Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2013 № 249 қаулысымен (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 8 тармағының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандары (бұдан әрі – нысандар) бекiтiлсiн.
2. Екінші деңгейдегі банктер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынылып отырған деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысандарды электрондық тасымалдауышта ұсынады.
Банктер уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұрату алынған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей нысандарды қағаз тасымалдағышта ұсынады.
Электронды тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдейлігін банк басқармасының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2011.10.28 № 170 Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
Агенттік Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмiлелерi туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекiту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 134 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4298 тіркелген) қаулысы;
Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, 2007 жылғы мамыр-шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) қаулысының 21-тармағы;
Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 134 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5387) тіркелген қаулысы.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрағаның міндетін атқарушы Қ. Қожахметов
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 15 шілдедегі
№ 108 қаулысының
1-қосымшасы
1-нысан
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2011.10.28 № 170 Қаулысымен.
______________
(банк атауы)
банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған,
сондай-ақ 201 жылғы "___" жағдай бойынша қолданыстағы мәмілелер туралы ақпарат
№ |
Тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты) |
Бизнес сәйкестендiру нөмiрi (заңды тұлға үшiн), жеке сәйкестендiру нөмiрi (жеке тұлға үшiн) немесе салық төлеушінің тіркелу нөмiрi |
Тұлғаның резиденттігі |
Тұлғаның банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жатқызылған белгісі |
Мәміленің мақсаты |
Операция түрі |
Валюта түрі |
Шарт бойынша мәміле сомасы (мың теңгемен) |
Шарттың жасалу күні (талаптарын орындай бастаған күн) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1. Заемдар беру |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
2. Заемдар алу |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
3. Депозитті орналастыру |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
4. Депозитті қабылдау |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
5. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалар шығарған қаржы құралдарын сатып алу |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
6. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалардан бағалы қағаздарды сатып алу (банкке қарсы агенттi анықтауға мүмкiндiк бермейтiн тәсiлдермен ұйымдасқан нарықта жасалған мәмiлелерді қоспағанда) |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
7. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға бағалы қағаздарды сату (банкке қарсы агенттi анықтауға мүмкiндiк бермейтiн тәсiлдермен ұйымдасқан нарықта жасалған мәмiлелерді қоспағанда) |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
8. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалардан қайта сату талаптарымен бағалы қағаздарды сатып алу (банкке қарсы агенттi анықтауға мүмкiндiк бермейтiн тәсiлдермен ұйымдасқан нарықта жасалған мәмiлелерді қоспағанда) |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
9. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қайта сатып алу талаптарымен бағалы қағаздарды сату (банкке қарсы агенттi анықтауға мүмкiндiк бермейтiн тәсiлдермен ұйымдасқан нарықта жасалған мәмiлелерді қоспағанда) |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
10. Туынды қаржы құралдарын сатып алу |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
11. Туынды қаржы құралдарын сату |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
12. Шетел валютасын сатып алу (спот, форвард) |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
13. Шетел валютасын сату (спот, форвард) |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
14. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қабылданған реттелген борыш |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
15. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаға берілген реттелген борыш |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
16. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғадан мүлікті сатып алу |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
17. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғадан мүлікті кепілге қабылдау |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
18. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті сату |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
19. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалар шығарған қаржы құралдарын кепілге қабылдау |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
20. Банктің банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаға болашақ талабы |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
21. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаның пайдасына берілген кепілдіктер |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
22. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғадан кепілдіктерді қабылдау |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
23. Банктің банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша төлеген сақтандыру сыйлықақылары (жарналары) |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
24. Банктің банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымынан алған сақтандыру төлемдері |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
26. Банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғадан алынған аккредитивтер |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
27. Мәмілелердің өзге де түрлері (көрсетілуі жоғарыда көзделмеген мәмілелер) |
|||||||||
Жиынтығы |
|||||||||
Барлығы |
кестенің жалғасы
Шарт қолданылуының аяқталу күні (талаптарын орындауды аяқтау күні) |
Шарт талаптары бойынша қамтамасыз ету |
Есептелген сыйақы (жылдық пайызбен) |
|||||
түрі |
құны (мың теңгемен) |
Қайта бағалауды ескергендегі қамтамасыз етудің ағымдағы құны (мың теңгемен) |
Балмен есептегенде қамтамасыз етудің сапасы |
банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаның банктің пайдасына |
банктің банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаның пайдасына |
банктің ішкі құжаттарына сәйкес |
|
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
кестенің жалғасы
Есепті күнге ағымдағы қалдық |
Жіктелу санаты |
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған провизиялар сомасы |
Уәкілетті органның талаптарына сәйкес құрылған провизиялар сомасы |
Банктің директорлар кеңесі не акционерлердің жалпы жиналысы (директорлар кеңесі болмаған жағдайда) шешімінің деректемелері |
Есептелген кірістер/шығыстар |
Ескерту |
||||
Сомасы (мың теңгемен |
Баланстық шот) |
Сомасы (мың теңгемен) |
Баланстық шот |
|||||||
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
||
Банктің онымен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасаған операцияларының әрбір түрі бойынша сомасы жиынтығында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні мен әдістемесінің есебі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) сәйкес есептелетін банктің меншікті капиталының мөлшерінен 0,001 пайыз аспайтын, банктің онымен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелерінің жалпы сомасы 201 _____ жылғы "___"
____ жағдай бойынша __________ мың теңге болады.
Банктің банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымында сақтандырылған клиенттері заемдарының жалпы сомасы есепті күндегі жағдай бойынша
__________ мың теңге болады.
Банк банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға есепті кезең ішінде жеңілдік берілген талаптардың ұсынылмағанын және банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен осы ақпаратта көрсетілгендерді қоспағанда басқа мәмілелер жүзеге асырылмағандығын растайды.
Бірінші басшы (ол жоқ болған _____________ Бас бухгалтер ____________
кезеңде - оның орнындағы тұлға)
Орындаушы: ______________ Мөрге арналған орын:
Кестені толтыру бойынша нұсқаулар:
1) кестеде тиісті есепті күндегі жағдай бойынша банктің онымен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасаған операцияларының әрбір түрі бойынша сомасы жиынтығында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні мен әдістемесінің есебі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) сәйкес есептелетін банктің меншікті капиталының мөлшерінен 0,001 пайыз асатын, банктің онымен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған барлық мәмілелері туралы, оның ішінде кестеде көрсетілген мәмілелер (бірақ олармен шектелместен) туралы мәліметтер көрсетіледі;
2) егер мәміле талаптарында қамтамасыз етудің болуы, сыйақы төлеу немесе провизияларды есептеу болжанбайтын болса, онда 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 22, 23-бағандар толтырылмауы тиіс;
3) 2-бағанда жеке тұлға үшін тегі, аты міндетті түрде, әкесінің аты - бар болғанда көрсетіледі;
4) 15-бағанда баллмен есептегенде қамтамасыз етудің сапасы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес бағаланады;
5) 25-бағанда ағымдағы жылдың басынан бастап жинақталған, есептелген кіріс/шығыс сомасы көрсетіледі;
6) "23. Банктің банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша төлеген сақтандыру сыйлықақылары (жарналары)» деген жол бойынша 9-бағанда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 15 шілдедегі
№ 108 қаулысының
2-қосымшасы
2-нысан
201 __ жылғы "__" ______ жағдай бойынша ____________
(банк атауы)
банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалар
тізілімі
№ |
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (заңды тұлға үшiн), жеке сәйкестендiру нөмiрi (жеке тұлға үшiн) немесе салық төлеушінің тіркелу нөмiрi |
Тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты) |
Тұлғаның банкпен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жатқызылған белгісі |
1 |
2 |
3 |
4 |
Бірінші басшы (ол жоқ болған
кезеңде – оның орнындағы тұлға) ________________________
Бас бухгалтер ________________________
Орындаушы: ________________________
Мөрге арналған орын: