) береді.

2. Қорықшылық қызметтiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      10. Қорықшылық қызметтiң негiзгi мiндеттерi:
      1) жануарлар дүниесін қорғау;
      2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының бұзылуын, сондай-ақ аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлерiне қатысты бөтен адамдар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттерiнің жағдайын алдын алу және тоқтату болып табылады.
      11. Қорықшылық қызметтiң негiзгi функциясы:
      1) жануарлар дүниесінің объектілерін және олардың мекен ету ортасын қорғау;
      2) белгіленген жануарлар дүниесін пайдалану ережесінің бұзылуын тоқтату;
      3) жануарлардың мекендейтiн ортасын, көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн қорғауды ұйымдастыру;
      4) жануарларды жасанды жағдайда өсіру;
      5) жануарлар дүниесі санын есептеу және жай-күйінің өндірістік мониторингін жүргізу;
      6) жануарлар дүниесінің өсімін молайту;
      7) қорықшының күнделiгiнде, аумақтық бөлімшеге және санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық қадағалау (аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін) органдарына баяндау жазбаларында, рапорттарында көрсете отырып, фенологиялық байқау жүргiзу;
      8) ақпараттық аншлагтардың, жем беру алаңқайларының және өртке қарсы қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
      9) ауру, дүлей апаттар және басқа да себептер салдарынан жойылу қаупі төнген жағдайда жануарларға көмек көрсету;
      10) жануарлар дүниесінің объектілерін қорғау және тұрақты пайдалану идеясын насихаттау.

3. Қорықшылық қызметтiң өкiлеттiлiгi

      12. Қорықшылық қызметінің қызметкерлері (бұдан әрі – қорықшылар) жануарлар дүниесін қорғауды бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырады.
      13. Қорықшылар қорықшылық қызметтің, қызметтік атыс қаруының айырым белгілері бар арнайы киімді киіп жүреді.
      14. Қорықшылар бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

4. Құжаттама

      15. Қорықшылық қызметi үшiн қажеттi құжаттар:
      1) басшы мен оның орынбасарлары үшiн:
      аңшылық шаруашылығы ұйымы, олардың бiрлестiктерi (аңшылар бiрлестiгiн қоса алғанда) берген қызметтiк куәлiк;
      облыстық атқарушы органның аңшылық алқапты және (немесе) балық шаруашлылығы су айдындарын бекiтiп беру туралы шешiмi;
      аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт;
      шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастырудың жобасы (аңшылық шаруашылығының субъектілері үшін);
      жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған ағымдағы өтiнiм және бөлiнген квотаны растайтын құжат (аңшылық шаруашылығының субъектілері үшін);
      аңшылық шаруашылығы қызметiнiң бухгалтерлiк және статистикалық есеп құжаттары (аңшылық шаруашылығының субъектілері үшін);
      аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын тексеру кесімдерi;
      аумақтық бөлімшенің мөрімен бекітілген табиғат қорғау заңнамасын бұзуды және заңсыз алынған табиғат пайдалану құралдарын есептеуді, заңсыз ауланған өнiмдi тіркеу журналы;
      2) аға саятшы, саятшы үшiн:
      аңшылық және (немесе) балық шаруашылығының субъектілері, олардың бiрлестiктерi (аңшылар бiрлестiгiн қоса алғанда) берген қызметтiк куәлiк;
      жыл сайын толтырылатын аңшылық шаруашылығының төлқұжаты;
      жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өрiс аудару жолдары және шоғырланған жерлерi, аншлагтар, сортаң топырақтар, астаулар, қорықшылық айналым шекаралары көрсетілген аңшылық шаруашылығының карта-схемасы;
      аумақтық бөлімшемен келісілген аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары;
      жануарларды есепке алу материалдары;
      фото немесе видео материалдарды растайтын қосымшасы бар жемшөптi дайындау және есептен шығару кесімдерi;
      жануарлар дүниесiн пайдалануға бөлiнген квотаны iске асыру туралы есеп;
      атыс қаруын алып жүруге және сақтауға рұқсаттама.
      3) аға қорықшы, қорықшы үшiн:
      аңшылық және (немесе) балық шаруашылығының субъектілері, олардың бiрлестiктерi (аңшылар бiрлестiгiн қоса алғанда) берген қызметтiк куәлiк;
      қорықшыға қорық учаскесiн (айналымды) және оның карта-схемасын бекiтiп беру туралы аңшылық және (немесе) балық шаруашылығы субъектілерінің бұйрығы;
      қорықшының күнделiгi;
      фенологиялық бақылау журналы (аңшылық шаруашылығының субъектілері үшін);
      бекiтiп берiлген учаскеде болу (аралау) журналы;
      жануарларды қоректендiру үшiн жиналған жемшөптi есепке алу ведомосі (аңшылық шаруашылығының субъектілері үшін);
      атыс қаруын алып жүруге және сақтауға рұқсаттама.

