"Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Жақсы ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 9 ақпандағы № А-1/17 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 2 шілдедегі № А-6/152 қаулысы. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 тамыздағы № 1-13-115 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № а-2/69 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011.03.04 № а-2/69 қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жақсы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 ақпандағы № А-1/17 «Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-13-106 тіркелген, 2010 жылдың 19 наурызында «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      1 тармақ тармақшамен толықтырылсын:
      6) Орта және алғашқы кәсіби оқу орындарының түлектері.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы:                         С.Өтешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады