"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 308 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 ақпандағы № 21 "Астана хабары"; 2004 жылғы 27 наурыздағы № 34 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру Қағидасында (бұдан әpi - Қағида):
10-тармақтың 3) тармақшасы "дейін" деген сөзден кейін "(медицина оқу орындарының түлектері үшін 29 жасқа дейін)" деген сөздермен толықтырылсын;
Қағидаға 1-қосымшада:
3-тармақтың 1-2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
"1-2) жұмыссызды жұмысқа қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде Басқармаға еңбек шартының көшірмесін және/немесе жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, жеке куәліктің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодтың, жұмыссыздың жинақтаушы зейнетақы қоры шартының көшірмелерін ұсыну;";
3-тармақтың 11) тармақшасында "есептік айдың аяқталуына 5 күн қалғанда" деген сөздер "есептік кезеңнен кейінгі әр айдың бeciнe дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақты "шарттар" деген сөзден кейін ", Жұмыс беруші ұсынған жастар тәжірибесіне қатысатын жұмыссыздар жөнінде мәліметтердің" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тарауда Басқарманың заңдық мекен-жайы мен деректемелері келесі редакцияда жазылсын:
"Астана қаласының Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Астана қаласы, Ш. Иманбаева көшeci, 16
СТН _________________________
БИН _________________________
БЖК _________________________
ББК _________________________";
Қағидаға 3-қосымшада:
2-тармақтың 1) тармақшасында "және аяқталғаннан кейін Басқармаға оның өтуі туралы сын-пікір (кепілдеме хат) беруге" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тарауда Басқарманың мекен-жайы мен деректемелері мына редакцияда мазмұндалсын:
"473000, Астана қаласы
Ш. Иманбаева көшeci, 16
"Астана қаласының Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
СТН _________________________
БИН _________________________
БЖК _________________________
ББК _________________________";
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу Қағидасында:
3-тармақтың бірінші азат жолы алынып тасталсын.
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары A.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім | И. Тасмағамбетов |