Об утверждении типового положения о егерской службе субъектов охотничьего и рыбного хозяйств

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 апреля 2010 года № 249. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 мая 2010 года № 6235. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 10-1/18

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 17.01.2012 № 10-1/18.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 4.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемое типовое положение о егерской службе субъектов охотничьего и рыбного хозяйств.
      2. Признать утратившими силу:
      1) приказ исполняющего обязанности председателя Комитета рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 ноября 2004 года № 107 "а"-п "Об утверждении типового Положения о егерской службе рыбохозяйственных организаций" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3237, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2005 года, № 1, ст. 10);
      2) приказ председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 ноября 2004 года № 243 "Об утверждении Типового Положения о егерской службе охотохозяйственных организаций" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3260, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 11 октября 2005 г. № 187 (921)).
      3. Департаменту стратегии использования природных ресурсов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Куришбаев

Утверждено             
приказом Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан       
от 12 апреля 2010 года № 249   

Типовое положение
о егерской службе субъектов охотничьего и рыбного хозяйств

1. Общие положения

      1. Настоящее типовое положение о егерской службе субъектов охотничьего и рыбного хозяйств (далее - типовое Положение) разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" (далее - Закон) и определяет статус и полномочия егерской службы субъектов охотничьего и рыбного хозяйств (далее - егерская служба).
      2. Егерская служба является структурным подразделением субъектов охотничьего и рыбного хозяйств, осуществляющим функции охраны и воспроизводства животного мира на закрепленных охотничьих угодьях и рыбохозяйственных водоемах и (или) участках.
      3. Егерская служба создается приказом субъектов охотничьего и рыбного хозяйств и подчиняется непосредственно руководителю данных субъектов или его заместителю.
      4. К егерской службе относятся работники субъектов охотничьего и рыбного хозяйств, их объединений (включая объединения охотников): руководители и старшие охотоведы, охотоведы, ихтиологи, старшие егеря, егеря.
      5. Егерская служба создается субъектами охотничьего хозяйства за счет собственных средств, штатной численностью, предусмотренной в договоре на ведение охотничьего хозяйства и устанавливаемой в соответствии с Правилами ведения охотничьего хозяйства в Республике Казахстан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2004 года № 1441.
      6. Деятельность работников егерской службы основывается на законодательстве Республики Казахстан в области охраны, воспроизводстве и использовании животного мира, настоящем типовом Положении и должностной инструкции.
      7. Должностные инструкции работников егерской службы разрабатываются и утверждаются субъектом охотничьего и рыбного хозяйств по согласованию с территориальным подразделением соответствующего ведомства (далее - территориальное подразделение).
      8. В егерскую службу охотничьего хозяйства принимаются лица, достигшие восемнадцатилетнего возраста, имеющие право на хранение и ношение огнестрельного оружия и не привлекавшиеся к уголовной и административной ответственности за нарушения законодательства об охране воспроизводстве и использовании животного мира.
      9. Руководители субъектов охотничьего и рыбного хозяйств после приема на работу старших егерей, егерей, охотоведов, ихтиологов представляют соответствующую информацию (список работников с номерами служебных удостоверений) в территориальное подразделение уполномоченного государственного органа в области охраны, воспроизводства и использования животного мира (далее - уполномоченный орган).

