Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 26.04.2013 № С-15/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № С – 11/6«Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық қызметтер мен телефондық абоненттік байланыс қызметтерін пайдалану үшін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-81 тіркеліп, 2009 жылғы 13 ақпанда аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2009 жылғы 14 ақпанда аудандық «Сельская Новь» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда баяндалсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларының негізінде».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А. Ғапбасов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы М. Исажанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола обылысы
Еңбекшілдер ауданының
әкімі Т. Хамитов
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Т. Әбуова
«Қаржы бөлімі»мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Бекенова
«Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Р. Нұрғалиев