Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011.03.04 № а-2/69 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жақсы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 ақпандағы № А-1/17 «Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-13-106 тіркелген, 2010 жылдың 19 наурызында «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармақ тармақшамен толықтырылсын:
6) Орта және алғашқы кәсіби оқу орындарының түлектері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы: С.Өтешев