2. Основные задачи и функции егерской службы

      10. Основными задачами егерской службы являются охрана животного мира.
      11. Основными функциями егерской службы являются:
      1) охрана объектов животного мира и среды их обитания;
      2) организация охраны среды обитания, условий размножения, путей миграции и мест концентрации животных;
      3) искусственное разведение животных;
      4) проведение учета численности и производственного мониторинга состояния животного мира;
      5) воспроизводства животного мира;
      6) ведение фенологического наблюдения, с отражением их в дневнике егеря, докладных записках, рапортах в территориальное подразделение и в органы, санитарно-эпидемиологического, ветеринарного надзора (для субъектов охотничьего хозяйства);
      7) обеспечение за сохранностью информационных аншлагов, подкормочных площадок и правил противопожарной безопасности;
      8) оказание помощи животным в случае заболеваний, угрозы гибели при стихийных бедствиях и вследствие других причин;
      9) пропаганда идей охраны и устойчивого использования объектов животного мира;
      10) воспитание граждан в духе гуманного и бережного отношения к животному миру.

3. Полномочия работников егерской службы

      12. Работники егерской службы осуществляют охрану животного мира на закрепленных охотничьих угодьях и рыбохозяйственных водоемах и (или) участках в соответствии со статьей 56 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира".
      13. Егеря носят специальную одежду со знаками различия егерской службы, служебное оружие.
      14. Обеспечение охраны животного мира на закрепленных охотничьих угодьях и рыбохозяйственных водоемах и (или) участках.

4. Документация

      15. Перечень документов для работы егерской службы:
      1) руководителя и его заместителей:
      служебное удостоверение, выданное субъектом охотничьего и (или) рыбного хозяйства, их объединением (включая объединения охотников);
      решение областного исполнительного органа о закреплении охотничьих угодий и (или) рыбохозяйственных водоемов;
      договор на ведение охотничьего и (или) рыбного хозяйства;
      проект внутрихозяйственного охотоустройства (для субъектов охотничьего хозяйства);
      текущая заявка на пользование животным миром и документ, подтверждающий выделенную квоту (для субъектов охотничьего хозяйства);
      документы бухгалтерского и статистического учета охотохозяйственной деятельности (для субъектов охотничьего хозяйства);
      2) старшего охотоведа, охотоведа:
      служебное удостоверение, выданное субъектом охотничьего и (или) рыбного хозяйства, их объединением (включая объединения охотников);
      ежегодно заполняемый паспорт охотничьего хозяйства;
      карта-схема охотничьего хозяйства, на которой отображены пути миграции и места концентрации объектов животного мира, места установки аншлагов, солонцов, кормушек, границы егерских обходов;
      план ведения охотничьего хозяйства согласованный с территориальным подразделением;
      материалы учета животных;
      акты заготовки и списания кормов, с приложением подтверждающих фото или видео материалов (для субъектов охотничьего хозяйства);
      отчет о реализации выделенной квоты на пользование животным миром;
      разрешение на ношение и хранение служебного оружия;
      3) старшего егеря, егеря:
      служебное удостоверение, выданное субъектом охотничьего и (или) рыбного хозяйства, их объединением (включая объединения охотников);
      приказ субъекта охотничьего и (или) рыбного хозяйства о закреплении за егерем егерского участка (обхода) и его карта-схема;
      дневник егеря;
      журнал фенологических наблюдений (для субъектов охотничьего хозяйства);
      журнал посещения закрепленного участка (обхода);
      ведомость учета выложенных кормов для подкормки животных (для субъектов охотничьего хозяйства);
      разрешение на ношение и хранение служебного оружия.