Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 24.09.2013 № 175/23-V шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Астана қаласы әкімиятының бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу жөніндегі ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырудың тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2126 U952126_ Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы Мәслихатының 2008.03.28 N 65/10-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
1. Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізетін орындар болып мына ғимараттардың маңындағы аумақтар белгіленсін:
"Газсервис" ПКФ (Екінші Нагорная көшесі, 1)
А. Пушкин көшесі мен Ш. Құдайбердіұлы даңғылының қиылысындағы шағын гүлбақ.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы Мәслихатының 2010.05.28 N 358/48-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
2. Осы бұйрық Әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Астана қалалық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қалалық мәслихаты
хатшысының міндетін
атқарушы