Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/4 "Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 қазандағы № С-31/4 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қарашада № 1-18-122 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № С-4/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012.04.12 № С-4/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылдың 26 ақпандағы № С-24/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-108 тіркелген, 2010 жылдың 24 сәуірінде аудандық «Вести» және 2010 жылдың 24 сәуірінде «Өрлеу» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне қажетті мұқтаждығын қамтамасыз етуге» - 40 айлық есептік көрсеткішке дейін.
      2. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы                            Н.Ткаченко

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Г.Скирда

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімі                                С.Қамзебаев

      Шортанды ауданының
      «Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        О.Мут

      Шортанды ауданының
      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж.Мұнтаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады