Аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/4 "Шортанды ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек туралы" шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 сәуірдегі № С-37/5 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 сәуірде № 1-18-132 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № С-4/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012.04.12 № С-4/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/4 шешіміне (нормативік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-108 тіркелген, 2010 жылғы 24 сәуірде «Вести» және 2010 жылғы 24 сәуірде «Өрлеу» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің атауындағы «бір жолғы» сөзі алынсын;
      екінші азатжолда 1 тармақтың 1) тармақшасындағы «10» саны «5» санына ауыстырылсын;
      1-1 тармағымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «1-1. Шортанды ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2011 жылы келесі көлемде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) орта жандық кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамсыздандырылған азаматтарға (отбасыларға) – айлық есептік көрсеткіштің елу пайыз көлемінде;
      2) екінші әлемдік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерлер, гетто және басқа мәжбүрлі орындарда ұсталған кәмелетке толмаған тұтқындарға - бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде.»;
      1 тармақ келесі мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы мінсіз әскери қызмет пен адал еңбек еткен үшін бұрыңғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендері мен медалдарымен марапатталған тұлғаларға, және де 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (әскери қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда мінсіз әскери қызмет пен адал еңбек еткен үшін бұрыңғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендері мен медалдарымен марапатталмаған тұлғаларға - 3 айлық есептеткіш көрсеткіш;»
      2. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               Г.Скирда

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Шортанды ауданының әкімі                   С.Қамзебаев

      Шортанды ауданының «Экономика
      және қаржы бөлімі» ММ бастығы              Е.Рысьева

      Шортанды ауданының «Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімін» ММ бастығы                        Ж.Мунтаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады