Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.10.14 № 235-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
«Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Уақытша өтемдiк тариф (баға, алым ставкасын) бекiту ережесiн бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2656 тіркелген) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген уақытша өтемдiк тариф (баға, алым ставкасын) бекiту ережесiнде:
6-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
«1) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтеру;»;
1-1) тармақшада «тарифтік сметада көзделген» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тариф қолданысқа енген күннен бастап уәкілетті орган өңірлік электр желілік компаниясына уақытша өтемдік тариф бекіту туралы шешімді осы тармақтың 1), 1-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда ғана қабылдайды.»;
7-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«шығындарды оңтайландыру;»;
екінші бөлiгiнде «шығынның үнемін» деген сөздерден кейін «көрсетілген үнемді нақты пайдалануды растайтын материалдарды қоса бере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдану нәтижесінен туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың бөлігін түбегейлі пайдаланбаған кезде табиғи монополия субъектісі бұл шығындарды уәкілетті органға растаушы материалдарды ұсына отырып жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, қайта құруға және техникалық қайта жарақтандыруға жібере алады.».
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермакалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға Н. Алдабергенов