Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 24.09.2013 № 175/23-V шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер және шерулер өткізу және ұйымдастыру туралы» заңның 10-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 161/30-ІІ «Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 5 маусымда № 206 тіркелген, 2002 жылғы 15 маусымда № 69 «Вечерняя Астана», 2002 жылғы 20 маусымда № 82 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «Окан Атрико» ААҚ (3 шағын аудан)» сөздері «А. Пушкин көшесі мен Ш. Құдайбердіұлы даңғылының қиылысындағы шағын гүлбақ» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы Ю. Келигов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин