Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда № 1-19-178 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № С-40/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 12.23 № С-40/15 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек берілсін:
      бір жолғы материалдық көмек отбасының (азаматтардың) табысын есептемей беріледі:
      1) жерлеуге:
      қайтыс болған балаға;
      қайтыс болған жұмыссыз азаматтарға, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту уәкілетті органында есепте тұрса - он айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді. Өтініш қайтыс болған күннен 6 ай ішінде берілуі қажет;
      2) ауданның тұрмысы төмен отбасынан және ауылды жерде тұратын көпбалалы отбасынан шыққан, колледждерде оқитын студенттерге оқуы үшін жылдық төлем мөлшерінде;
      3) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақтану үшін 5000 теңге көлемінде;
      4) мүгедектер мен мүгедек балаларға Қазақстан Республикасының тиісті медициналық мекемелерінде емделуге немесе тексерілуге бару – келу жолақысы жол жүру билеті негізінде төленеді
      5) Жеңіс Күніне арналған бір жолғы ақшалай төлемдер:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне – 5000 (бес мың) теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 3000 (үш мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне – 3000 (үш мың) теңге;
      «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталғандарға – 3000 (үш мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік социалистік республикалар одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға – 3000 (үш мың) теңге.
      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюдың жылдығына - Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысу себебінен мүгедек болған тұлғаларға - 5000 (бес мың) теңге.
      6) комиссияның анықтауы бойынша өрт болғанда шығын дәрежесін есепке алумен отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту мен толықтырулар енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2010.10.29 № С-28/2 (қолданысқа енгізу тәртібін  2-тармақтан қараңыз); 2011.04.08 № С-32/3 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2011.07.07 №  С-33/19 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен 
      2. Отбасының ай сайынғы табысы есептелмей берілетін көмек:
      1) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерінде, геттоларында және басқа да күшпен ұстаған жерлерінде жасы кәмелетке жетпеген тұтқындарына–бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, дәрігерлік сараптама коммисиясының шешімі бойынша подгузник алуға – 5000 теңге мөлшерінде;
      3) мүгедек балалардың емдеу мекемелеріне баруы үшін, қала бойынша ақысыз жүруіне;
      3. Щучье аудандық маслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-141 тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтарда «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) 2008 жылғы 13 қарашадағы № С–9/3, Щучье аудандық маслихатының «Щучье аудандық маслихатының 2008 жылғы 13 қарашадағы № С–9/3 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-141 тіркелген, 2009 жылғы 18 маусымында «Бурабай» және «Луч» газетерінде жарияланған) 2009 жылдың 24 сәуірдегі № С–13/14, күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан туындаған қатынастарға таралады.
      5. Осы шешім Ақмола облысы Бурабай аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XXV сессиясының төрағасы                   Н.Туманова

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Г.Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Бурабай ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы               О.Шестибрат

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Н.Балахонцев

      «Бурабай ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г.А.Тінәлинова

      «Бурабай ауданының
      қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В.И.Корнеева

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 13 апреля 2010 года № С-25/4. Зарегистрировано Управлением юстиции Бурабайского района Акмолинской области 21 мая 2010 года № 1-19-178. Утратило силу - решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 23 декабря 2011 года № С-40/15

      Сноска. Утратило силу - решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 23.12.2011 № С-40/15 (вводится в действие со дня официального опубликования)
      В соответствии статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан Бурабайского района:
      единовременная материальная помощь оказывается без учета доходов семьи (граждан) на:
      1) погребение:
      умершего ребенка;
      умерших безработных граждан, если умерший на день смерти состоял на учете в уполномоченном органе по вопросам занятости в размере десяти месячных расчетных показателей, если обращение за ней последовало не позднее 6 месяцев со дня смерти умершего;
      2) оплату за учебу в колледжах студентам из малообеспеченных семей района и многодетных семей сельской местности, в размере годовой оплаты за учебный год.
      3) дополнительное питание больным туберкулезом на период амбулаторного лечения в размере 5000 тенге;
      4) проезд инвалидам и детям – инвалидам нуждающимся в лечении или обследовании в соответствующих медицинских учреждениях Республики Казахстан на основании проездных билетов;
      5) единовременные денежные выплаты ко Дню Победы:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны – 5000 (пять тысяч) тенге;
      бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны – 3000 (три тысячи) тенге;
      не вступившим в повторный брак вдовам воинов погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне – 3000 (три тысячи) тенге;
      гражданам, награжденным медалью «За оборону Ленинграда» и знаком «Житель блокадного Ленинграда» - 3000 (три тысячи) тенге;
      лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза советских социалистических республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 3000 (три тысячи) тенге.
      К годовщине ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции – лицам, ставшими инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции – 5000 (пять тысяч) тенге.
      6) компенсацию при пожаре с учетом степени ущерба по определению комиссии в размере тридцати пяти месячных расчетных показателей
      Сноска. Пункт 1 с изменениями и дополнениями, внесенными решениями Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 29.10.2010 № С-28/2 (порядок введения в действие см. п. 2); от 08.04.2011 № С-32/3 (порядок введения в действие см. п. 2); от 07.07.2011 № С-33/19 (вводится в действие со дня официального опубликования)
      2. Ежемесячно, без учета дохода семьи:
      1) бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны в размере одного месячного расчетного показателя;
      2) участники Великой Отечественной войны, по заключению врачебно-консультативной комиссий, на приобретение подгузников в размере 5000 тенге;
      3) детям-инвалидам на бесплатный проезд по городу для посещения медицинских учреждений.
      3. Признать утратившими силу:
      решение Щучинского районного маслихата «Об утверждении правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающимся граждан» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-19-141, опубликованных 15 января 2009 года в газетах «Бурабай» и «Луч») от 13 ноября 2008 года № С-9/3;
      решение Щучинского районного маслихата «О внесении изменений и дополнений в решение Щучинского районного маслихата от 13 ноября 2008 года № С-9/3 «Об утверждении правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающимся граждан» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-19-156, опубликованных 18 июня 2009 года в газетах «Бурабай» и «Луч») от 24 апреля 2009 года № С-13/14.
      4. Данное решение распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2010 года.
      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в управлении юстиции Бурабайского района Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель XXV сессии
      районного маслихата                        Н.Туманова

      Секретарь
      районного маслихата                        Г.Марченко

      «СОГЛАСОВАНО»

      Исполняющий обязанности
      начальника государственного
      учреждения «Отдел занятости и
      социальных программ
      Бурабайского района»                       О.Шестибрат

      Аким Бурабайского
      района                                     В.Н.Балахонцев

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел экономики и
      бюджетного планирования
      Бурабайского района»                       Г.А.Тналинова

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел финансов
      Бурабайского района»                       В.И.Корнеева