"Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 18 тамыздағы N 23-754қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 20 қыркүйекте нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 648 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 01.02.2017 № 158-158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 308 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 ақпандағы № 21 "Астана хабары"; 2004 жылғы 27 наурыздағы № 34 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру Қағидасында (бұдан әpi - Қағида):
      10-тармақтың 3) тармақшасы "дейін" деген сөзден кейін "(медицина оқу орындарының түлектері үшін 29 жасқа дейін)" деген сөздермен толықтырылсын;
      Қағидаға 1-қосымшада:
      3-тармақтың 1-2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "1-2) жұмыссызды жұмысқа қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде Басқармаға еңбек шартының көшірмесін және/немесе жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, жеке куәліктің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодтың, жұмыссыздың жинақтаушы зейнетақы қоры шартының көшірмелерін ұсыну;";
      3-тармақтың 11) тармақшасында "есептік айдың аяқталуына 5 күн қалғанда" деген сөздер "есептік кезеңнен кейінгі әр айдың бeciнe дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақты "шарттар" деген сөзден кейін ", Жұмыс беруші ұсынған жастар тәжірибесіне қатысатын жұмыссыздар жөнінде мәліметтердің" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тарауда Басқарманың заңдық мекен-жайы мен деректемелері келесі редакцияда жазылсын:
      "Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы" мемлекеттік мекемесі
      Астана қаласы, Ш. Иманбаева көшeci, 16
       СТН _________________________
       БИН _________________________
       БЖК _________________________
       ББК _________________________";
      Қағидаға 3-қосымшада:
      2-тармақтың 1) тармақшасында "және аяқталғаннан кейін Басқармаға оның өтуі туралы сын-пікір (кепілдеме хат) беруге" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тарауда Басқарманың мекен-жайы мен деректемелері мына редакцияда мазмұндалсын:
      "473000, Астана қаласы
      Ш. Иманбаева көшeci, 16
      "Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы" мемлекеттік мекемесі
       СТН _________________________
       БИН _________________________
       БЖК _________________________
       ББК _________________________";
       жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу Қағидасында:
      3-тармақтың бірінші азат жолы алынып тасталсын.
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары A.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Әкім
И. Тасмағамбетов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады