"Уақытша өтемдiк тариф (баға, алым ставкасын) бекiту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 120-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6240 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 235-НҚ Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.10.14 № 235-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Уақытша өтемдiк тариф (баға, алым ставкасын) бекiту ережесiн бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2656 тіркелген) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген уақытша өтемдiк тариф (баға, алым ставкасын) бекiту ережесiнде:
      6-тармақта:
      1) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
      «1) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтеру;»;
      1-1) тармақшада «тарифтік сметада көзделген» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      «Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тариф қолданысқа енген күннен бастап уәкілетті орган өңірлік электр желілік компаниясына уақытша өтемдік тариф бекіту туралы шешімді осы тармақтың 1), 1-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда ғана қабылдайды.»;
      7-тармақта:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «шығындарды оңтайландыру;»;
      екінші бөлiгiнде «шығынның үнемін» деген сөздерден кейін «көрсетілген үнемді нақты пайдалануды растайтын материалдарды қоса бере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдану нәтижесінен туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың бөлігін түбегейлі пайдаланбаған кезде табиғи монополия субъектісі бұл шығындарды уәкілетті органға растаушы материалдарды ұсына отырып жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, қайта құруға және техникалық қайта жарақтандыруға жібере алады.».
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермакалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға                                    Н. Алдабергенов

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 декабря 2003 года № 341-ОД "Об утверждении Правил утверждения временного компенсирующего тарифа (цены, ставки сбора)"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 20 апреля 2010 года № 120-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 мая 2010 года № 6240. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 14 сентября 2012 года № 235-ОД

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по статистике от 14.09.2012 № 235-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 14-1 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях и регулируемых рынках" и подпунктом 6) пункта 21 Положения об Агентстве Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года № 943, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 декабря 2003 года № 341-ОД "Об утверждении Правил утверждения временного компенсирующего тарифа (цены, ставки сбора)" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2656) следующие изменения и дополнения:
      В Правилах утверждения временного компенсирующего тарифа (цены, ставки сбора), утвержденных указанным приказом:
      в пункте 6:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) незаконное завышение тарифа (цены, ставки сбора) или его предельного уровня;";
      в подпункте 1-1) слова ", предусмотренных тарифной сметой" исключить;
      дополнить частью второй следующего содержания:
      "Со дня введения в действие тарифа с применением метода сравнительного анализа уполномоченный орган принимает решение об утверждении временного компенсирующего тарифа региональной электросетевой компании только в случаях, предусмотренных подпунктами 1), 1-1) настоящего пункта.";
      в пункте 7:
      подпункт 1) дополнить абзацем следующего содержания:
      "оптимизации затрат;";
      часть вторую после слов "экономию затрат" дополнить словами "с приложением материалов, подтверждающих фактическое использование указанной экономии,";
      дополнить пунктом 7-1 следующего содержания:
      "7-1. При недоиспользовании части затрат, заложенных в тарифной смете, возникших в результате оптимизации затрат или применения более эффективных методов и технологий предоставления регулируемых услуг, субъект естественной монополии может направить эти затраты на создание новых, расширение, восстановление, обновление, поддержку, реконструкцию и техническое перевооружение производственных активов с предоставлением подтверждающих материалов в уполномоченный орган.".
      2. Департаменту стратегического планирования и сводного анализа Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Ермакалиева Л.С.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту административной работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Есиркепов Е.О.) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:
      1) обеспечить в установленном законодательством порядке его опубликование в официальных средствах массовой информации;
      2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Смагулова К.М.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Председатель                               Н. Алдабергенов