"Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы N 161/30-ІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 358/48-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 02 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 635 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 175/23-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 24.09.2013 № 175/23-V шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер және шерулер өткізу және ұйымдастыру туралы» заңның 10-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 161/30-ІІ «Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 5 маусымда № 206 тіркелген, 2002 жылғы 15 маусымда № 69 «Вечерняя Астана», 2002 жылғы 20 маусымда № 82 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы «Окан Атрико» ААҚ (3 шағын аудан)» сөздері «А. Пушкин көшесі мен Ш. Құдайбердіұлы даңғылының қиылысындағы шағын гүлбақ» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                   Ю. Келигов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады