Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 341-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2656. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 235-НҚ Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.10.14 № 235-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 136-НҚ бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту: Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 136-НҚ бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Темір жол көлігі мен  порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (М.А. Дәрібаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Б.Б.Досан) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ж.Ертілесоваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Табиғи монополияларды реттеу   
және бәсекелестікті қорғау   
жөніндегі агенттігі төрағасының
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 341-нқ бұйрығымен       
бекітілген           

Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын)
бекіту ережесі

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді, барлық мәтін бойынша "белгілеу", "белгіленген", "белгіленеді" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген", "бекітіледі" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 136-НҚ бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекітудің осы  ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.04.15 N 136-НҚ,  2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрықтарымен.

       2. Осы Ереженің мақсаты табиғи монополиялар көрсетіп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлеріне уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) есептеу және бекітілген тәртібін айқындау болып табылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 136-НҚ бұйрығымен.

      3. Осы тәртіптің Ережесі меншік нысанына қарамастан, барлық табиғи монополия субъектілеріне қолданылады.

      4. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) - тұтынушыларға табиғи монополия субъектілері келтірген залалдарды өтеу мақсатында уәкілетті орган белгіленген тариф (баға, алым ставкасы);
      2) негізсіз табыс - уәкілетті орган бекіткен тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша ақыны өндіріп алу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатсыз пайдалану, уәкілетті орган бекіткен мөлшерлерден бес пайыздан асатын тарифтік сметаның шығын баптарын орындамау нәтижесінде табиғи монополия субъектісі алған қосымша табыс, инвестициялық бағдарламаларды (жобаны) орындауға тарифтік сметада көзделген қаражаттардың атқарылмауы немесе мақсатсыз атқарылуы;
      3) алынып тасталды;
      4) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия аясындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және қызметтердi тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      5) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау - бекiтiлген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) және (немесе) тарифтiк сметаларда амортизациялық аударымдардың есебiнен көзделген қаражатты реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) пайдаланылатын тiркелген активтегi күрделi қаржы салымдарына және тартылған кредиттiк ресурстар бойынша негiзгi борышты қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға жұмсау.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.04.15 N 136 -НҚ,  2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрықтарымен.

2. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын)
бекіту негіздері

      5. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды)  тұтынушыларға зиян келтіретін іс-әрекеттер жасауы уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекітудің негізі болып табылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 136 -НҚ бұйрығымен.

      6. Табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға зиян келтіретін іс-әрекеттері:
      1) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтеру;
      1-1) амортизациялық аударымдардың құралдарын мақсатқа сай пайдаланбау;
      1-2) инвестициялық бағдарламаларды (жобаны) орындауға тарифтік сметада көзделген қаражаттардың атқарылмауы немесе мақсатсыз атқарылуы;
      1-3) нормативтік техникалық ысыраптардың және уәкілетті орган бекіткен шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының шектерінен жоғары шығыстар бабымен бес пайыздан астам арттыру;
      2) бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың 5 пайызынан асатын тарифтік сметаның бап бойынша орындалмауы (қаражатты пайдаланбау, оның ішінде жұмыстарды нақты орындамау);
      3) уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдардың қаражаттарын орынсыз пайдалану деп танылады.
      Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тариф қолданысқа енген күннен бастап уәкілетті орган өңірлік электр желілік компаниясына уақытша өтемдік тариф бекіту туралы шешімді осы тармақтың 1), 1-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда ғана қабылдайды.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299 -НҚ, 2005.04.15 N 136 -НҚ,  2009.02.05 N 30-НҚ, 2010.04.20 N 120-НҚ Бұйрықтарымен.

      7. Мыналардан:
      1) бекітілген тарифтік сметада ескерілетін реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) толық көлемінде және тиісті дәрежедегі сапамен орындаған жағдайда:
      реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудың барынша тиімді әдістемелері мен технологияларын енгізу;
      конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижесінде ақша қаражаттарын тиімді пайдалану есебінен;
      нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі өткізілген іс-шаралар;
      шығындарды оңтайландыру;
      1-1) бекітілген тарифтік сметаның шығын бөлігі тарифтердің шекті деңгейі қолданыста болған кезеңде төмендеген кезде:
      осы тарифтік сметаны көрсетілетін қызметтер көлемі, инвестициялық жобаны (бағдарламаны), күрделі, ағымдағы және жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерін іске асыру, салалық стандарттардың талаптарына сәйкес пайдалану шығындарының бөлігінде атқарған;
      тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептегенде көзделген тарифтік табысты алған;
      алынған қарыздарға, оның ішінде оларды қайтаруға қызмет көрсетуге арналған қаражатты жинау мақсатында жоспар-кестеге сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру алдында резервтік шотты жасаған;
      2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерін табиғи монополия субъектісінің кінәсінен тыс қысқарту, сондай-ақ басқа негіздердің есебінен алынған үнем шығын баптарын орындамауға жатпайды.
      Сонымен бірге, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға шығынның үнемін көрсетілген үнемді нақты пайдалануды растайтын материалдарды қоса бере отырып, баптар бойынша және (немесе) реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдерінің қысқарғанын растайтын материалдар:
      құзыретті органның табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізуі туралы қорытынды;
      конкурстық (тендерлік) комиссияларының хаттамалары;
      реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерін тұтынушылармен салыстыру актісін, төлеуге берілген шотты және басқа материалдар ұсынуға тиіс.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.04.15 N 136 -НҚ,  2009.02.05 N 30-НҚ, 2010.04.20 N 120-НҚ Бұйрықтарымен.
      7-1. Шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдану нәтижесінен туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың бөлігін түбегейлі пайдаланбаған кезде табиғи монополия субъектісі бұл шығындарды уәкілетті органға растаушы материалдарды ұсына отырып жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, қайта құруға және техникалық қайта жарақтандыруға жібере алады.
      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2010.04.20 N 120-НҚ Бұйрығымен.

3. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын)
бекіту тәртібі

      8. Уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) уәкілетті орган:
      1) табиғи монополия субъектісінің қызметіне жүргізілген тексерулер нәтижелерінің;
      2) тұтынушылардың өтініштері, шағымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша және жеке бастамашылығы бойынша осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген анықталған фактілердің;
      3) табиғи монополия субъектісінің уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаны орындауын талдау нәтижелерінің негізінде бекітеді.

      9. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген фактілерді анықтау және (немесе) растау үшін, уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінен қажетті ақпаратты оны ұсынудың мерзімін көрсете отырып сұратады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 136 -НҚ бұйрығымен.

      10. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат оны уәкілетті органға ұсынудан бас тарту үшін негіз бола алмайды.

      11. Уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) енгізу уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      12. Табиғи монополия субъектісі тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгізгенге дейін 10 күннен кешіктірмей жеткізуге міндетті.

      13. Уәкілетті органның табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту туралы шешімі уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.

      14. Уәкілетті органның уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      15. Уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) қолданысы кезінде табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен уәкілетті органға  тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін бекітуге өтініммен жүгінуге құқылы.
      Бұлай болғанда, жаңа тариф (баға, алым ставкасы) деңгейі негізінде алынған табыс табиғи монополия субъектісінің оның  реттеліп көрсетілетін қызметін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға келтірген залалды алып тастаумен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешім қабылдау күніне қайта қаржыландыру ставкасын ескеріп, негізсіз алынған табысының сомасына азайтылады.     
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 136 -НҚ бұйрығымен.
       15-1. Табиғи монополиялар субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін толық өтеген жағдайда табиғи монополия субъектісі уақытша өтемдік тарифті растаушы құжаттарды қоса бере отырып, уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін алып тастау туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
      Өтінішті уәкілетті орган 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды.
      Қараудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңін өзгерту туралы шешім қабылдайды, не табиғи монополия субъектісін бас тарту туралы бас тартудың себептерін көрсете отырып хабардар етеді.
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрығымен.

4. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасының)
мөлшерін есептеу тәртібі

      16. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган іс жүзінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) және табиғи монополия субъектілері жол берген тәртіп бұзушылықтар кезеңі үшін іс жүзінде алынған табыстар көлемін айқындайды.

      17. Табиғи монополия субъектісі жол берген бұрмалаушылықтар кезеңі:
      1) осы Ереженің 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда - табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган бекіткен тарифтен (бағадан, алым ставкасынан) немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша ақы өндіріп алған кездегі кезең;
      2) осы Ереженің 6-тармағының 1-1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайда - уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік смета бекіткен жыл болып есептеледі.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 136 -НҚ бұйрығымен.

      18. Осы Ереженің 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, негізсіз алынған табыс (НТ) сомасы мына формула бойынша:

НТ = (Т1-Т) х VІ, мұндағы

      Т1 - табиғи монополия субъектісі іс жүзінде қолданған көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) құны, теңге;
      Т - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шекті деңгейі, теңге;
      VІ - кемшіліктер жіберілген кезең ішінде табиғи монополия субъектісі іс жүзінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі айқындалады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 136 -НҚ бұйрығымен.

       18-1. Осы Ереженің 6-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген жағдайда, негізсіз алынған табыс (НТ) сомасы мына формула бойынша айқындалады:

НД = А нецел, мұндағы:

      А нецел - бекiтiлген тарифте және (немесе) тарифтiк сметада амортизациялық аударымдардың есебiнен көзделген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді ұсынуда пайдаланылатын тiркелген активтегi күрделi қаржы салымдарына және тартылған кредиттiк ресурстар бойынша негiзгi борышты қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға табиғи монополия субъектісімен жұмсалған қаражат, теңге.
      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 136 -НҚ бұйрығымен.

      19. Осы Ереженің 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда негізсіз алынған табыс сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:

НТ= ЕЗі, мұндағы

      Зі - бекітілген тарифтік сметада ескерілген шығындармен салыстырғанда і бабы бойынша 5 пайыздан асатын шығындарды толық игермеу, теңге.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрығымен.

      20. Негізсіз  алынған табыстың түпкілікті сомасы (НТк) шешімді қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

(100 + к)
НТк=НТ х ------------ , мұндағы
100

      НТк - уәкілетті орган бекітетін негізсіз алынған табыс сомасы, теңге;
      К - шешімді қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы, %.

      21. Табиғи монополия субъектісінің уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасының) қолданысы кезеңінде алынатын табысы жылдық амортизация сомасының елу пайызын алып тастағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін қажетті шығын құнынан төмен болмауы тиіс.
      Табиғи монополия субъектісі уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) қолдану кезеңінде алған табысты анықтау үшін, тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі (Тшек.) мынадай формула бойынша есептеледі:

                  Т х V - (П + 0,5 х А)
        Тшек. = ------------------------ , мұндағы
                             V

      Тшек - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі, теңге;
      V - бекітілген тарифтік сметада нақтыланған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі;
      П - бекітілген тарифтік сметада нақтыланған табыс, теңге;
      А - бекітілген тарифтік сметада нақтыланған жылдық амортизация, теңге.
      Ескерту: 21-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299-НҚ бұйрығымен .

      22. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) (ӨтемТ) мынадай формула бойынша айқындалады:

                  Т х V - НДк
      ӨтемТ = ---------------- , мұндағы
                      V

      ӨтемТ - уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы), теңге.
      Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299-НҚ бұйрығымен .

      23. Уақытша өтемдік тарифтің қолданыстағы кезеңін (бұдан әрі - қолданыстағы кезең) уәкілетті орган айқындайды:
      1) егер Өтем Т < Tшек. болған жағдайда, қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:

                НДк
      n = ---------------- , мұндағы
          (Т - Т шек) * V

      n - уақытша өтемдік тарифтің қолданыс кезеңі.
      Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейінің деңгейінде бекітіледі:
      ӨтемТ = Т шек;
      2) егер Өтем Т > = T шек. болған жағдайда, қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:

                   НДк
      n = ----------------------- .
      Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299-НҚ бұйрығымен .

      24. <*>
      Ескерту: 24-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299-НҚ бұйрығымен .

5. Осы Ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік

      25. Табиғи монополия субъектісі осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік тартады.

Уақытша өтемдік тарифті 
(бағаны, алым ставкасын)
бекітілген ережесіне қосымша

Уақытша өтемдік тарифті
(бағаны, алым ставкасын) есептеу үлгісі

      ТхV - НТк < ТхV  - (З - 0,5 х А)

      Бекітілген тариф (баға, алым ставкасы) Т - 8 теңге
      Бекітілген тарифте қабылданған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі V - 1000 м 3
      1. Негізсіз алынған табыс (НТ) сомасы айқындалады - 6046
      2. Шешімді қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасы айқындалады (НТк):

(100+к)                100+7,5
НТк = НТх ------------ = 6046  х ------------ = 6500 теңге,
               100                   100           мұндағы

      6 046 теңге - негізсіз алынған табыс сомасы;
      7,5 % - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы;
      6500 теңге - қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасы.
      3. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі(Тшек):

       Т х V - (П + 0,5 х А)   8 х 1000 - (500+0,5 х 3000)
Тшек.= --------------------- = ------------------------- =
                V                         1000

       8000 - 2000    6000
     = ----------- = ----- = 6 теңге/м 3 , мұндағы
          1000        1000

      500 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда;
      3000 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жылдық амортизация;
      6 теңге/м 3 - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі.
      Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299-НҚ бұйрығымен .

      4. Уақытша өтемдік тарифтің деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

         Т х V - НДк   8 х 1000 - 6500    1500
Өтем Т = ----------- = --------------  = ----- = 1,5 теңге/м3
              V              1000        1000

      1,5 теңге/м3 - уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейі.
      Ескерту: 4-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299-НҚ бұйрығымен .

      5. ӨтемТ < Т шек. екенін ескере отырып, қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:

           НДк            6500       6500
n = ---------------- = ---------- = ----- = 3,25
    (Т - Т шек) * V    (8-6)*1000    2000

      3,25 жыл (немесе 3 жыл 3 ай) - тұтынушыларға шеккен залалдарды өтеу кезеңі.
      Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) (ӨтемТ) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейінде - 6 теңге/м 3 , оның қолданыс кезеңі - 3 жыл 3 ай болып бекітілуге тиіс.
      Ескерту: 5-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299-НҚ бұйрығымен .

      6. Егер Өтем Т > Тшек. болған жағдайда, уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейімен оның қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:
      бекітілген тариф (баға, алым ставкасы) Т - 8 теңге/м 3 ,
      бекітілген тарифте (бағада, алым ставкасында) қабылданған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі V - 1000 м 3
      1) негізсіз алынған табыс (НТ) - 1350 теңге сомасында айқындалады;
      2) негізсіз алынған табыс сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (НТк) шешім қабылдаған күнге қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып былай айқындалады:

           (100 + к)           100 + 7,5
НТк = НТ х --------- = 2350 х ----------- = 1451,25 теңге, мұндағы
             100                   100

      1350 теңге - негізсіз алынған табыс сомасы;
      7,5 % - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы;
      1451,25 теңге - қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып негізсіз алынған табыс сомасы;
      3) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі былай айқындалады:

      Т х V - (П + 0,5 х А)    8 х 1000 - (500+0,5 х 3000)
Тпр.= --------------------- = --------------------------- =
               V                          1000

      8000 - 2000    6000
    = ----------- = ------ = 6 теңге/м 3 , мұндағы
         1000        1000

      500 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда;
      3000 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жылдық амортизация, теңге;
      6 теңге/м 3 - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі;
      4) уақытша өтемдік тарифтің деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

         Т х V - НДк   8 х 1000-1451,25   6548,75
Өтем Т = ----------- = ---------------- = ------- = 6,54 теңге/м 3
              V               1000         1000

      6,54 теңге/м 3 - уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейі.
      Ескерту: 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299-НҚ бұйрығымен .

      7. Өтем Т > Т шек. екені ескерілген қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:

            НДк              1451,25       1451,25
n = ----------------- = --------------- = --------- = 0,99
    (Т - ӨтемТ) * V     (8-6,54)*1000        1460

0,99 жыл (немесе 11 ай 26 күн) - тұтынушыларға шеккен залалдарды өтеу кезеңі.
      Уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) (ӨтемТ) деңгейі 6,54 теңге/м 3 құрайды, оның қолданыс кезеңі - 11 ай 26 күн.
      Ескерту: 7-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299-НҚ бұйрығымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады