Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 175/23-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 01 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 789 болып енгізілді

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер өткізу орындары болып келесі аумақтар белгіленсін:
      А. Пушкин көшесі мен Ш. Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы шағын гүлбақ;
      «Жерұйық 1» саябағының солтүстік-батысындағы алаң.
      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Астана қаласы мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Е. Сыдықов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының 
2013 жылғы 24 қыркүйектегі 
№ 175/23-V шешіміне     
қосымша            

Астана қаласы мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 161/30-ІІ «Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 5 маусымда № 206 болып тіркелген, 2002 жылғы 20 маусымдағы № 82 «Астана ақшамы», 2002 жылғы 15 маусымдағы №69 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      2. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 65/10-ІV «Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 161/30-ІІ «Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 25 сәуірде № 527 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырдағы №55 «Астана ақшамы», 2008 жылғы 6 мамырдағы №52 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      3. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 358/48-ІV «Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 161/30-ІІ «Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 2 шілдеде № 635 болып тіркелген, 2010 жылғы 10 шілдедегі № 74 «Астана ақшамы», 2010 жылғы 10 шілдедегі № 79 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады