Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1441 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығын қараңыз.


      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметінiң       
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1441 қаулысымен    
бекiтілген      

Қазақстан Республикасында
аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесi

Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және аңшылық шаруашылығын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

Аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн негiздеме

      2. Жеке және заңды тұлғаларға аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) келiсiлген аңшылық алқаптарды бекiтiп беру туралы облыстық атқарушы органның шешiмi;
      2) уәкiлеттi орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт негiздеме болып табылады.
      Облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарды бекiтiп беру туралы шешiмi конкурстық комиссияның аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi шешiмiне немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар конкурсқа қатысушыларға аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың жеке меншiгiндегi немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде орналасқан аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi уәкiлеттi орган ұсынымының негiздемесiне сүйенедi.
      3. Облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарды бекiтiп беру туралы шешiмiнiң негiзiнде уәкiлеттi органның аумақтық органы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы ұйымымен аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт жасасады.
      4. Аңшылық шаруашылығын жүргiзу туралы шартта:
      1) шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру нәтижелерi (қорықшылық қызмет штаты, аңшылық алқаптың алаңы мен шекарасының сипаттамасы, аңшылық алқаптың схема-картасы);
      2) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану мерзiмi;
      3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзу мерзiмi;
      4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
      5) жануарлар дүниесiн және олар мекендейтiн орындарды қорғау, молықтыру және орнықты пайдалану шарттары;
      6) аңшылық алқаптарды бекiтiп беру конкурсына қатысу кезiнде аңшылық шаруашылығы ұйымы мәлiмдеген мiндеттемелер;
      7) тараптардың жауапкершiлiгi көзделедi.
      2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығының паспорты аңшылық шаруашылығын жүргізу туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Өзге учаскелерден басқа, бекiтiлуi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру үшiн қажет және шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру материалының негiзiнде айқындалған мемлекеттiк орман қорының учаскелерi де құрамына енетiн аңшылық алқаптарында аңшылық шаруашылығын жүргiзу осы Ереженiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Аңшылық алқаптарын шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган мынадай көрсеткiштер бойынша аңшылық шаруашылығы санаттарын айқындайды:
___________________________________________________________________
Аңшылық |  Аңшылық   |   Аң аулау    |  1 (бiр)     |   Аңшылық
шаруашы-| шаруашылы- | объектiлерiне | қорықшыға    | алқаптарды
лықтары-|ғының алатын|  жатқызылған  | күзетiлетiн  |   бекiтiп
ның са- |  алаңының  |  мекендейтiн  |алаңды бекiтiп|   берудiң
наттары |  нормасы   |   жануарлар   | беру нормасы | ұсынылатын
         |    (гa)    |  түрлерiнiң   |    (га)      |мерзiмi (жыл)
         |            | шектi мөлшерi |              |
___________________________________________________________________
    1          2             3                4             5
___________________________________________________________________
I санат                                  1500-5000        49
          ____________________________
          кемiнде 5000  тұяқты жануар-
                        лар түрлерi -
                        кемiнде 3,
                        ұсақ және
                        қанатты
                        құстың
                        түрлері -
                        кемiнде 5
 
II санат  кемiнде       тұяқты жануар-   5000-10000        40
          15000         лар түрлерi -
                        кемiнде 3,
                        ұсақ және
                        қанатты
                        құстың
                        түрлерi -
                        кемiнде 3
 
III санат кемiнде       тұяқты жануар-   10000-20000       30
          20000         лар түрлерi -
                        кемiнде 2,
                        ұсақ және
                        қанатты
                        құстың
                        түрлерi -
                        кемiнде 3
 
IV санат  кемiнде       тұяқты жануар-   20000-30000      20
          20000         лар түрлерi -
                        кемiнде 1,
                        ұсақ және
                        қанатты
                        құстың
                        түрлерi -
                        кемінде 3
 
V санат   кемiнде       ұсақ және        нормалан-        10
          10000          қанатты жабайы   байды
                        құстың
                        түрлерi -
                        кемiнде 3
___________________________________________________________________

      Ескерту. 6-тармақтың кестесіне өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 794; 31.12.2013 № 1510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру

      7. Аңшылық алқаптарда шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру:
      1) аңшылық алқаптарды түгендеуді;
      2) табиғи және экономикалық жағдайларды зерделеудi;
      3) аң аулайтын алқаптарды бағалауды;
      4) жануарлар санын есепке алу және есебiн жүргiзу әдiсiн анықтауды;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi іс-шараларды, сондай-ақ биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жоспарлауды;
      6) аңшылық шаруашылығының аумағын ұйымдастыруды;
      7) жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiндегi жұмыстардың тiзбесiн;
      8) аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң нақты санын анықтауды;
      9) алқап бiрлігiне шаққанда ескерiлетiн жануарлардың түрлерi мекендеуiнiң оңтайлы тығыздығын анықтауды;
      10) аңшылық шаруашылығы қызметiнiң (әуесқойлық (спорттық), кәсiпшiлiк аң аулау) неғұрлым тиiмдi бағытын анықтауды;
      11) аң аулайтын алқаптарды бағалауды (бонитет) және аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың негізгі түрлері бойынша бонитеттік бағалауды және олардың құндылығын арттыру жолдарын;
      12) аң аулайтын алқаптардың өткiзу қабiлетiн көздейдi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 794 Қаулысымен.
      8. Шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдары бойынша әзірленген аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарын аң шаруашылығы ұйымы бекітеді, содан соң міндетті түрде орындалуға тиіс және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 № 1269 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру ұзақтығы 10 жыл тексеру кезеңiне немесе аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шартты жасасу мерзiмiне әзiрленедi.
      10. Қайталама шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзу кезiнде осының алдындағы шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн өткен тексеру кезеңiне аң шаруашылығы қызметiне талдау жүргізiледi, шаруашылық аумағында жабайы жануарлардың сапалық және сандық жай-күйiне баға берiледi, ол аңшылық шаруашылығының санатын өзгерту және аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн негiздеме болып табылады.

Жануарлар дүниесі объектiлерiнiң кадастры мен
мониторингі үшін олардың санын есепке алуды,
мәлiметтер жинауды ұйымдастыру

      11. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн есепке алудың негiзгі мақсаты осы жануарлар таралымдарының жай-күйiн бағалау және оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау болып табылады.
      12. Бекiтiлiп берiлген аң аулайтын алқаптардағы жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн есепке алуды аң шаруашылығы ұйымдары Жануарлар дүниесi объектiлерiн есепке алу жөнiндегi әдiстемелiк нұсқама негiзiнде өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
      13. Оңтайлы және нақты сандар көрсеткiштерiнiң арақатынасын ескере отырып аң аулау объектiлерiне жатқызылған жануарлар түрлерiн есепке алу нәтижелерi оларды алу лимиттерi мен квоталарын анықтау үшiн негіз болып табылады.
      14. Аң шаруашылығы ұйымдары жануарлар дүниесiнің кадастрына енгізiлетiн мәлiметтер жинауды жүзеге асырады және оларды Уәкiлеттi органға бередi.
      15. Өзiнiң жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуандығын сақтау, оны орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшiн болып жатқан өзгерiстердi анықтау және бағалау, жағымсыз процестер мен құбылыстардың алдын алу және олардың зардаптарын жою мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң таралуын, санын, жай-күйiн, таралымдарының құрылымын, мекендеу ортасының сапасы мен алаңын қадағалау жүйесiн бiлдiретiн аң шаруашылығы ұйымдары жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өндiрiстiк мониторингiн жүзеге асырады.
      Талдамалық анықтама түрiнде ресiмделген жануарлар дүниесiнiң өндiрiстiк мониторингiнiң деректерi уәкiлеттi органның аумақтық органына берiлетiн жылдық есепке қосымша болып табылады.

Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау

      16. Бекiтiлiп берiлген аң аулайтын алқаптарда жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн қорғау:
      1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ережелер мен нормаларды белгiлеу және сақтау;
      2) қорықшылық қызметтi құру және оның жануарлар дүниесi объектiлерiн, соның iшiнде оларға жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салушылықтарды белгiлей отырып, сирек кездесетiн және құрып кету қауiпi төнген жануарлар дүниесі объектiлерiн пайдалану учаскелерiне, сондай-ақ жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуға арналған учаскелерге және дамылдау аймақтарына бөлiп, аңшылық шаруашылығының аумағында қорғау жөнiндегі қызметiн ұйымдастыру;
      3) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзушылықты болдырмау;
      4) жануарлардың мекендеу ортасын қорғау, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;
      5) жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiнде iс-шаралар мен биотехникалық іс-шаралар жүргiзу;
      6) табиғи апаттар кезiнде және басқа да себептер салдарынан ауруға, өлiм-жiтiм қауiптерi жағдайында жануарларға көмек көрсету;
      7) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру;
      8) жергiлiктi халық арасында жануарлар дүниесiне ұқыпты қарау идеяларын насихаттау, жануарлар дүниесiн қорғау режимi туралы хабардар ететiн iлме тақталар, трафареттер, плакаттар орнату;
      9) ветеринариялық iс-шаралар жүргiзу;
      10) аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесiн белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.

Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi

      17. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi аңшылық шаруашылығының әкiмшiлігі мен бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардың аумағына келетiн азаматтардың қатынастарын регламенттейдi.
      18. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың;
      2) аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың;
      3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру материалдарының негiзiнде әзiрленедi.
      19. Iшкi тәртiп ережесi мынадай мiндеттi iс-шараларды:
      1) схема-карталарды қоса тiркеп және қорықшылардың аты-жөндерiн көрсете отырып жануарлар дүниесi объектiлерiн молықтыруға арналған учаскелердiң, пайдалану учаскелерiнiң, дамылдау аймақтары мен қорықшылық учаскелерінің (айналымдарының) шекарасын сипаттай отырып, аңшылық алқаптардың аумағын ұйымдастыруды;
      2) аң аулайтын алқаптарда болу ережесiн;
      3) аң аулаудың рұқсат етiлген түрлерi мен тәсiлдерiн;
      4) рұқсат етiлген аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлардың тiзбесi мен оларды өндiру нормаларын;
      5) көрсетiлетiн қызметтер бағасының прейскурантын және жолдама құны бағасының калькуляциясын;
      6) уәкiлеттi органның аумақтық органымен келiсiлген аң аулау мерзiмiн шектеудi (дамылдау күндерiн) қамтиды.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 794 Қаулысымен.
      20. Аңшылық шаруашылығының iшкi тәртiп ережесi аң шаруашылығы ұйымының бұйрығымен ресiмделедi.

Аңшылық шаруашылықтарының қорықшылық қызметi

      21. Қорықшылық қызметтi аң шаруашылығы ұйымдары аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шартта және шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруда көзделген санмен өз қаражаты есебінен құрады.
      22. Аңшылық шаруашылықтары қорықшылық қызметiнiң жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қарашадағы № 1332 қаулысымен бекiтілген Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгiлік ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.07 № 305 Қаулысымен.

Жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту

      23. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайту - бұл жануарлар дүниесi объектiлерiнiң оңтайлы санын көбейту мен ұстауға және оларды орнықты пайдалануға бағытталған iс-шаралар кешенi.
      24. Жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту аңшылық алқаптардың өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады және:
      1) қоректендiру, азықтандыру кешендерi мен азықтандыру алаңдарын құру;
      2) жасанды су көздерi мен суаттар құру;
      3) қорғаныштық өсiмдiктер отырғызу, жасанды ұялар салу жолымен аңшылық алқаптардың ұя салуға жарамды алаңдарын ұлғайту;
      4) жыртқыш жануарлардың санын реттеп отыру;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту саласында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;
      6) табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн белгiлi бiр аумақта және белгiлi бiр мерзiмге шектеу;
      7) жануарлар ауруларының алдын алу жөнiнде iс-шаралар өткiзу;
      8) жануарларды қолда және жартылай қолда ұстау жағдайларында өсiру;
      9) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн жерсiндiру;
      10) жыныс-жас құрамын реттеу жолымен қол жеткiзiледi.
      25. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiндегi жұмыстардың тiзбесi аңшылық шаруашылығын жүргiзуге немесе шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруға арналған шартта көзделедi.
      26. Жануарлар дүниесi объектiлерiн қолда және жартылай қолда ұстау жағдайларында жасанды жолмен өсiрудi және оларды кейiннен бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға босатып жiберудi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негiздемелерге сәйкес, уәкiлеттi органның рұқсаты негiзiнде аң шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
      27. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн жерсiндiрудi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
      28. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту жөнiндегi iс-шараларды өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын дамыту бағдарламаларында көзделген қаражат есебiнен аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүргiзедi.

Жануарлар дүниесiн пайдалану

      29. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесiн пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттардың негiзiнде аңшылық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
      30. Жануарларды алып қоюдың бекiтілген лимитiнiң негiзiнде бөлiнген квоталарды уәкiлеттi орган аңшылық шаруашылығы ұйымдарына жеткiзедi.
      31. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптардағы аң аулау объектiлерiне жатқызылған жануарлар түрлерiн алу Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы төленген жағдайда, жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алынған сәттен бастап бөлiнген квота шегiнде аңшылық шаруашылығы ұйымы жүзеге асырады.
      32. Жеке және заңды тұлғалар бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн алуды аңшылық шаруашылығы ұйымдарынан жолдама алғаннан немесе олармен аң аулау шартын жасасқаннан кейiн жүзеге асырады.

Аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң
экономикалық тетiгі

      33. Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн:
      1) жануарлар дүниесiн пайдаланудың ақылы болуы;
      2) жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру;
      3) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының экономикалық дербестiгi;
      4) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қызметiн жоспарлау;
      5) аңшылық шаруашылығын дамыту бағдарламаларын iске асыруға аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қатысуы экономикалық негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1441 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күшiн жойған кейбiр шешімдерiнiң
тiзбесi

      1. "Қазақ ССР-iнде аңшылық шаруашылығы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1978 жылғы 8 қыркүйектегi N 353 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1978 ж., N 19, 70-құжат);
      2. "Қазақ ССР Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау және пайдалану мәселелерi жөнiндегi шешiміне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақ CCP Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 22 сәуiрдегi N 171 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., N 10, 48-құжат);
      3. "Қазақ ССР аумағында аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу туралы ережеге өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақ CCP Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 10 ақпандағы N 56 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1987 ж., N 8, 26-құжат);
      4. "Киіктердi сақтау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану жөнiнде қосымша шаралар туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетінiң 1991 жылғы 23 тамыздағы N 484 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 19, 113-құжат);
      5. "Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 26 наурыздағы N 281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 13, 210-құжат);
      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 15 қыркүйектегi N 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 38, 443-құжат);
      7. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 4 қыркүйектегi N 1140 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 31, 407-құжат).

                                         Қазақстан Республикасында
                                       аңшылық шаруашылығын жүргізу
                                           ережесiне 1-қосымша     

           Аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған
                                ШАРТ

  ____________________                     200_жылғы "_"__________
       (елді мекен)
 
       __________облысы әкiмдігінiң 200 жылғы "_"__________________
N __ қаулысы негізiнде осы Ереженiң негізiнде iс-әрекет жасайтын
бұдан әрi "Басқарма" деп аталатын жануарлар дүниесiн қорғау,
өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның
аумақтық органының бастығы _________________________
                              (Т.А.Ә.)
арқылы осы аумақтық орган_______________________, бiр жағынан,
                                (атауы)
және_______________________негізiнде iс-әрекет жасайтын бұдан әрi
"Пайдаланушы" деп аталатын _____________________________________
                             (T.A.Ә, аңшылық iсiн пайдаланушы
                                    өкілінiң лауазымы)
арқылы__________________________________________________________
      (заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың Т.А.Ә, мекен-жайы)
_______________________________________________________________,
  екiншi жағынан, мына төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:

                      1. Шарттың мәнi

      1. Басқарма____________________________________ облысының
____________________ауданында орналасқан жалпы алаңы__________га.,
соның iшiнде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi_____га,
мемлекеттiк орман қорының жер учаскелерi____мың га, мемлекеттiк жер
қорының учаскелерi____га; тоғандары_____; басқалары______ га;
шекаралары:
солтүстiктен___________________________________________________
батыстан_______________________________________________________
оңтүстіктен____________________________________________________
шығыстан_____________________________________________________
арқылы өтетiн Пайдаланушыға бекiтiп берiлген аңшылық алқаптарда
аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын бередi.

         2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi

      3. Пайдаланушы:
      1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен
жолдамалар беруге, жануарлар дүниесінің объектiлерiн алу квоталары
шегiнде аулаудың күндiк және маусымдық нормаларын белгiлеуге;
      2) жануарлар дүниесін пайдалануға берiлген рұқсаттарға сәйкес
жануарлар дүниесiн пайдалану түрлерiн жүзеге асыруға;
      3) жануарлар дүниесiнiң олжаланған объектiлерiне және бұл
ретте алынған өнiмдерге меншiктенуге;
      4) жануарлар дүниесiн пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен
шарттар жасасуға құқығы бар.
      4. Пайдаланушы:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану
саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген
тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемдi дер кезiнде
енгiзуге;
      3) шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргiзуге;
      4) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
      5) жануарлар дүниесін табиғи қауымдастықтар тұтастығының
бұзылуына және жануарларға қатыгез қарауға жол бермейтiн халық пен
қоршаған орта үшiн қауiпсiз тәсiлдермен пайдалануға;
      6) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын есепке алуды
жүргiзуге және Басқармаға есептіліктердi, сондай-ақ жануарлар
дүниесін пайдалануға өтiнiмдердi белгiленген мерзiмде беруге;
      7) бекiтiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi
объектiлерiн, соның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупі
төнгендерiн қорғау мен өсiмiн молайтуды қамтамасыз етуге;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiнің өсімін молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шаралар жүргiзуге;
      9) iшкi тәртiп ережесiн белгiлеуге, пайдалану учаскелерi мен
жануарлар дүниесi объектiлерiн молайтуға бағытталған учаскелердi
құруға;
      10) жануарлар дүниесiн қорғау режимi туралы хабардар ететiн
аспалы хабарландырулар_______(дана), трафареттер________(дана),
плакаттар (дана) орнатуға;
      11) ______(адам) қорықшылық қызметiн құруға;
      12) ветеринариялық iс-шаралардың өткiзiлуiн қамтамасыз етуге;
      13) биотехникалық іс-шаралар кешенiн өткiзудi қамтамасыз
етуге;
      14) 200__жылғы "__"__________дейiн шаруашылықiшiлiк аңшылық
ісiн ұйымдастыруды жүргiзуге және оның орындалуын қамтамасыз етуге;
      15) бұрынғы шаруашылықішілік аңшылық iсi ұйымдастыру мерзiмi
аяқталғаннан кейiн қайталама шаруашылықiшілiк аңшылық iсiн
ұйымдастыруды жүргiзуге;
      16) _________________________ аңшылық алқаптарды бекiтiп
беруге арналған конкурсқа қатысу кезінде Пайдаланушы мәлiмдеген
мiндеттемелердi орындауға;
      17) осы шарттың ережелерiн орындауға мiндеттi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1510 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен
белгiленген құзыретi шегiнде:
      1) Пайдаланушыға бекiтiп берiлген аңшылық алқаптарға келiп
тұруға;
      2) аңшылық шаруашылығын жүргізу ережелерiн және жануарлар
дүниесiн қорғау, өсімiн молайту және пайдалану саласындағы
Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұзғаны үшін Пайдаланушының
лауазымды тұлғаларын әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға құқығы бар.
      6. Басқарма заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) Пайдаланушының жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту
және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының
орындалуын және осы шарт ережелерiнiң орындалуын бақылауға;
      2) Пайдаланушылар берген өтiнiмдерге сәйкес жануарлар
дүниесiн пайдалануға квоталарды бөлуге және рұқсаттар беруге;
      3) Пайдаланушының қорықшылық қызметi жасаған және берген
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларын қарауға және олар
бойынша шешiмдер қабылдауға мiндеттi.

               3. Тараптардың жауапкершiлiгi

      7. Пайдаланушы осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған
жағдайда Басқарма оған орын алған кемшілiктердi жою туралы
ескертеді және оларды жою мерзiмiн белгілейдi. Егер Пайдаланушы
кемшiлiктердi көрсетiлген мерзiмде жоймаса, онда оған Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес ықпал ету шаралары қолданылуы
мүмкiн.
      8. Басқарма Пайдаланушының құқықтарын бұзған жағдайда ол
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

                    4. Қорытынды ережелер

      9. Осы шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және____
жыл мерзiмге жасалды.
      10. Аңшылық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың
қолданылуы:
      1) Пайдаланушы бекiтiлiп берілген алқаптардан ерiктi түрде
бас тартқан;
      2) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
      3) Пайдаланушының қызметі тоқтатылған;
      4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ
осы шарттың ережелері жүйелі түрде бұзылған;
      5) аңшылық алқаптар мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алынған;
      6) жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға арналған
рұқсаттардан айырған;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де
негіздер пайда болған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.
      11. Аңшылық шаруашылығын жүргізу жөніндегі дауларды шешу
кезінде тараптар осы шарттың ережелерін, шаруашылықішілік аңшылық
ісін ұйымдастыру шартын және Қазақстан Республикасының заңнамасын
басшылыққа алады.
      12. Осы шарт бойынша барлық даулар Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
      13. Осы Шарт заңдық күші бірдей мемлекеттік және орыс
тілдерінде ________ данада жасалды.

           5. Тараптардың заңды мекен-жайлары
                    мен қолтаңбалары:
__________________________________________________________________
           "Басқарма"            |       "Пайдаланушы"
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(толық атауы, заңды мекен-жайы    (толық атауы, заңды мекен-жайы
      және деректемелерi)                 және деректемелерi)
М.О.                                M.O.
___________________________________________________________________

                                         Қазақстан Республикасында
                                            аңшылық шаруашылығын
                                              жүргізу ережесiне
                                                  2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 794 Қаулысымен.

                АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

            1. Аңшылық шаруашылығының сипаттамасы

1. Аңшылық шаруашылығының атауы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Пайдаланушы:___________________________________________________
                  (атауы және ұйымның мекен-жайы)
3. Негiздеме_______________облысы әкiмдiгiнiң 20__ жылғы "__"
______________N _____________қаулысы және_______________________мен
_________________________арасында 20__жылғы "__"__________________
20__жылғы "__"______________дейін__________жыл мерзіміне жасалған
20__жылғы "__"______________N______ Аңшылық шаруашылығы жүргiзуге
арналған шарт.
4. Шаруашылық_____________________________________________________
                 (ауданының, облысының) аумағында орналасқан.

5. Шекарасы:
солтүстiктен _____________________________________________________
батыстан__________________________________________________________
оңтүстiктен_______________________________________________________
шығыстан__________________________________________________________
арқылы өтедi.

6. Шаруашылықтың алаңы: _____мың га., соның iшiнде:
мемлекеттік орман қорының жерлерi___мың га, бекiтiп берiлген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлер__мың га, тоғандар___мың га;
мемлекеттiк жер қоры жерлерi___мың га, басқалары____мың га.

7. Аңшылық шаруашылығындағы қорықшы учаскелерінің (айналымдарының) саны:_________     

           2. Аңшылық iсiн ұйымдастыру көрсеткiштерi

8. Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды 20__ жылы
________________________________________________________орындады.
                    (орындаушы)
9. Аңшылық шаруашылығының санаты:______________________________
және аңшылық шаруашылығы қызметiнiң негiзгi бағыты:
_______________________________________________________________
 
10. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың негізгі түрлері бойынша бонитеттік бағалау шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдарында келтіріледі.    

      11. Аңшылық алқаптардың аулау түрлерi бойынша өткiзу қабiлетi:
суда жүзетiн құстар бойынша______________________________________;
алқап, дала құстары бойынша______________________________________;
орман құстары бойынша____________________________________________;
батпақты жерлер құстары бойынша__________________________________;
қырғауыл бойынша_________________________________________________;
қоян бойынша_____________________________________________________;
тұяқты аңдар бойынша_____________________________________________;
өзгеде түрлерi___________________________________________________;
                       (түрлердiң атауы)

      12. Шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыру көрсеткiштерi
___________________________________________________________________
N |Шаруашылықiшiлiк| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_|20_
  |  аңшылық iсiн  | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. |ж.
  |  ұйымдастыру   |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
  | көрсеткiштерi  |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
  |                |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
  |                |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
  |                |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
  |                |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
  |                |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
  |                |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
  |                |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
  |                |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
  |                |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
___________________________________________________________________
1 Жануарлар дүниесi
  объекттерiн
  молықтыруға ар-
  налған учаскелер:
  Саны/алаңы
2 Дамылдау аймақ-
  тары:
  Саны/алаңы
3 Аншлагтар саны
4 Мұнаралар саны
5 Кепелер саны
___________________________________________________________________

      13. Аңшылық шаруашылығының штаты:

___________________________________________________________________
N  | Штаттық лауазымдардың |  Штат   |   Жылдық    | Ескерту
   |      атауы            | бiрлiк- | айлықақысы  |
   |                       | терiнің | (мың теңге) |
   |                       |  саны   |             |
___________________________________________________________________
1   Директор
2   Аға аңшылық маманы
3   Аңшылық маманы
4   Аға қорықшы
5   Қорықшы
___________________________________________________________________

              3. Өсiмiн молайту көрсеткіштері

      14. Аңшылық шаруашылығы үшiн зиянды жануарлардың санын шектеу:
___________________________________________________________________
N |  Ауланғаны  | 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_|20_
  |   (бас)     | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. |ж.
___________________________________________________________________
1   Қасқыр
2   Шибөрi
3   Қаңғыбас
    иттер мен
    мысықтар
4   Қарға-құзғын
    тұқымдастары
___________________________________________________________________

      15. Жануарларды аң шаруашылығына шығару
___________________________________________________________________
N |  Түрi       | 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_|20_
  |             | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. |ж.
___________________________________________________________________
1
2
3
4
___________________________________________________________________

      16. Аңшылық шаруашылығында биотехникалық iс-шараларды
өткiзу (бiрлiктер саны)
___________________________________________________________________
N |Ұйымдастырыл-| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_|20_
  |    ғаны     | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. |ж.
___________________________________________________________________
1   Жасанды ұялар
2   Қиыршық тас
3   Суаттар
4   Сортаңдар
5   Тұрақты аста-
    улар
6   Қоректендiру
    алаңшалары
7   Құс қанаты
    қомдалатын
    жерлер
8   Құс жасыры-
    натын бұталар
9   Шабылған
    жерлер
___________________________________________________________________

      17. Аң шаруашылығының аумағында есепке алынған аңшылық жануарлары:
___________________________________________________________________
N |  Жануарлар  | 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_|20_
  |   түрлері   | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. |ж.
___________________________________________________________________
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
___________________________________________________________________

      18. Жабайы жануарлар үшiн дайындалған және салынған жемшөп
___________________________________________________________________
N   |    Жемшөп түрлерi      |     Дайындалған жемшөп көлемi
    |                        |(бөлiмiнде - дайындалғаны, алымында -
    |                        |         салынғаны)
    |                        |_____________________________________
    |                        | 200_ ж.| 200_ ж. | 200_ ж.| 200_ ж.
___________________________________________________________________
1    Пiшен (т)
2    Сыпырғы мен бұтақшалар
     (ц)
3    Жемiс тамырлары (ц)
4    Астық (ц)
5    Астық қалдығы (ц)
6    Жемiс-жидек (ц)
7    Басқа азықтар (ц)
8    Тұз (кг)
9    Өзгелерi
___________________________________________________________________

      19.____________ аңшылық шаруашылығы ұйымдары мүшелерiнiң
шаруашылық қызметiне қосқан еңбек үлесiнiң мөлшерi (адам-күн
немесе теңгемен)
___________________________________________________________________
N |  Жұмыстар   | 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_|20_
   |   атауы     | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. |ж.
___________________________________________________________________
1   Алаптарды
    қорғау
2   Биотехникалық
3   Аңшылық
    шаруашылығы
4
___________________________________________________________________

               4. Экономикалық көрсеткіштер

      20. Атылған құс саны
___________________________________________________________________
  N |Құс түрi-|         Жыл iшiнде атылған құс (саны)
    |нiң атауы|____________________________________________________
    |         |   200_ж.   |   200_ ж. |   200__ж.  |  200__ж.
    |         |____________________________________________________
    |         |Лимит|Нақты |Лимит|Нақты|Лимит|Нақты |Лимит| Нақты
___________________________________________________________________
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
___________________________________________________________________

      21. Жабайы жануарлардың өндiрiлген және өткiзiлген
терiсi мен етi
___________________________________________________________________
N | Өнiм түрлерi| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_|20_
   |             | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. |ж.
___________________________________________________________________
1   Өткiзiлген аң
    терiсі
    (саны/теңге)
2   Өткiзiлген ет
    (кг/теңге)
___________________________________________________________________
 
       22. Браконьерлiкпен күрес
___________________________________________________________________
N |   Ұсталған  | 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_|20_
   |    ереже    | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. |ж.
   |  бұзушылар  |    |    |    |    |    |    |    |    |    |
___________________________________________________________________
1   Аң аулау
2   Өзгелерi
___________________________________________________________________

      23. Аң шаруашылығында аң аулайтын иттердiң, елiктiрушi
үйректердiң болуы
___________________________________________________________________
N |   Түрлерi   | 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_|20_
   |             | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. |ж.
___________________________________________________________________
1   Аң аулайтын
    иттер
2   Елiктiрушi
    үйректер
3   Өзгелерi
___________________________________________________________________

      24. Аң шаруашылығында құрылыстардың болуы
__________________________________________________________________
N | Құрылыстың   | Салынған | Саны  | Алаңы  | Төсек  | Ескерту
   | түрі         |  жылы    |       | (ш.м.) |орнының |
   |              |          |       |        | саны   |
__________________________________________________________________
1   Қорықшы
    кордоны
2   Қонақ үй
3   Басқа да
    құрылыстар
__________________________________________________________________

      25. Аң шаруашылығында көлiктiң болуы
___________________________________________________________________
N |Көлiк түрлерi| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_| 20_|20_
   |             | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. | ж. |ж.
___________________________________________________________________
1   Жүк автома-
    шиналары
2   Жеңiл автома-
    шиналар
3   Мотоциклдер
4   Қайықтар
5   Қамыс
    шалғылары
6   Аттар
7   Қaршаналар
8   Өзгелер
___________________________________________________________________

      Пайдаланушы:___________
      _______________________________
      _______________________________  ________/_____________
      Аңшылық шаруашылығының ПАСПОРТЫ  Пайдаланушының лауазымды  адамы жыл сайын есептi жылдың соңында статистикалық және
бухгалтерлiк есепке алу құжаттарының негiзiнде толтырады. Паспортқа
жануарлар дүниесі объектілерін молықтыруға арналған қорықшы учаскелерінің (айналымдарының), пайдалану учаскелерiнiң, дамылдау
аймақтарының шекаралары көрсетiлген аңшылық шаруашылығының
карта-схемасы қоса тiркеледi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады