Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012.04.12 № С-4/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Ескерту. Атауғы өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2011.04.06 № С-37/5 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) мерекелік күндерге әлеуметтік төлемдер:
Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күнінің мерекеленуіне және мерейтойлық күндерге орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 10 айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күнінің мерекеленуіне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдік бойынша теңестірілген тұлғаларға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне қажетті мұқтаждығын қамтамасыз етуге - 40 айлық есептік көрсеткішке дейін;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы мінсіз әскери қызмет пен адал еңбек еткен үшін бұрыңғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендері мен медалдарымен марапатталған тұлғаларға, және де 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (әскери қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда мінсіз әскери қызмет пен адал еңбек еткен үшін бұрыңғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендері мен медалдарымен марапатталмаған тұлғаларға - 3 айлық есептеткіш көрсеткіш;
2) отбасының (азаматтың) ортажандық кірісіне қарамастан әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға):
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 3 айлық есептік көрсеткіш;
1 және 2 топтардағы мүгедектерге – 8 айлық есептік көрсеткішке дейін;
3 топтағы мүгедектерге – 5 айлық есептік көрсеткішке дейін;
медициналық мекемелерге емделуге, операцияға жіберілген 1 топтағы мүгедектерді, мүгедек балаларды жетелеген тұлғаларға – жол жүру құжатының негізінде темір жол, қалааралық автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жөнелу станциясынан емделу және/немесе операция жүргізілетін орынға дейінгі жол шығынынан (екі жаққа) - 100 пайыз;
отбасыларға (азаматтарға) өрт, су тасқыны, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы зілзалалық апаттар сияқты айрықша жағдайларда - 40 айлық есептік көрсеткішке дейін;
мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 1, 2 топтағы мүгедектерге негізгі құралдар (кресло-арбалар) сатып алуға – 50 айлық есептік көрсеткішке дейін;
мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге емделуге - 40 айлық есептік көрсеткішке дейін;
мүгедектердің жарыстарға қатысуына – 5 айлық есептік көрсеткішке дейін;
туберкулезбен ауыратындарға, амбулаторлық емделудегілерге, денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрғандарға – 10 айлық есептік көрсеткіш;
3) шұғыл әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен (әрі – қарай - аз қамтылған отбасылар (азаматтар)), азаматтардың өтініші бойынша - 8 айлық есептік көрсеткішке дейін.
1-1. Шортанды ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2011 жылы келесі көлемде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) орта жандық кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамсыздандырылған азаматтарға (отбасыларға) – айлық есептік көрсеткіштің елу пайыз көлемінде;
2) екінші әлемдік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерлер, гетто және басқа мәжбүрлі орындарда ұсталған кәмелетке толмаған тұтқындарға - бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
Ескерту. 1-тармаққа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2010.10.14 № С-31/4 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2011.04.06 № С-37/5(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен
2. Уәкілетті орган – Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттарға біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Г.Астафьева
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г.Скирда
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі С.Қамзебаев
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекеменің бастығы Ж.Мұнтаева
«Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы О.Мут