Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 "Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәлихатының 2010 жылғы 29 қазандағы № С-28/2 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 желтоқсанда № 1-19-185 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № С-40/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 12.23 № С-40/15 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-178 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымда «Бурабай» газетінде, 2010 жылғы 3 маусымда «Луч» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 2 тармақшасы келесі редакцияда берілсін:
      «ауданның тұрмысы төмен отбасынан және ауылды жерде тұратын көпбалалы отбасынан шыққан, колледждерде оқитын студенттерге оқуы үшін жылдық төлем мөлшерінде».
      2. Осы шешім Ақмола облысы Бурабай аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XXVIII сессиясының төрағасы                Б.Қойшыбаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Г.Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

      «Бурабай ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ш.Бостамбаева

      «Бурабай ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г.А.Тінәлинова

      «Бурабай ауданының
      қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В.И.Корнеева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады